Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


«Чудеса: Популярная энциклопедия. Том 2»



Pdf көрінісі
бет75/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86
«Чудеса: Популярная энциклопедия. Том 2»: 
Қазақ совет энциклопедиясының Бас редакциясы;  
Алматы; 1991


182
қатер бар екендігін білуге тырысқан».
Адамзат тарихындағы ұзақ жылдар ішінде бал ашудың
дамығаны  соншалық,  қаншама  түрлері  пайда  болып
үлгерді.  Алақан  мен  карта  арқылы  ашатын  балдың  кең
тараған  түрінен  басқа  бал  ашудың  ерекше  түрі  де  бар.
Мысалы, гидромантия – бұл суда ашатын бал, клейдомантия
кілтпен ашатын  бал,  арифмомантия – сүйекпен ашатын
бал,  ботаномантия  –  жапырақтармен  ашатын  бал,
элевромантия –ұнмен ашатын бал, кантомантия – түтінмен
ашатын бал және т.б.
Қазақтар  арасында  құмалақпен  ашатын  бал  кең
тараған.  Бірақта,  таспиқпен  бал  ашу,  жануардың  жамбас
сүйегімен  бал  ашу  және  түңгі  аспанмен  бал  ашу  сияқты
басқа да бал ашудың түрлерін қолданған.
Ал, бүгінгі балгерлер не болжайды және болжамдарын
қалай  жасайды?    Балгерлердің  сөздік  қорында  «Жақында
Сіздің  өміріңізде  үлкен  өзгеріс  болады»,  «Мен  сізді
бейтаныс жерге алып бара  жатқан жолды көріп тұрмын»,
«Сіз бір жылдан соң өз тағдырыңызды кездестіресіз» және
т.б.  тіркестер  жиі  кездеседі.  Балгерлер  абстрактлы  және
нақты емес, мыңдаған мағынаға ие бола алатын тілді жиі
қолданады. Нақты бір нәрсені айтпайды. Олардың сөздері
кез-келген адамға сәйкес келе береді. Балгерге барған адам,
балгердің  айтқан  болжамдарын  өз  қалауынша  жорып,  өз
тағдырына сәйкестендіріп алады.
Көп  балшылар  байқампаз  келетіндігін  атап  өту  керек.
Сонымен  қатар,  олар  жақсы  психолог  болып  табылады!
Олар  келіп  отырған  адамның  сырт  келбетін  және  оның
сөзі  мен  көңіл-күйінен,  іс-қимылынан  ішкі  жан  дүниесін
бағалауға  тырысады.  Осыдан  кейін,  олар  бұл  адаммен
қандай  жағдай  байланысты  болу  керектігін  болжайды.


183
Балгерлер  өз  қулықтарын  асырып,  түсініксіз  бірдеңе
айтқан кезде келушінің таң қалғанын байқап қалса, дереу
басқаша сөйлей жөнеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет