Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Қосалы Әлихан СӨж эссе Қазіргі замандағы риторика ғылымының рөлі



Дата02.10.2023
өлшемі16,14 Kb.
#112552
Байланысты:
Эссе Риторика


Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Қосалы Әлихан
СӨЖ
Эссе
Қазіргі замандағы риторика ғылымының рөлі

Қазіргі таңда жұрт арасынан сөз саптауы мықты,ойлағанда ойып,сөйлегенде сойып түсіретін адамдарды көргенде, әңгімесіне сүйсініп,ұйып тыңдап қалатынымыз бар. Ата-әжелеріміз де көгілдір экраннан айтыс көрсе делебесі қозып,арқаланып кететіні өтірік емес.


Расында да қоғамымыздың қай саласына барсақ та ұтымды,салмақты,тілге шешен адамдардың төрде отыратынын көреміз. Бұл бастауын сонау ықылым замандардағы грек ойшылдарынан алатын Риторика ғылымының әлі күнге дейін тұғырынан таймай, қанатын одан әрі кеңге жайып келе жатқанының айқын белгісі. Ежелден сөз қадіріне жеткен қазақ халқының қазіргі тұрмысындағы риториканың орны қандай? Жалпы риторика дегеніміз не? Сүбелі ой мен мәйекті сөз қаруы болған бұл ғылымның адамзатқа берері не?
Риторика- сендіру мен қанаттандыру.
Адамға психологиялық,эмоционалдық тұрғыда әсер етудің ең тиімді амалы сөз екені мәлім. Ол шабыттандырады, әрекетке итермелейді, манипуляция арқылы адам бойындағы стереотиптерді жояды. Қысқаша айтқанда қазіргі уақытта табысқа жетуге көмектесетін ең көне сендіру құралы десек болады. Себебі қоғаммен байланысты кез-келген жұмыс саласында өз ойларына аргумент келтіре алатын,араторлық қабілеттері жақсы дамыған, аудиториясын сөзбен баурай алатын адам ғана жетістікке жетері хақ. Қарапайым лекторды алайық. Қанша жерден білімді болғанымен,алдында отырған шәкірттерінің жас және ойлау ерекшелігіне қарай төселіп, ойдағы ақпараттарын сөз көркемдігі арқылы қызықты жеткізе алмаса, ол кісі өз қадірін кетіреді. Ал студенттер сол сәттен-ақ ұйқы құшағына кетері анық.
Риторика-қоғамның өзегі. Адамзат баласының ойлап тапқан ең жойқын қаруы сөз екені қаншалықты рас болса, адамзат ойлап тапқан ең ұлы жаңалық та осы сөз. Сөз кез-келген саланың тамырымен селбесіп бірге ғұмыр кешеді.
Сондықтан риториканың өзегі тым тереңге кеткен. Ұстазсың ба? Саған керегі білім мен риторика. Адвокатсың ба? Айыпталушыны ақтап алу үшін айналаңды сендіре білуің керек. Саясаттың қамшысын қолға алып жүрген елшісің бе? Саған саяси риториканың берері мол. Халықты жамбасына баспай,төбесіне көтергісі келетін әкімсің бе? Әлеуметтік-тұрмыстық риторикаға сүйене отырып,ел қалаулысы болуға жолды біршама жақындатып ал. Пікірталасты сүйесің бе? Қашан,қайда,кімге және қалай сөйлейтініңді саған үйрететін диалогтік риторика? Риториканың селбеспейтін саласы жоқ. Сөзді сүйектен өткізу мен шешендік өнер, әр қазақтың қанына сіңіп кеткен қасиет. Риторика адаммен бірге туды,адаммен бірге өледі.
Ойымды қорытындылай келсем, риториканың адам өміріндегі маңызы өте зор. Себебі бұл ғылымның обьектісі-сөз. Сөз ойдан туады. Ал ой адам баласын хайуанаттардан бөліп тұрған ұлы нәрсе.
Сүйінбай бабамыз:"Өмірде құны ескірмес,бағасы құнды асыл сөз"-деген екен. Уақыт өткен сайын жаңа қырын ашып,түлеп,өркендеп отыратын текті сөз өнерінің шарықтау шегі болмайды. Ол ешқашан пәс тартпайды,аласармайды. Қоғамда риториканы терең меңгергендер ғана үстемдік етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет