Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі білім беру факультеті жоо-ға дейінгі дайындық кафедрасы



Дата15.11.2023
өлшемі39 Kb.
#123786

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы
Жаппасов Ж.Е.
Асанов Н.А.
Тилеужанова Г.Т.
Кредиттік жүйе бойынша тыңдаушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері

Дайындық бөлімінде ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын алыс-жақын шет елдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдері мен Ауған Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар және ақылы бөлім тыңдаушылары оқытылады.


Тыңдаушыларды оқытуда біздің алдымыздағы басты міндет – тілді үйретудің, білім берудің ең қолайлы амал-тәсілдерін таңдап алу. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті осы оқу жылында, білім берудің кредиттік жүйесіне ауысты. Пәндердің оқу –әдістемелік кешені дайындалып, оқу-әдістемелік бөлімде қаралып, бекітілді.Тыңдаушылармен жүргізілетін жұмыс осы кешен негізінде ұйымдастырылады. Кредиттік жүйе бойынша тыңдаушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру өзекті мәселе бол тұр. Ұлттық университетте кредиттік технология бойынша оқитын білім алушыларға өздік жұмысын ұйымдастыруға кәсіби жоғары білім берудің оқу бағдарламасының талап ережесі бар. Біз де сол ережеге сүйене отырып, тыңдаушылардың өздік жұмысын ұйымдастырамыз.
Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін тыңдаушының өзіндік жұмысы (ОТӨЖ) және тыңдаушының толығымен өзі орындайтын жұмысы (ТӨЖ). Енді алдымен өздік жұмысқа қатысты оның негізгі терминдері мен олардың анықтамаларына талдау жасаймыз.
Тыңдаушылардың өздік жұмысы дегеніміз (ТӨЖ) ‑ оқытушы белгілеген оқу‑әдістемелік әдебиеттер тізімі бойынша білім алушылардың өз беттерімен ізденіп оқуы, тапсырманы орындауы және берілген тапсырманы тест, бақылау жұмысы бағаланатын жұмыс. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы- арнайы бөлінген уақыт ішіндегі оқытушының тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс. Бұл жұмыс түрі дәрісханада және дәрісханадан тыс уақытта жүзеге асады.
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін тыңдаушылардың өзіндік жұмысы (ОТӨЖ) тыңдаушы өздік жұмысының бір бөлігі ретінде саналатын білім алушының оқытушы басшылығымен бірге сабақ кестесі бойынша жұмыс істеуі. ОТӨЖ жеке кесте бойынша оқытушымен байланыста орындалатын тыңдаушының аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне енбейді. Бөлек кесте дайындалып, факультеттің деканы бекітеді. ОТӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары, есептер мен басқа да ТӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі.
Тыңдаушы кестеге сәйкес оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін тыңдаушылардың өзіндік жұмысы (ОТӨЖ) сабағына қатысуға міндетті. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін тыңдаушылардың өзіндік жұмысы (ОТӨЖ) кестесінде көрсетілген уақытта оқытушының аудиторияда болуы міндетті.
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін тыңдаушының өзіндік жұмысын (ОТӨЖ) сабақ ретінде, кеңес беру ретінде де өткізуге болады.
Кредиттік оқу жүйесі бойынша тыңдаушылардың танымдық, логикалық ойлау белсенділігін, зерттеу мүмкіндіктерін қалыптастыратын оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін тыңдаушылардың өзіндік жұмысы (ОТӨЖ) тыңдаушының өздік жұмыстары (ТӨЖ) жұмыстық бағдарламаға сай жасалатын силлабус мазмұнында анық көрінуі тиіс.
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін тыңдаушылардың өзіндік жұмысы сабағында бастан аяқ оқытушы белсенділігі болмау керек. Мүмкіндігінше тыңдаушының белсенділігіне қолдау көрсеткен орынды. Тыңдаушылардың тапсырма орындау кезінде жеке және топтық жұмыс, мысалы, бір үлкен тақырыпты топпен бөлініп орындау сияқты үлгілері де қарастырылады.
Оқыту үрдісінде жүргізілетін өздік жұмыстың мазмұны мына талаптарға сай болу керек:

  1. тапсырма мазмұны тыңдаушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жасалу керек;

2.тыңдаушының бұған дейін алған біліміне сәйкес құрылуы тиіс;
3.тапсырма түсінікті, мазмұны қызықтырарлық болуы қажет;
4.орындалу тәртібі мен тапсырма мазмұны бірте-бірте күрделене түсуі керек.
Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы- олардың оқу танымдық әрекетінің ерекше түрі. Оның өзіне тән сипаты бар.Бұл жұмысты орындау барысында оқытушы жағынан тікелей басшылық болмайды. Оқытушы тек кеңес беруші, көмекші ролін атқарады. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысының (ТӨЖ) оқу үрдісіне енуіне себепші болып отырған кредиттік оқу жүйесі ерекшелігінің бірі де осында жатыр. Себебі өзіндік жұмысты орындау барысында тыңдаушылардың өз бетімен еркін әрекет жасау дағдысы қалыптасып, дамиды. Олар шығармашылықпен белсенді жұмыс жасауға үйренеді.
Өздік жұмыстарды төмендегідей мақсаттарға байланысты жүргізуге болады:
1.тыңдаушының өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы;
2.берілген білімді пысықтау, тексеру , бақылау.
3.шығармашылық қабілетін арттыру, сөздік қорын байыту, тіл дамыту.
Әдістемелік әдебиеттерде тыңдаушылардың өзіндік жұмысы әр жақтан қарастырылады. Өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру және басқару мәселесінің маңызы зор. Өзіндік оқу жұмысын ұйымдастырудағы маңызды элемент- өзара ынтымақтаса әрекет жасауға бағытталған шығармашылық қарым-қатынас, оқытушының тыңдаушымен жұмыс жасау барысындағы өзара сенімі мен түсінігі екенін ұғындыру. Сабақта өтілетін тақырыптар ТӨЖ тақырыптарымен өзара байланыста болуы керек.
Тыңдаушының өзіндік жұмысын қабылдап, бағалау барысында жұмыстың мазмұны, сауаттылығы ескеріледі. Сонымен қатар жауаптың толықтығы, қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады және т.б




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет