Ежелгі Грекия



Дата18.12.2023
өлшемі356,54 Kb.
#140620

«Alikhan Bokeikhan University»ББМ
Гуманитарлық факультет
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
СӨЖ
Пәні:Еж.джт
Тақырыбы: Ежелгі Грекия мәдениет
Орындаған:Ақылбаева Ақбота Қанатқызы
Тексерген:Кадырова Гульнур Канатовна

2023 ж.
Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.


Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.
Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде батыс философияның архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.
Eжелгі Грецияда экспрессивті мүсіннің аркасын бақылаy.
Бұл алты мүсіншілер (Мирон, Фидиас, Поликлит, Прахителес, Скопас және Лисиппс) ежелгі Грециядағы ең танымал суретшілердің бірі. Олардың көпшілігі Римде және одан кейінгі көшірмелерде өмір сүрген жағдайдан басқа жоғалып кетті. 
Археикалық кезеңдегі өнер стильдендірілген, бірақ классикалық кезеңде шынайы болды. Кешкі классикалық кезең мүсін үш өлшемді болды, ол барлық жағынан қаралды.

Ежелгі грек театры
Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен сахналық қимыл- әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Сондықтан да б.з.д. 534 жыл әлем театрының туған жылы деп саналады. Ақын Феспид хордан ерекше орындаушыны — актерді бөліп шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші актер — протагонист келді. Хор басшысы — корифей бастаған хор 12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек драмасы өзінің даму процесінде діни әдет-ғұрыптардан бірте-бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек мифтеріндегі материалды молынан пайдаланды
Қазір біз қолданатын "трагедия" және "комедия" сөздері Ежелгі Грекияда өткен мерекелерден шыққан. "Трагедия" сөзі гректің екі сөзінен алынған: "трагос" — теке және "одэ" — өлең, ән, яғни "текелер әні" деген ұғымды береді. Бұл ат бізді Дионистің серіктері — сатирлерге әкеледі. Сатирлер адам мен текенің қосындысынан тұрады: денесі адамдікі болғанымен, текенің мүйізі, сақалы, тұяқтары, құйрығы, жүні, т.б. белгілерін жапсырып алған.
Гректерде діни нанымдар б.з.б XI-IX ғасырларда пайда болған.Халық ауа райының тосын және ауыр жағдайларын құдайлардың ісі деп есептеген. Құдайлар бірдей мейірімсіз, мейірімді бола алады деп сенген-мыс. Олар 46 - ға жуық құдайларға сенген. Халық оларды Олимп тауының шыңында, өз сарайларында тұрады деп сенген. Гректер құдайларға құрбандық шалған, храмдар тұрғызған, олар жайлы аңыздар шығарған. Табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз әңгімелерді мифтер деп атаған. Грек мифтері түрлі ғажайып құбылыстарды, батырлардың қаһармандығы туралы болды. ежелгі мифтерді жыршы ақындар ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған. Ежелгі Гректердің танымал мифі "Аргоновтар туралы миф".

Пайдаланылған әдебиеттер :
1.Данн, Росс Е. Panorama:Дүниежүзі тарихы. 1-кітап.-Астана., 2019.
2.Валлон, А.А. История рабства в античном мире. Том 1. Рабство в Греции.М., 2019.
3.Валлон, А.А. История рабства в античном мире. Том 2. Рабство в Риме. М:, 2019

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет