Дәстүрлі немесе қазіргі заманғы барлық қоғамдарда әлеуметтік өзгерістерді көруге болады, өзгеріске ұшырамайтын қоғам кемде-кем, әлеуметтік өзгеріс тұрғысынан қоғамда сапалық және сандық жағынан кейбір ерекшеліктер болуы мүмкін. Мысалы, қазіргі заманғы қоғамдарда үш өлшем бойынша дәстүрлі қоғамдардан ерекшелік танытуда. Қазіргі заманға қоғамдарда өзгерістер жылдам, кең жайылу жағынан көлемді және өзгерістер сапалық жағынан басқаша ерекшеліктерге ие.
Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар: ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер, наным-сенімдер, халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апаттар, тарихи оқиғалар т.б.
Әлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше әлеуметтік мәселелерді басынан кешіреді. Жаңалықтар әр уақытта онай жолмен қалыптаспайды және оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы әлеуметтік қарсы тұру пайда болып тұрады. Өзгерістерге қолдаушылар мен оған қарсы шығушылар арасында қақтығыстар болуыда ықтимал. Әр өзгерістің өзінше шығыны болады. Болымды нәтижелермен қатар болымсыз нәтижелерде орын алып тұрады. Мысалы, автомобильдің пайда болуы қоғамда жылдам өзгеріске жол ашқаны белгілі: тасымалдау, сауда, өнеркәсіп т.б. сияқты бірнеше салада болымды нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ, сонымен қатар, жол апаттары, экологияның нашарлауы т.б. сияқты болымсыз нәтижелер осы әлеуметтік өзгерістің жемісі.
Әлеуметтік өзгерістер жоспарлы және жоспарсыз болып екіге бөлінуде. Бүгіндері қоғамымызда орын алып жатқан өзгерістерді жоспарлы өзгерістер деп айтуға болады. Жоспарлы әлеуметтік өзгерісте биліктің рөлі ерекше. Үкіметтің қабылдаған бірнеше бағдарламаларында әлеуметтік қорғау: білім беру, денсаулық сақтау, экономика, мәдениет, жұмыссыздық, ғылыми зерттеулер т.б. сияқты тақырыптарды көруге болады. Бұл бағдарламалар бұдан да керемет қоғамды қалыптастыру үшін дайындалуда.
Әлеуметтік өзгеістерді анықтау үін әлеуметтануда бірнеше теориялар дамыған. Бұл теорияларға байланысты мысал ретінде, Марсктік қақтығыс теориясы, құрылымдық-функционалистік теорияларды айтуға болады.
2. а) Индустрия: Қазіргі күнгі индустриялық қоғам 17 ғасырдың соңында өнеркәсіп саласында даму процесінің нәтижесінде пайда болған екі себеппен байланыстыруға болады. Біріншісі, индустриялық төнкеріс. Екіншісі, дәстүрлі феодалдық әлеуметтік құрылым орнына либерал саяси тәртіп қалыптастырған француз төңкерісі ( Париж коммунасы, 1798ж. ). Осылайша әлеуметтік экономикалық дамудың материалдық негіздері индустрия төңкерісімен нығая түсті.
Индустрия дәуірі, негізінде технологиялық жаңалықтарға толы, саяси өмірге қарй бет бұрып дамыған демократиялық қоғам қажеттілігі мен капиталистену және бұқаралық тұтынудың кең етек жаятын синтезі деп түсінуде.
Батыс Еуропада өнеркәсіптің дамуына «3-М», яғни «МММ» үлкен рөл атқарды. «3-М» дегеніміз не? 1-ші «М» Маn, яғни адам. Өнеркәсіп жұмыс күшіне мұқтаж. Қалаға ағып келе бастаған жұмыс күші өздігінен өнеркәсіптің дамуына әсереткен бірден-бір фактор. 2-ші «М» Machine, яғни станок, керекті құралдар. Жаңа техника мен технологиялардың пайда болуы. 3-ші «М» Money, яғни ақша өнеркәсіптің дамуына әсер ететін бірден-бір фактор бұл қаржылай қамтамасыз ету. Инвестиция бүгінгі күнгі қоғамның дамуы үшін әсер ететін фактордың бірі.
б) Урбанизация (лат. Urbanus-қалалық) қалалардың, қала халқының өсуінің, олардың қоғам дамуындағы рөлінің артуы және ірі қалаларға, басқа да халыққы тән белгілердің, ерекшеліктердің, өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі. Халықтың қалаға шоғырлануы, қалаға көшіп келуі бұл өнеркәсіптің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына әсер етеді. Сондай-ақ мәдениетке тигізетін әсері де зор. Кешегі ауылдық бүгінгі қалалық болуы, қала өміріне үйренуі, қалалық әдеттерге бейімделе тез арада қалыптасып кетпейді. Бұған бірнеше уақыт керек. Тіпті кейбір дәстүрлі қауымдарда өмір сүрген дәстүрлі отбасылар қалаға көшіп келіп, тұрса да дәстүрлі өмір сүру салтымен қоштаса алмайды.
в) Мәдениет:Тэйлордың айтуынша мәдениет, ақпаратты, сенімді, өнерлі, моральді, заңды, әдет-ғұрыпты және қоғамның мүшесі болу үшін адамның ие болған барлық қабілеті мен әрекеттер жиынтығы.
Малиновскийдің ойынша мәдениет, тендивидтің, өмір сүру үшін әлеуметтік ортасын өзгертіп отыратын, сыртқы әлем мен барлық байлыныстары үшін жасанды екінші бір әлеуметтік орта қалыптастыру.
Мәдениет Б. Гувенчтің пікірінше 4 түрге бөлінеді:
n Ғылыми мәдениет- өркениет
n Санадағы мәдениет- білім
n Эстетикалық мәдениет- өндіріс.
3. Постиндустриялды қоғам-адамзат қоғаы дамуының (аграрлық және индустриялдық қоғамнан кейінгі) сатысы, әлемдік көпшілікке олардың болашағын көрсетіп, қазіргі ғылыми технологиялық, басқа да төңкерістердің қол жеткен табыстары мен келешегімен байланысқан әлеуметтік өзгерістерді сипаттайды. Оның көрнектік өкілдері: Д.Белл, З.Бжезинский, Р.Дарендоров және Элвин Тоффлер.
Элвин Тоффлердің «Болашақтың шоғы» атты еңбегінде ғылыми және технологиялық дамудың жылдамдығын зерттеген. Тоффлер адамзат баласының дүниеде пайда болуы туралы кейбір мағұлматтарында 50мың жылдан да әрі екендігін дәлелдейтіндей еңбегі бар. Егер әр 62 жылды 1 «өмір бөлігі-еденица» немесе ұрпақ деп алатын болсақ, аталған 50мың жылдық уақытты 800 өмір бөлігіне теңестіруге болады. Бұл 800 өмір бөлігінің ең соңғы кезеңдерінде пайда болған ғылыми және техникалық өзгерістер, жаңалықтар мен ақпараттар, бұдан өмір бөлігіндегі өзгерістермен теңдей. Адамзат баласы 650 өмір бөлігі бойыша (40300жыл) ін мен үңгірлерде өмір сүрген, соңғы 70 өмір бөлігі бойынша (4340ж) жазуды хәлге жеткен. Баспа техникасы соңғы 6 өмір бөлігінде қолданған. Электроникалық бұйымдар соңғы 2 өмір бөлігінде қолданудамыз.
Адамзат 800-ші өмір бөлігінде алғаш рет егін шаруашылығынан өнеркәсіпке көп көңіл бөлген қоғам құруда. Халықтың 70 немесе 80 пайызы егінмен айналысқан жағдайда ғана өзін толықтай азық-түлікпен қамтамасыз ете алатын елдер қазіргі кезде халқының 15 пайызы ғана егін шаруашылығымен айналысуда. Бірақ азық-түлікпен қамсыздануда ешқандай мәселе орын алмауда. Осылайша адамдар, табиғи мұқтаждығына жауап беру үшін күні бойы дене еңбегімен айналысудан құтылып, бұдан былай сауда, өнеркәсіп, білім беру, өнер және ғылыммен айналысуға жол ашуда
Достарыңызбен бөлісу: |