Әлдихан Қалдыбаев Бауыржан деген бала бар



бет1/17
Дата12.04.2022
өлшемі83,07 Kb.
#30833
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Бауыржан деген бала бар 3-4


Әлдихан Қалдыбаев

Бауыржан деген бала бар

Шағын хикаят

АВТОРДЫҢ АЗҒАНА АЙТАРЫ


Бауыржан Смағұлов – тұрар Рысқүлов атындағы орта мектептің үшінші «в» сыныбының оқушысы. Оқу озаты, тəртібі үлгілі. Сынып оқушылары арасында беделді. Суреті Құрмет тақтасында ілулі тұр.

Үшінші «в»-ның сынып жетекшісі Рахима Тұрсынбайқызы Бауыржанды осылай сипаттайды. Мұның аты – мінездеме.

«Айналайын!» – деу керек мұндай балаға.

Ал жазушы үшін бұл – аз. Жазушы – адамның барлық болмысын алға жайып салатын халық. Ол ресми мінездеме бермейді, мінездің тікелей көрінісін, яғни одан туындайтын іс-əрекетті жазады. Енді əлгі адамның – мінез иесінің жақсы, яки жаман екенін оқушы өзі пайымдап жатады.

Бауыржан туралы Рахима апайдың айтқанының бəрі рас.

Бауыржан туралы менің жазғандарымның бəрі рас. Адамда бір-ақ өмір болады. Оның сол бір-ақ өмірі қаламына іліккен екен, жазушы азапқа түсті дей бергін. Ол адам иесіз аралда жалғыз қалған Робинзон емес, өзін қоршаған ортада, үлкен-кішімен, жолдас-жораларымен бірге өмір сүреді. Ендеше, жазушы басты геройын сол адамдармен қарым-қатынаста бейнелеуге мəжбүр. Бұл – еркінсуге жол жоқ, олай-бұлай тырп ете алмайсың деген сөз. Өтірікті жазып көр, еститініңді естисің. Ондай жазушының көсегесі көгеріп, көрпе-жастығы ұзармайды.

Менің Бауыржаным да бірқыдыру адамдардың ортасында жүрген бала. Бір н
əрсені асырып, не жасырсам,
Бауыржанға да, оның достарына да қиянат болар еді. Ең əдемісі – шындықты жазу. Жазушыны діттеген жеріне жеткізетін жалғыз ғана ғажайып күш – шындық.

Даңқты қолбасшы, аттас атасы Бауыржан Момышұлы жайлы жазылған шығармалардың барлығы қандай шын болса, үшінші «в» сынып оқушысы Бауыржан Смағұлов туралы бір топ əңгімелерден өрілген бұл повесть те сондай, өмірдің өзі.

Мұның атын əке-шешесі Бауыржандай болсын деп Бауыржан қойған. Бұл Бауыржандай бола ма, жоқ па, оны келешек көрсетер. Əзірге Бауыржан – бала. Баланың алдына кім шығыпты?

Бауыржан қандай бала? Оны енді өздерің жеке-жеке əңгімелерден тұратын мына повесті оқып барып көріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет