Электрлік қосалқы станциялар. Олардың түрлері жəне негізгі ерекшеліктері



бет1/2
Дата17.02.2023
өлшемі38,95 Kb.
#68905
  1   2

Электрлік қосалқы станциялар. Олардың түрлері жəне негізгі ерекшеліктері.

Қосалқы станция (подстанция) дегенiмiз электр энергиясын тиiмдi пайдалану немесе оны түрлендiруге арналған электр қондырғы [1, 2, 4, 12].


Мұнда электр желiсiнiң кернеуiн төмендетуге арналған төмендеткiш қосалқы станциялар қарастырылады. Мұндай қосалқы станциялар мынадай бөлiктерден тұрады:
1) Бiр немесе бiрнеше трансформаторлар (автотрансформаторлар).
2) Жоғары кернеулi таратқыш.
3) Төмендетiлген кернеулi (орташа жəне төмен) таратқыш.
4) Қосалқы құрылғы.
Кейбiр қосалқы станцияларда синхронды компенсаторлар, статикалық конденсаторлар немесе шунттаушы реакторлар орнатылған. Əдетте олар жоғары кернеудi жiктеумен шектеледi, өйткенi мұның өзi белгiлi бiр дəрежеде станцияның қуатын, алатын аумағын жəне құнын белгiлейдi.
Қосалқы станцияның категориясына мыналар жатады:
1. Ұзын көп тiзбектi линиялардағы трансформаторсыз электр қондырғылары. Бұлар берiктiгiн арттыратын секциялық линияға, бойлық компенсацияға конденсаторлар орнатуға арналған. Мұндай құрылғыны секциялық қосалқы станция деп атайды.
2. Қалалық желiлер мен өнеркəсiп орындары желiлерiндегi трансформаторсыз электр қондырғылары тұтынушыларға қуатты таратуға (бөлуге) арналған. Мұндай құрылғы таратқыш қосалқы станция деп аталады.
Қосалқы станцияны жобалау қарастырылып отырған жүйенiң дамуына немесе ауданды электрмен қамтамасыз ету сұлбасына байланысты. Мүдделi ұйымдардың сұранысы негiзiнде таяудағы 5-10 жылда энергияны пайдалану мүмкiндiгi анықталады. Желi сұлбасы, қосалқы станцияның орны жəне олардың қуаты белгiленедi. Мұндайда даму келешегi жəне құрылысты салу кезегi ескерiледi [1, 2].
Аудандық электрлiк төмендеткiш қосалқы станцияларды жобалау, оларды жалғайтын энергожүйенiң жобасына тығыз байланысты [4.12].
Жобалау шешiмiн дұрыс орындау үшiн таяудағы 8-10 жылда энергожүйенi дамытудың комплекстi перспективалық жобасын, энергия балансын, автоматтандыру мен диспетчерлердi, сондай-ақ энергожүйенi жəне аудандық желiлердi пайдалануды ұйымдастыру жобасын, ондағы еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға, күрделi қаржыны кемiтуге қоятын қазiргi талабын негiзге алады [4,12].
Энергиямен жабдықтау сұлбасының, энергожүйесiндегi электр желiсi мен жекелеген экономикалық ауданды дамытудың жобасында мына мəселелер қарастырылады:
1. Электр жəне жылу қуатының қосымша күшi, жекелеген ЖЭО-ның параметрлерi жəне оларды iске қосу мерзiмдерi айқындау;
2. Қуат балансы əр жыл бойынша жасалады жəне энергия жүйелерi арасындағы кейде қарастырылып отырған ауданның iшiндегi ток қуатының шамасы анықтау;
3. 110 жəне 220 кВ электр желiсiнiң жəне бiрлескен жүйедегi электр желiсiнiң сұлбасын белгiлеу қажеттiлiгi айқындау;
4. 110-220 кВ-тық желiнiң параметрлерiн таңдау;
5. Қысқа тұйықталу қуаты жəне басқа да деректер анықталады, мұның өзi 110- 220 кВ-ты қосалқы станция мен электр берiлiсi желiсiн жобалау үшiн қажет.
6. 110-220 кВ электр берiлiсiнiң желiсi мен қосалқы станцияны iске қосу кезегiн белгiлеу.
7. Электр станциясын, қосалқы станцияны жəне электр берiлiс желiсiн салуға кететiн қаржы шығыны, электр станциялары мен тұтынатын орындардағы қондырғылардағы электр энергиясының шамамен алынған құнын есептеу.
Жоғарыда аталған мəселелер бойынша жобалау жұмыстарының нəтижесiнде қосалқы станциялар мен электр берiлiсi желiлерiндегi ұсынылған құрылыс көлемiнiң жиынтық деректерi көрсетiледi. Мұндайда қосалқы станцияны жобалау мен салу қажеттiлiгi сұлбада негiзделiп, оның параметрлерi (трансформаторлар, автотрансформаторлар, компенсациялаушы құрылғылар), желiлiк қосылыстардың саны жəне жоғары кернеудiң таратқыш құрылғыларындағы ячейка мөлшерi көрсетiледi.
Электр қондырғылары құрылысының ережелерiне сəйкес электр қабылдағыштар категорияға бөлiнедi [4,12].
1 – категория: мұндай электр қабылдағыштарда электрмен жабдықтау кезiнде үзiлiс болған жағдайда адамдарға қатер төндiруi, өндiрiске елеулi нұқсан келуi мүмкiн;
2 – категория: мұндай электр қабылдағыштарда электрмен жабдықтау кезiнде үзiлiс болған жағдайда өнiм едəуiр аз алынып, едəуiр шығынға ұшырауы мүмкiн;
3 – категория: басқа да электр қабылдағыштары қолданылады.
Электр қабылдағыштар желiге қосылған кездегi сипаттамасына жəне қосалқы станцияның электр сұлбасына қосылуына қарай түрлiше болады.
Электр желiсiн жобалаған кезде электр берiлiсiндегi резервтiк желi санын белгiлеудiң жəне қосалқы станциядағы электр қосылысының негiзгi критерийi – тұтынатын орындарды электрмен сенiмдi жабдықтау болып саналады.
Аудандық қосалқы станция электр жүйесiнiң жауапты элементтерi болып саналады. Сондықтанда бұл қосалқы станцияларды жобалағанда жəне салғанда, оларды пайдаланатын орындардың қалыпты режимде жұмыс iстеуiн ғана емес, апаттық жағдайда ажыратылғанда да (мəселен, қоректендiрушi желi немесе жұмыс iстейтiн трансформаторлардың бiреуi iстен шықса) сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi тиiс.
Аудандық iрi қосалқы станцияларда қуатты автотрансформаторлар мен трансформаторлар орнатқан тиiмдi. Өйткенi олар электр қосылысының неғұрлым тиiмдi сұлбасын қабылдауға, таратқыш құрылғыларды жəне қосалқы станцияның басқа құрылыстарын неғұрлым тиiмдi құрастыруға мүмкiндiк бередi. Əдетте, екi трансформаторды немесе автотрансформаторды орнатқан тиiмдi, ал кейбiр жағдайда одан да көп трансформаторлар орнатылуы мүмкiн.
Аудандық қосалқы станцияларға өте жоғары талап қойылады. Соның ең бастылары [4, 12]:
1. Қосалқы станцияның электр желiсiнiң екiншi тiзбегiнiң резервтiк қорегi мен электр қондырғыларының аудандық тораппен байланысы болуы тиiс.
2. Бiрiншi немесе екiншi кернеудегi шиналар зақымданған жағдайда қосалқы станция тұтынатын орындарды қоректендiрудi толық немесе жарым-жартылай қысқартуды қамтамасыз етуi тиiс.
Қосалқы станциядағы электр қосылысының сұлбасы арқылы қолданылған жабдықтар мен құрылғылар комплексiн белгiлеп, оны тұтастай салуға кеткен жұмыс көлемi мен күрделi қаржы шығынын анықтайды.
Қосалқы станция сұлбасы орнатылған жабдықтардың тек түрiн жəне оған кеткен шығынды ғана емес, оның құрастырылуы мен конструкциялық орындалуын да, қосалқы құрылғылардың көлемiн де белгiлейдi.
Əдетте, қосалқы станцияның электрлiк қосылыс сұлбасы оны пайдаланудың барлық кезеңiндегi режимдiк сипаттамасын белгiлейдi. Қосалқы станцияның сұлбасы желi конфигурациясымен жəне электр жүйесiнiң жұмыс режимiмен анықталады. Қосалқы станцияның электр қосылысының сұлбасы электрмен сенiмдi жабдықтауды, автоматтандыруды жəне үнемдiлiктi, желiдегi режимдiк ерекшелiктердi қамтамасыз етуi тиiс.
Сондықтан да қосалқы станцияның сұлбасын энергия жүйесiн дамыту жобасымен бiрге таңдау қажет.
Қосалқы станция жүйедегi орналасу жағдайына жəне жоғары кернеумен қоректену сұлбасына қарай мынадай түрге бөлiнедi: тұйық (шеткi), өтпелi (транзиттiк) жəне тораптық (бұл бiр мезетте өтпелi де болуы мүмкiн)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет