Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары



бет1/2
Дата18.09.2022
өлшемі44,15 Kb.
#39389
  1   2
Байланысты:
Zhansaaayayaya D TARIkk22222



Жамбыл ауданы Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия

Орындаған: Сабырбай Жансая
Ғылыми жұмыс тақырыбы: Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары

Пән: Дүниежүзі тарихы


Жетекшісі: Тоқсанбаева Бақыт

Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тарихтың даму барысында пайда болған әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі мемлекет формаларының маңызы және оның ежелгі кещеңнен бүгінгі күнге дейінгі эволюциясы анықталады. Сонымен қатар, саяси мәселелерді шешудегі саяси режим түрлері сарапталады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекет әр халықта түрлі уақытта сан қилы жолмен қүрылады. Және осы қалыптасу барысында өзіндік билік мәселелерін шешу жолдарын қалыптастырады. Сондықтан ежелден бүгінге дейінгі түрлі формаларды білу және басқарудың режимдерімен танысу ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. 

Зерттеу жұмысының мақсаты:
• - «Мемлекет» ұғымымен танысу;
• -Ертеде қалыптасқан мемлекеттік формаларды сараптау;
• - Саяси биліктің жүзеге асуындағы «саяси режимнің» маңызын анықтау;
• -айтылған мақсаттарды жүзеге асыра отырып,қазіргі таңдағы мемлекеттік басқару түрінің рөлін талдау және қорытындылау.

Мемлекет өз дербестігі бар және қоғамды арнайы органдардың көмегі арқылы басқаратын саяси биліктің маңызды түрі. Мемлекет саяси жүйедегі ең манызды институт болып сана лады. Мемлекет құқықтық тұрғыдан өз әрекет терiн заң жолымен (конституциямен) реттейді және азаматтардың еркiндiгi мен құқықтарын қамтамасыз етеді; ал әлеуметтік тұрғыдан әрбір азаматтын жан-жақты дамуына барлык жағдай жасайды.


Мемлекет түрлерін жіктеуді алғашқылардың бірі болып Аристо тель ұсынған. Ол екі белгі бойынша анықтаған: 1) сандық (билікті иеленгендердің саны қанша?); 2) сапалық (билеушiлер билікті қалай пайдалануда ортак мүдде үшiн бе, әлде жеке пайда үшiн бе?). Осы қағидаттарға орай ол басқарудын 3 дурыс формасын: билікті ортақ мүдде үшін пайдалану - патшалык (монархия); аксүйектік пен жалпы лык (республика) және 3 бурыс формасын: билеушiлер жеке мүддесiн ойлайтын билік: тирандык, олигархиялык және демократиялык деп бөліп көрсетті.
Аристотельдiң қағидасын негізге ала отырып, итальяндык ойшыл Н.Макиавелли мемлекеттің даму формасының жүйелілік қағидаттарын ұсынды. Ол мейірімділік пен катыгездіктің өзара байланыс идеяла рына негізделді. Табиғат дүниенің бір қалыпта тұруына мүмкіндік бермейді. Мемлекет өз даму биiгiне жеткен соң, керi бағыт регрессияға ұшырайды. Осы себепті тарих та мемлекеттердің дамуы мен құлдырауы жиi кайталанады. Макиавелли басқарудың 3 жақсы формасын (монархия, аристократия, демократия халық билігі) және басқарудың 3 нашар формасын (тирания, олигархия және анархия) атап көрсетті. Сондай-ак ол мемлекеттік басқарудың екi заманауи түрiн бөлiп көрсетеді: монархия және республика. Бұлардың айырмашылығы жоғарғы билік инсти туттарын қалыптастыру жолдарына байланысты. Осы формалармен коса басқарудың теократиялык формасы да бар.
Монархия (грек. monarchia - дара билік) - мемлекеттегі барлық жоғарғы билік шартты және іс жүзінде бір адамның - монархтын колына шоғырлануы, биліктің ауыспауы және ұрпақтан-ұрпаққа мұрагерлікпен берілуі сипатындағы мемлекеттік форма.
Республика (лат. respublica - халық игілігі, қоғамдық іс) мемлекеттік билік органдары сайлау және ауыспалы негiзде қалыптасқан мемлекеттік форма.
Теократия (грек. Theos - құдай + kratos - билік) - мемлекет басшысы дінбасы да болып са налатын басқару формасы. Жоғарғы мемлекеттік билік діни институттар мен дін иелерiнiң колында болады. Басқару жүйесі, маңызды қоғамдық істер құдайдың укiмiмен, зандарымен (теологиялық анықтама) шешiледi.
Монархияда билік мұрагерлік жолмен бе ріледі және мемлекеттік лауазымдарға таға йындауды монарх жүзеге асырады. Монархия құлиеленушілік кезеңінде қалыптасып, феода лизм дәуірінде биліктің негізгі басқару жүйесі болды. Ал буржуазиялық қоғамда монархия дәстүрге құрмет ретінде ғана сакталды. Тарихи даму кезеңінде басқарудың бұл түрінің келбеті айтарлықтай өзгерді.
Монархтың колындагы өкілеттілік ерекшелігіне байланысты монархия үш түрге бөлінеді: сословиелік -өкілетті, абсолюттi және конституциялык немесе шектеулі.
Сословиелік-өкілетті монархия - монарх
тын билiгi турлі сословиелік өкiлдiк органдар мен (дворяндар, дiни билiк, кала тұрғындары) үйлесiмде атқарылатын, ал кызметi зандык сипатқа ие мемлекеттік форма. Сословиелік-өкілетті монархия Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттерінде сословие мен сословиелік органнын калыптасуы процесі нәтижесінде XIII-XIV ғасырларда (Англия парламенті, Францияның Бас штабы, Испания кортесі, Ресей земстволык соборы) қалыптасты.
Абсолютті монархия тәуелсіз басшы (король, патша, импера Top) ешкандай шектеусіз, шексіз билік жүргiзетiн мемлекеттiк фор ма. Монархка барлық жоғарғы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тиесілі. Шексіз билік кезінде орталык және жергілікті билік ірі феодалдарға емес, монарх тағайындайтын және орнынан алатын шенеуніктерге тиесілі.
Абсолютті билік орталык биліктерін қалыптастыра бастаған мемле кеттердiн папа тагынын рухани беделі Касиетті Рим империясы нан өз дербестiктерiн ала бастаған кезде, орта ғасырлардын сонында пайда болды. Бұл мемлекеттерде монарх бiртiндеп өзінің билігін ақсүйектер мен дiни сеньорлар арасында, кала iшiнде, ұйымдар ара сында нығайтып, калыптастыра бастады. Монарх олардың бірінің ословиелік артықшылықтарын сактап, бірінің кәсібіне жол ашып, дуние жинауына мүмкіндік беріп, арасындағы тендiктi сактап отырды.
Конституциялық немесе шектеулі монархия - монарх билігінің конституциямен шектелгендігін білдіретін басқару түрі. Монарх шарт ты түрде ғана жоғары билік иесі әрі сот жүйесінің басшысы болып саналады. Ол формалды түрде ғана үкіметті жасактап, министрлерді ауыстырады, әскери және полиция күштеріне өкім жүргізуге, жарлық тар беруге, парламент қабылдаған заңдарды тоқтатуға немесе олардың күшіне енуін реттеуге; заңдық бастамалар ұсыну мен парламентті тарату құқығына ие. Іс жүзінде бұл өкілеттіліктер үкіметтің құзырында болады, ал монарх «патшалық құрады, бiрак билемейді».
Президенттік республика бойынша президент бір мезгілде мем лекет басшысы және атқарушы биліктің басшысы болып табылады. Мұнда АҚШ классикалық президенттік республикасындағы үкімет секiлдi мемлекеттік биліктер болмайды, үкіметтің қызметін президент әкімшілігі атқарады. Ал үкімет қызмет атқаратын президенттік респу бликаларда үкімет қызметі президенттің бақылауында болады. Пре зидент үкіметтің саяси қызметін бақыласа, премьер-министр үкіметтің жұмысын ұйымдастырумен айналысады.
Президенттік республиканың өзіндік ерекшелігіне халықтың президент пен парламентті сайлауы жатады.
Президент парламенттегі партиялық құрамға қарамастан үкіметті жасақтайды. Мұндай басқару формасындағы билік бөлінісінің арасын да катан жүйе орнайды. Президент парламент кабылдаған зандарды кейінге шегеретiн вето кою кұкығына ие. Ол бас колбасшы, әскери және төтенше жағдай жариялауға құқығы бар. Президент парламентті тарката алмайды. Президент тарапынан антиконституциялык әрекеттер немесе қылмыс жасалған жағдайда, оған импичмент жарияланады.Қазіргі уақытта президенттік республика болып АҚШ, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және т.б. мемлекеттер саналады.Парламенттік республикада укімет парламенттiк негiзде курылады және үкімет өз қызметiнде парламент бакылауында болады.
Жартылай президенттік немесе президенттік-парламенттік республика бұл үкіметті жасақтау мен онын кызметiн бакылау екi леттіліктері президент пен парламент арасында бөлінетін билік фор масы. Президент те, парламент те үкiметтi құру мен онын кызметін бақылауға атсалысады. Үкіметті парламентте басым дауысқа ие болған партия лидерi жасақтайды, президент оны премьер-министр етіп бекі туге міндетті. Премьер-министрдің ұсынысымен президент баска да министрлерді тағайындайды. Парламент үкіметке сенімсіздік білдіре алады, бұл жағдайда ол отставкага кетеді. Жартылай президенттік республика болып Франция саналады. Теократиялык басқару формасы діни иерархияға тән.
Тарихта теократиялык мемлекеттер туралы мысалдар аз емес: көне дәуірде Иудея, орта ғасырларда Омейядтар мен Аббасидтер халифаты, жаңа дәуірде - Парагвайдағы иезуиттер, Кавказдағы имам Шәмiл, сондай-ак 1870 жылы Италия бiрiккенге дейін Папа облысы теократиялык мемлекет болған. 1951 жылы Тибет ҚХР қосылғанға дейiн Тибеттегі Далай-лама (ламайстік дiни кауымнын жетекшісі) Тибеттегі зайырлы билікті де басқарған. Қазіргі таңда теократиялық мемлекеттің үлгісі Ватикан болып саналады.
Саяси режім - саяси биліктің жүзеге асуының әдістері мен жолдарын қамтамасыз ететін әдістемелік жүйе. Саяси жүйе мемлекеттік билік пен жекетұлға арасындағы өзара байланысты білдіреді.
Саяси режiмнiн белгiлерi:
-саяси билікті қалыптастырудағы халықтың катысу деңгейi және ондай құрылымның өзiндiк тәсiлi;
- адам құқығы мен еркiндiгiнiң және аза маттын мемлекеттiк құқықпен арақатынасы; -тұлға құқығы мен еркiндiгiнiң кепiлi;
саяси биліктің халықтың тікелей қатысуымен жүзеге асу деңгейі;
- бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы жариялылык денгейi және мемлекеттік аппараттағы ашықтық;
- қоғамның саяси жүйесiндегi мемлекеттік емес құрылымдардың - заң шығару және атқарушы билік тармактары арасындағы рөлі мен орны;
катынастар;
- саяси билікті жүзеге асыруда басымдылыкты анықтайтын (сендіру, мәжбүрлеу) әдістер;
- қоғамның барлык саласында заңның үстемдік құру деңгейі;
- коғамдағы мемлекеттік әлеуеттік құрылымдардын (әскер, поли ция, мемлекеттік қауiпсiздiк органдары) релі, саяси және зандық жағдайы;
- көппартиялык, саяси плюрализм деңгейі;
- лауазым иелерiн, оның iшiнде аса жоғары тұлғаларды, саяси және зандык жауапкершілікке тартудын накты механизмдерiн жүзеге асыру.
Саяси режімнін сипатына халыктын тарихи дәстүрi және коғамның саяси мәдениетінің деңгейi манызды ыкпал етеді. Саяси диктатор мен баскарушы саяси элитаға букара халык пен азаматтык когам инсти туттары қаншалыкты мумкіндік берсе, олар билікті соншалыкты иемденеді.
Жекетұлғаның еркіндігіне, мемлекеттің өзара ерекшелігіне және азаматтық қоғамға орай саяси режім үш түрге бөлінеді: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.
Тоталитарлық режім.
Тоталитаризм (лат. totalis - барлық, бүтін,толык) саяси режім, мемлекет тарапынан қоғамның барлык саласы на және әрбір адамға толык бақылау және катан регламент орнатуы. Барлығын толық қамтып, өз бакылауына алу аркылы тоталитаризм мемлекеттік зорлыктын деспот, тиран, әскери диктатура секілді басқа түрлерінен айырмашылықта болады. Мемлекеттік билік барлық қоғам мен жекемцлғаны катан бақылауына алады.
Барлық деңгейдегі билік тармақтарын жабық түрде, бір адам немесе басқарушы элитадағы шағын топ калыптастырады. Билік қоғамдық пiкiрге толык идеологиялык бақылау орнатқанда, саяси қуғын-сүргін мен жазалау жүйесін жетілдірген жағдайда ғана қоғамның барлық саласына саяси үстемдік ете алады.
Тоталитаризмнің белгілері:
ерекше орталықтанган билiк кұрылымы пирамида формасы секiлдi, оның басында лидердің (көсемнiн) немесе топтардың үстемдігі орнаган. Билік етушi топтар өз колдарына заң шығарушы, атқарушы және сот билігін шоғырландырган, олар сайлау органдары алдына есеп бермейдi;
- билік иереархиясында бiр ғана халықтық партия жетекшілікке ие. Партия саяси максаттарды аныктайды, оның жетістікке жетуіне каржы беледі, мемлекеттік аппаратты бақылайды әрi онымен бiрлесiп кызмет етедi, кадрларды тандап, оларды кызметке кояды;
- бәрін қамтыган идеология, бакылаусыз билік ету зандылыгына негізделген жүйе. Тоталитарлық жүйедегі идеологиянын манызы барлык халыкты бiр максатка жұмылдыруды көздейді;
бұқаралық ақпарат құралдары биліктін бақылауында болып, на сихат құралы қызметін атқарады;
жекетұлға еркiндiгi және азаматтық қоғам болмайды; экономика мемлекет бақылауында болады;
әскери күш толык билеушi партия мен үкіметтің бақылауында; жетілдірілген жазалау жүйесі. Тоталитаризмнің орнауымен бірге мемлекеттің күштеу аппараты iске косылады, ол жаппай репрессия мен, қырғынмен, баскаша ойлайтындарды» анду секiлдi жазалаумен айналысады.
Тоталитаризм ХХ ғасырдың алғашқы жартысында бірқатар мемле кеттерде орнады. Тоталитаризм туралы ең алғашқы анықтама итальян фашистерінің көсемі, алғашқы тоталитарлык режiмдi құрушы Б. Мус солини: <<Бәрі мемлекет үшiн, мемлекеттен өзге және оған карсы ештеңе болмауы керек», деді.
Қазіргі саяси зерттеулерде тоталитарлық мемлекеттерге фашистік Италия, ұлтшыл Германия, КСРО және кеңестік жүйе негізінде құрылған Шығыс Еуропа және Азия елдерi мен Куба да жатады. Тоталитарлык режім екі түрге бөлінеді: фашистік және тоталитарлық социализм.
Авторитарлы режім.
Авторитарлы (лат. auctoritas - билік, ыкпал; auctor негізін қалаушы, автор) режім тоталитарлық когамнан де мократиялык коғамға өтетін кезендi қамтиды.
Авторитаризм белгiлерi:
- орталықтанған билік құрылымы: бір мезгілде халыктын накты мемлекеттік биліктен ажырап, сол жерде биліктің орталықтағы бір колға немесе өзара бірлескен бірнеше органдарға шоғырлануы;
көсемнің рөлі жоғары, бiрак тоталитарлык режімде көсем рөлінен төмендеу;
- билікті болу принципі ескерiлмейдi: аткарушы органдар өздеріне заң шығарушы және сотты бағындырып, олардын өкілеттіліктерін коса атқарады;
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларды сайлау принцип тері өзгереді, олардың халық алдындағы есеп беруi мен көпшілікке бағыныштылығы азаяды немесе болмайды. Сайлау жүйесі шартты көр сеткiш ретiнде жүзеге асады. Сайлау нәтижелерi алдын ала анықтал ғандықтан, саяси жүйе сипатына еш әсер етпейдi;
- мемлекетті басқаруда командалық, әкiмшiлiк әдіс үстемдікке ие болады, бiрак жаппай қудалау жүрмейді, террор колданылмайды;
- куш құрылымдарын когам іс жүзінде бакылай алмайды және саяси максатка пайдаланылуы мүмкін;
- идеологиялык біртұтас басқару болмайды.
Демократия.
Ең алғашында демократия азаматтарды тікелей басқару ретінде қарастырылып, монархиялык және ақсүйектік басқарумен салыстырғанда өзгеше сипатта болды. Алайда антикалық дәуiрде де мократия басқарудың «нашар түрi» ретінде саналды. Ол уақыттарда билеушілер (кала-мемлекеттегі) грек азаматтарының мәдениеті төмен деп санап, «халык билігін» колдамай, елдi басқарды. Осы жағдайларға орай демократия режімі ұзақ уақыт орнамады, кейіннен оның орнын охлократия (тобыр билігі) басты, мұның нәтижесінде озбырлык орын алды. Осыған орай Аристотель демократияны саяси режім ретінде колдамады.
Демократия (грек. demos - халык + kratos - билік) - қоғамдық құрылымдардағы түрлі деңгейдегі халык билiгi, қоғамдағы либералдық құқық пен тұлға бостандығының бұлжымас құндылықтары, халықтың саяси процестерге қатысуын жақтайтын саяси режiм.
Демократиялық тұжырымның қалыптасуынын жана кезені Ұлы француз төңкерісінен басталды. Бул когамдык институттардын пайда болуымен, тәуелсіздік талаптарымен және жеке тұлғалардың әлеумет тiк тендiгi, басқарушылар мен бағыныштылар арасындағы қатынастын жана сипатка сай калыптасу қажеттілігінен туындады. Алайда XVIII ғасырдың өзінде демократияға деген жағымсыз көзқарас әлi де сакталған болатын. Бұл ұлттық мемлекеттер секiлдi үлкен саяси құрылымдарды басқаруға барлық азаматтарды кунделікті және тікелей қатысуға шақыратын идеалды демократиялык модельдiн жүзеге асуы мүмкін еместігімен түсiндiрiледi. Қоғамның қарқынды даму себебіне орай белен алып келе жаткан көптеген әлеуметтік мудделер басқару қызметтерін күрделендірді. Нәтижесінде халык билiгi ретiнде демократияның өзіндік мағынасы билікті жүзеге асырудың нақты механизмдерiнен ерекшеленеді.
Қазіргі заманғы демократиялық қоғамның тәжірибесі демократия негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді: - жекетұлғаның әлеуметтік және саяси құқығына азаматтық кепілі.
- барлық азаматтардың қоғамдық iстер мен мемлекетті басқаруына катысуын тендей құқықпен қамтамасыз ету. Мұнда халық биліктің кайнар көзі өздері сайлаған өкілдер арқылы басқарылады, ол бюро кратиямен бірге бұқаралық ақпарат құралдары, саяси партиялар т.б. аркылы билікті бақылайды;
- жүйелі сайлау билік органдарынын негiзi;
- басымдықпен камтамасыз еткен накты шараларды пайдалана отырып, азшылыктын кукырын құрметтейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет