«Электролиттік диссоциация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата26.12.2023
өлшемі15,59 Kb.
#143437

«Электролиттік диссоциация» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау



Оқу мақсаттары

9.4.1.1 – электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
9.4.1.3 – электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын білу
9.4.1.6 – қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру
9.4.1.7 – күшті және әлсіз электролиттерге мысалдар келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу
9.2.2.1 – алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру

Бағалау критерийлері

• электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын жазады және мысалдар келтіреді
• электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын көрсетеді
•қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазады
• күшті және әлсіз электролиттерге мысалдар келтіреді және оларды ажыратады, диссоциациялану дәрежесін анықтайды
• алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі


Білу және түсіну, қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырмалар

1. Сызбадағы бос орындарды қажетті сөздермен толтырыңыз және әрқайсысына 2 мысал жазыңыз.



Суда ерігенде не балқығанда ......... ............. ................ заттар.
1. ____________________________
2. ____________________________

Суда ерігенде не балқығанда ......... ............. ................ заттар.
1. ____________________________
2. ____________________________


Заттар

Бейэлектролиттер


Электролиттер

[2]

2. Төменде берілген тұжырымдардың шын не жалған екенін (˅) белгісімен белгілеңіз.



Тұжырымдар

Шын

Жалған

1. Электролиттер суда ерігенде не балқығанда оң иондарға диссоциацияланатын заттар.







2. Иондар құрылысы мен қасиеттері бойынша атомдардан ерекшеленеді.







3. Ерітіндіде және балқығанда иондар ретпен қозғалады.







4. Электролиттердің барлығы бірдей иондарға ыдырамайды.







5. Электролиттік диссоциация қайтымсыз процесс.







6. Электролит ерітінділерінің химиялық қасиеттері олар түзетін иондардың қасиетіне байланысты.







[3]
3. Мына заттардың диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз.
А) HBr _______________________________________________________________
B) Ca(OH)2 ____________________________________________________________
C) NaHSO4 ____________________________________________________________
D) H3PO4 _____________________________________________________________
[4]
4. (а) Күшті және әлсіз электролиттерге екі мысалдан келтіріңіз.
Күшті электролиттер Әлсіз электролиттер
1) ___________________ 1) _____________________
2) ___________________ 2) _____________________

[2]
(b) Ерітіндідегі 500 молекуланың 30-ы ыдыраса, электролиттік диссоциациялану дәрежесін және қандай электролит екендігін анықтаңыз.


А) 6 %
В) 60 %
С) Күшті
D) Әлсіз

Жауабы: _________


[2]
5. Берілген заттар арасында жүретін реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыз.
Кальций хлориді және магний сульфаты
1) Молекулалық теңдеу ______________________________________________________________________
2) Иондық теңдеу
__________________________________________________________________________________
[2]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет