«Әлем өзгеруімен бізде өзгереміз» эссе «Болашақта өзгерісті көргің келсе, өзгерісті өзіңнен баста»



Дата25.05.2023
өлшемі29,41 Kb.
#97251


«Әлем өзгеруімен - бізде өзгереміз» эссе
«Болашақта өзгерісті көргің келсе, өзгерісті өзіңнен баста»
Махатма Ганди
ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Уақыт бір орында тұрмайды, ол үнемі алға жылжиды. Оның талабына сай адам мен қоғамның өзгеруі де ақиқат. Бүгінгі таңда Тәуелсіздігіне ширек уақыт толған елімізде даму үрдісі де, білім беру мазмұны да жаңа бағытқа бет бұрды.«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының білім беру саласы түрлі өзгерістерге, инновацияларға иеленіп отыр. Инновациялар күн санап артуда, себебі қоғамның талабы сол. XXI ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымды өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаhандық пікір алғандығының шынайлығын ұғына отырып, өзінің дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек». Егер біз бәсекеге қабілетті, рухани адамгершілік құндылығы жоғары, жан-жақты дамыған азаматтарды тәрбиелегіміз келсе онда бізде, мұғалімдер, сол талапқа сай болуымыз өте қажет.
Жаңартылған білім мазмұны- жаңашылдық бастамасы екеніне мына сөзіміз дәлел. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Тәуелсіз елдің бүгіні мен ертеңі - білімді ұрпақ. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушыға үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топқа жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыруға төселдіру үйрету. Әрине, білім саласындағы болып жатқан өзгерістер, жаңа технологиялар бұрыннан келе жатқан өзіміздің дәстүрлі әдістерімізді тиімсіз деп табу, шетке сырып, жоққа шығару емес, бұл дегеніміз дәстүрлі және дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерімізді бірі-бірімен ұштастырып, дәл осы таңда, нақты өзіміздің сабағымызға қажеттісін, тиімдісін, ұтымдысын пайдалану.Мұғалім теориялық білімін жаңартылған бағдарлама бойынша іске асырса Қазақстанның әрбір азаматы XXI ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыны қалыптастырып бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.
Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді. Педагогтарды бұл бағытта даярлау нәтижелі жүруде. Соның бірі соңғы 2-3 жыл көлемінде қоғамда пайда болған, шетелдік әріп-тестер үндеген «Facebook», «WhatsApp» тәрізді әлеуметтік желі бағдарламаларын қолдану педагог үшін аса қиындық соқтыра қойған жоқ. Бұл – қуанышты жағдай. Әр жаңалықты бірінші кезекте жеке басына қолдануды меңгерген адам ғана оқушысына мазмұнды білім бере алады.
Нәтижесінде мұғалімде, оқушыда заманауи технологияны жеке басына пайдалана білуге үйренеді. Мұндай ұстаз педагогикалық қызметіне де жаңа технологияны толыққанды қолдана білу дәрежесіне көтеріледі.Құрамында мұғалім де, оқушы да бар осындай ізденуші топ «білім алушылар қауымдастығына» айналады.
Жаңа технология, жаңа оқу жүйесі, жаңа бағдарлама әлемді өзгертеді. Ал әлем өзгеруімен бізде дамимыз, өз –өзімізіді одан әрі жетілдіреміз, шыңдаймыз, ерекшелігі: – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту;
Қорыта келе, ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға әрекет етейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет