Ежелгі Египет



Дата07.01.2022
өлшемі5,48 Mb.
#17561
түріСабақ

5- СЫНЫП ДҮНИЕ ТАРИХЫ

Сабақтың тақырыбы:

Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды?

§28, 88- бет

Сабақтың оқу мақсаты:

  • 5.3.2.1 – ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;
  • 5.3.1.1– ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін анықтау;

Бұл сабақта не білеміз?
  • Ежелгі Римде биліктің қандай болғанына түсініктеме береміз?
  • Рим жауынгерлерінің қаруын сипаттаймыз
  • Рим империясының қалай қалыптасқанын түсінеміз

“Қара су”

Бағалау критерий:

Рим империясының басқару жүйесі мен территориясын анықтау





Негізгі ұғымдар : Республика, империя

Талқылауға арналған сұрақтар:

Архитектура ескерткіштері Ежелгі Римнің күш-қуатын қалай айқындайды?



!Ой шақыру»әдісі бойынша

«Ежелгі Рим тарихы жайлы» картадан нені байқадыңдар?

1 тапсырма: 88 бет Мәңгі қала «Шаршы» әдісі – мәтінмен жұмыс мәтінді жеке, оқып, талдаймыз; «Ежелгі Римнің тарихы–дүниежүзі тарихының маңызды кезеңінің бірі болып саналады. Римнің негізі б.з.д.754–753 жж. қаланды. Қалада ежелгі ғимараттардың қираған бөліктері қазіргі күнге дейін сақталған. Бірегей ескерткіштердің бірі – Колизей. Колизей – бұл рим амфитеатры. «Ам- фитеатр» сөзі –«ойын-сауыққа арналған орын» деген мағынаны білдіреді

Сұрақ Ойланыңдар: Архитектура ескерткіштері ежелгі Римнің күш-қуатын қалай айқындайды?

2 мәтін «ЕЖЕЛГІ РИМДЕГІ БИЛІК»  Б.з.д. VIII–VI ғғ. Римді патша басқарды. Елдің алғашқы патшасы Ромул болды. Оған ақ- сақалдар кеңесінен құралған Сенат бағынды. Б.з.д. 510 ж. өзінің қатыгездігінің салдарынан соңғы Рим патшасы Тарквиний биліктен қуылды. Осыдан кейін Римді екі консул басқарды. Консулдардың біреуінің күшеюіне жол бермеу үшін олардың құқықтары теңестірілді. Консулдарды халық жиналысы бір жыл мерзімге сайлады. Олар Сенаттың жұмысына басшылық етті. Сонымен Рим ре­спубликаға айналды. Заңдар халық жиналы- сында талқыланып, сенатта бекітілді.


89 беттегі 3 мәтінмен танысамыз

«ЕЖЕЛГІ ӘЛЕМНІҢ ҰЛЫ ӘСКЕРІ»

Густота


Триарилр

Велиттер


Жеңіл қаруланған рим жауынгерлері

Принциптер



Тапсырма


  • Берілген суреттердегі заттарды анықтап, бос орындарға атауын жазыңыз. 90 бетті ашып,жауап береміз

Гастрофет (арбалет) – адамның қарнына тіреп ататын садақ. Ол ағаштан жасалған бірнеше тақтайшадан құралды. Садақтың төменгі жағы тіс тәрізді болған. Үстіңгі тақтайша сырғанап, садақтың адырнасына ілінген.    Гастрофет


Онагр – ежелгі артиллериялық қару түрі. Құрылғы ұзын жіпке бекітілген лақтырғыш иіннен құралады. Оқ осы иіннің аяқ жағына орналастырылған. Онагр

Сарышаян (скорпион) – катапульттің түрі. Оның негізгі бөлігі таяныштан тұрады. Таяныштың көмегімен қаруды бұруға және бүгуге болатын.

Рим жаулаушылық соғыстардың нәтижесінде ұлы империяға айналды. Ал, енді Римнің әскери тарихының кейбір белгілі оқиғаларын қарастырайық. Олар бізге сол заманның оқиғаларының көрінісін түсінуге көмектеседі.

 

Рим сарышаяны



Тапсырма:

Бұл қару түрлері Ежелгі Рим империясына не үшін қажет болды?

Сабақты бекіту:

  • Біз бүгінгі сабағымыздаЕжелгі Римде биліктің қандай болғанын білдік
  • Рим жауынгерлерінің қаруына сипаттама бердік
  • Рим империясының қалай қалыптасқанын түсіндік

Үйге тапсырма:

Неге Римде бірнеше басқару жүйесі болды?

Кестені сызамыз, түсінгенмізді дәтерге жазамыз.Ол үшін оқулықтарынның 91 беттін пайдаланамыз

Кері байланыс:



«Көз, қол, жүрек» әдісі бойынша

«Көз» - мен бүгінгі сабақта оқып, білдім



«Қол» - мәтінмен жұмыстың маған қандай қол көмегі тиді

«Жүрек» - бүгінгі сабаққа тілегім

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет