Әлеуметті мәні бар аурулар. Артериалды гипертония, миокард инфаркті, қатерлі ісіктер. Орындаған Мұқаметқалиева д тексерген Бажигалиева Д



бет1/2
Дата13.06.2023
өлшемі30,06 Kb.
#101152
түріРеферат
  1   2



РЕФЕРАТ


Тақырыбы:
Әлеуметті мәні бар аурулар. Артериалды гипертония, миокард инфаркті, қатерлі ісіктер.


Орындаған Мұқаметқалиева Д
Тексерген Бажигалиева Д


Әлеуметті мәні бар аурулар. Артериалды гипертония, миокард инфаркті, қатерлі ісіктер.
Әлеуметтік мәні бар аурулар дегеніміз не?
– Бұл аурулар қоғамда кең таралуына байланысты ең көп өлім алып келетін және мүгедектігін тудыратын аурулардың қатарына жатады. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінде оларды диагностикалау мен емдеуге үлкен мән беріледі
Әлеуметтік аурулар — қоғам құрылысына, экономикалық жағдайға байланысты болатын аурулар. Әлеуметтік ауруларға қандай сырқаттар жататынын дәлелдеп айту қиын. Өйткені адамда болатын көптеген басқа аурулар да белгілі дәрежеде тұрмыс жағдайына байланысты. Әлеуметтік аурулар деп мыналарды атап көрсетуге болады: кәсіптік аурулар, өндіріс орнында кездесетін жарақаттану, силикоз, токсикоз, тұрмыс салтына, әдет-ғұрыпқа байланысты таралатын: туберкулез, мешел, мерез, соз және арақ пен апиын салдарынан болатын аурулар. Үстем таптың қанауында жүрген бұқараның тұрмыс жағдайы өте ауыр. Осыған орай, олар Әлеуметтік ауруға жиі ұшырайды.
Артериялық гипертензия (артериялық гипертония) – бұл ұзақ уақыт артериялық қысымның сын.бағанас.140/90 мм артық артуы. Ол инфаркт пен инсульттің дамуына әкеліп соғады. Алайда өмір сүру салтын өзгерткен кезде, зиянды әдеттерден бас тартқан және дәрігер тағайындаған дәрілерді дұрыс қабылдағанда қан қысымын қалыпқа келтіруге болады және асқынулардың қаупі төмендейді.
Артериялық гипертензия кейбір аурулардың (екінші қайтара артериялық гипертензия) немесе өз бетімен аурудың ─ гипертониялық аурудың симптомдары болуы мүмкін.
ипертониялық аурудың нақты себептері белгісіз, алайда оның дамуына ықпал ететін факторлар анықталды:

  • Тұқым қуалаушылық

Кейбір адамдардың гендерінде ауруға бейімділік әлден қалыптасқан, бірақ ол әрдайым дами бермейді. Егер төменде көрсетілген факторларды бақылап отырса, оны болдырмауға болады.

  • Дененің артық салмағы

Бұл жерде әңгіме салмақта емес, ал дене салмағының индексі (ДСИ) туралы. Оны бойы мен салмағы есебімен есептеуге болады. Егер де сіздің ДСИ-ңіз нормадан асып кетсе, онда бұл гипертониялық ауру, сондай-ақ басқа да аурулардың қаупін төмендету үшін, салмақты азайту туралы ойлануыңыз қажет.

  • Ас тұзын мөлшерінен артық қолдану

Асқа артық мөлшерде тұз өнімін пайдалану артериялық қысымның артуына ықпал етеді.

  • Темекі тарту

Темекі тарту тамыр қабырғаларының қалыңдауына әкеледі, сонымен бірге инфаркт пен инсульт қаупін арттырады.

  • Ішімдік

Артериялық қысымның артуы ішімдікті қолданумен байланысты. Егер күніне бір бокалдан артық шарап немесе бір құмыра сыра ішсе, онда бұл қысымның артуына әкеліп соғады.

  • Үнемі отыру

Аз қимылдайтын адамдарда әдетте қан қысымы артады. Күнделікті жарты сағаттық серуендеу артериялық гипертензия қаупін азайтуы мүмкін.

  • Стресс

Дау-жанжалдар, ренжу, жұмыстағы артық жүктеме, ұйқы мен демалыстың жетіспеушілігі қан қысымының артуына әкеліп соғуы мүмкін.
Екінші қайтара артериялық гипертензия мына ауруларда көптеп кездеседі:

  • Бүйрек аурулары

  • Бүйрек безінің ауруы

  • Гормоналдық бұзылулар

  • Тамыр аурулары

  • Ұйқы кезінде демнің бітелу синдромы

  • Кейбір дәрілік заттарды қабылдау

Қан қысымының көтерілуінің себептерін дәрігер тағайындайтын, талдаулар анықтайды. Бұл несеп, қан немесе анағұрлым күрделі зерттеулер болуы мүмкін. Әрбір жағдайда амал жекелей болады.
Артериялық гипертензияның симптомдары
Қан қысымының артуы ешқашан да байқалмайды. Көздің алдында шіркейдің ағараңдауы сияқты немесе желкенің ауруы, бұл жиі жазып жазатын ─ артериялық гипертензияның симптомдары емес. Мұны анықтаудың жалғыз жолы – жиі-жиі өзінің қан қысымын өлшеп отыру.
Асқынулар

  • инсульт

  • миокард инфаргі

  • стенокардия

  • жүрек кемістігі

  • бүйрек кемістігі

  • перифериялық артерияның зақымдануы

  • көз көрісінің зақымдануы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет