Электр өлшеулер мен аспаптар



бет1/6
Дата08.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#48473
  1   2   3   4   5   6

Электр энергиясы параметрлерін өлшеу.

ЭЛЕКТР ӨЛШЕУЛЕРІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

  • Электр жəне магниттік шамаларды өлшеу үшін электрлі өлшеу аспаптары қызмет етеді: вольтметрлер, гальванометрлер жəне басқалар, сонымен бірге, олардың қисындасулары. Өлшеу үдерісі анықталатын физикалық шаманы оның бірлік ретінде қабылданған мəнімен салыстыруда.
  • Бір шаманы өлшеуді онымен байланысты басқа шаманы өлшеумен алмастыруға болады. Әдетте, кез келген өлшеу соңында нұсқардың немесе жарық дағының шкала бойынша қозғалуын анықтауға тіреледі.

Өлшеу аппаратурасы құралдарға жəне эталондарға бөлінеді. Өлшеу аспаптары жоғары дəлділікке жəне сенімділікке, мəліметтерді алу мен оларды алыс қашықтыққа жіберу үдерісін автоматтандыру мүмкіндігіне, нəтижелерді электрлі есептеу құрылғыларына енгізудің қарапайымдылығына жəне т.б. ие. Сондықтан олар өнеркəсіптік қондырғылар мен технологиялық үдерістер параметрлерін қолмен немесе автоматты бақылау жəне белгіленген деңгейде сақтау жүйелерінде кеңінен пайдаланылады.

  • Өлшеу аппаратурасы құралдарға жəне эталондарға бөлінеді. Өлшеу аспаптары жоғары дəлділікке жəне сенімділікке, мəліметтерді алу мен оларды алыс қашықтыққа жіберу үдерісін автоматтандыру мүмкіндігіне, нəтижелерді электрлі есептеу құрылғыларына енгізудің қарапайымдылығына жəне т.б. ие. Сондықтан олар өнеркəсіптік қондырғылар мен технологиялық үдерістер параметрлерін қолмен немесе автоматты бақылау жəне белгіленген деңгейде сақтау жүйелерінде кеңінен пайдаланылады.
  • Өлшеу құрылғыларының көмегімен шығарылатын өнім сапасы мен саны, оның сипаттамаларының белгіленген нормаларға сəйкес келуі бақыланады. Ылғалдылықтың, температураның, қысымның жəне т.б. электрлі өлшеуіштері əзірленген жəне қолданылады.
  • Электр өлшеулері ғылыми зерттеулерде жоғары дəрежелі маңызға ие.

ЭЛЕКТРЛІ ӨЛШЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ. ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫНЫҢ ДӘЛСІЗДІКТЕРІ

  • Электрлі өлшеулердің екі негізгі əдісі бар: тікелей бағалау жəне салыстыру əдісі. Тікелей бағалау əдісінде өлшенетін шаманы тікелей аспап шкаласы бойынша есептейді. Бұл ретте өлшеу аспабының шкаласын алдын ала эталонды аспаппен өлшенетін шама бірлігінде бөліктейді. Әдетте, мұндай бөліктеу аспапты өндіру кезінде зауытта жасалады. Бұл əдістің артықшылығы – көрсеткіштерді есептеудің ыңғайлылығы мен өлшеуге кететін уақыттың аз шығындалуы. Тікелей бағалау əдісі технологиялық үдерістерді бақылау мен реттеу үшін техниканың əр түрлі салаларында, далалық жағдайларда, қозғалмалы объектілерде жəне т.б. кеңінен қолданылады. Әдістің кемшілігі – өлшеулердің салыстырмалы жоғары емес дəлділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет