Оңласын Назгүл 301-топ попс – формуласы «Мен жақсы мұғалім бола аламын»



Дата07.04.2023
өлшемі17,92 Kb.
#80150

Оңласын Назгүл 301-топ
ПОПС – формуласы
«Мен жақсы мұғалім бола аламын»
1. Менің ойымша, мен болашақта өте жақсы мұғалім бола аламын.
2. Себебі, жақсы мұғалім қандай болуы керек және ол не істеуі керек деген ережелерді әрқашан қайталап, соған лайық болуға тырысамын. Жақсы мұғалім қандай болу керек? Ол әрдайым ізденіс үстінде жүретін, заман талабына сай, инновациялық технологияларды толық меңгерген, «өзі тыңдай алатын және өзін тыңдата алатын», теория мен тәрбиені қатар ұстай алатын, сабырлы әрі адамгершілігі мол жан болуы керек деп ойлаймын.
3. Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...Жақсы мұғалімнің бойында болуы тиіс деп көрсеткен қасиеттер менің бойымнан табылатынына сенімдімін.Мен өзімді заман талабына сай, технологияларды меңгерген студентпін деп сенімді түрде айта аламын.
4. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім... Ұстаздық қызметте ешқашан босаңсуға болмайды. XXI ғасыр мұғалімі кемелді ұрпақ тәрбиелеуді өмірлік мақсат еткен, өзгелерге өнер-білім үйрете жүріп, өзі де үйрене жүретін сегіз қырлы, бір сырлы жан болуы қажет. Мұғалімдерге орасан зор жауапкершілік пен сенімділік артылған. Сол сенімді міндетті түрде ақтау қажет.

Оңласын Назгүл 301-топ
ДЕБАТ
Тақырыбы: Мектеп оқушыларына ұялы телефон қажет пе ?
Мақсаты:
1) Оқушылар пікір таластыра отырып, ұялы телефонның зиянды және пайдалы жақтары жөнінде білімін жетілдіру.
2) Оқушылардың өз ойларын, тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін фактілер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей білуге , біреудің пікірімен санаса білуге дағдыландыру.
3) Ортада және топпен жұмыс жасай білуге, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал ету.

Жақтаушылар

Даттаушылар

  • Топпен таныстыру

  • Топ басшыларының мүшелерімен таныстыруы

  • Өз дәлелдерін, фактілерін, мысалдарын, статист. Мәліметтер т.б... келтіре отырып, жақтап сөйлеу

  • Қарсы сұрақтар қою

  • Қорытынды жасау

  • Топпен таныстыру

  • Топ басшыларының мүшелерімен таныстыруы

  • Оппонентерінің дәлелдемелеріне қарсылық білдіру, әлсірету, дәлелдерін келтіре отырып, даттап сөйлеу

  • Қарсы сұрақ қою

  • Қорытынды жасау

Уақыт 5-7 мин

Уақыты 5-7 мин

Тақырыбы: «TikTok-тың пайдалы тұсы көп пе? Әлде зияны молырақ па?»


Мақсаты:
1) Оқушылар пікір таластыра отырып, ұялы TikTok желісінің зиянды және пайдалы жақтары жөнінде білімін жетілдіру.
2) Оқушылардың өз ойларын, тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін фактілер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей білуге , біреудің пікірімен санаса білуге дағдыландыру.
3) Ортада және топпен жұмыс жасай білуге, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал ету.

Жақтаушылар

Даттаушылар

  • Топпен таныстыру

  • Топ басшыларының мүшелерімен таныстыруы

  • Өз дәлелдерін, фактілерін, мысалдарын, статист. Мәліметтер т.б... келтіре отырып, жақтап сөйлеу

  • Қарсы сұрақтар қою

  • Қорытынды жасау

  • Топпен таныстыру

  • Топ басшыларының мүшелерімен таныстыруы

  • Оппонентерінің дәлелдемелеріне қарсылық білдіру, әлсірету, дәлелдерін келтіре отырып, даттап сөйлеу

  • Қарсы сұрақ қою

  • Қорытынды

Уақыт 5-7 мин

Уақыты 5-7 мин


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет