«Эллинизм» ұғымы және оның мәні
Эллинизм — ертедегі грек құл иеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Ескендір Зұлқарнайындың (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, біздің заманымызға дейінгі 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дөл осындай орасан зор мемлекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс және Батыc елдері мәдениетінің тогысу кезеңі десек те қателеспеген болар едік. Эллинизм – эллиндік (батыстық) және жергілікті (шығыстық) белгілердің саяси, экономикалық, мәдени, идеологиялық саллаларда өзара араласып кетуі. Бұл синтез ежелгі Шығыс территориясын грекмакедон жаулап алушылығы барысында қалыптасқан тарихи жағдайда мүмкін болды. Ежелгі грек тарихының эллиндік кезеңі б.д.д. ІV ғасырдың соңғы ширегінен басталып, б.д. І ғасырының соңында аяқталады. Б.д.д. 30-жылы соңғы эллиндік патшалық Птоломейлік Египет, Египеттің қолына өтіп, бұрын эллиндік династия қолындағы территориялар Республикалық Рим мен Парфия мемлекетіне таратылып беріледі. Александр өлгеннен кейін оншақты жыл ішінде ыдырау процесі басталған державаның жеке бөліктеріне иелік ету үшін диадохтар арасындағы үздіксіз соғыс барысында эллиндік мемлекеттер жүйесі қалыптасты. Олардың ішіндегі аса ірісі Македон патшалығы болды, оған Антигонидтер династиясы билік етті.
Селевкидтер мемлекеті
Селевки әулеті, б.з.б. 312 — 64 ж. Батыс Азияда эллиндік (грек-македон) мемлекеттердің бірін билеген. Негізін Селевк І Никатор қалаған. Астанасы — Селевкия, кейіннен Антиохия болды.Сәулет әулеті мемлекетіне Сирия, Месопатамия, Кіші Азияның бір бөлігі, Иран таулы өлкесі, Орталық Азияның бір бөлігі кірді.Мемлекетте егін, мал, жүзім шаруашылығы, мата тоқу, метал өңдеу, қолөнер жақсы дамыды, ірі қалалары көп болды. Селевк І-нің алғашқы мирасқорлары тұсында Кіші Азияда — Пергам, Каппадокия, Вифиния, Понт бөлініп шықты. Ішкі тартыстардан Селевки әулеті әлсіреп, көп жерлерінен айырылуына тура келді. Б.з.б. 64 ж. Селевки әулеті мемлекетінің ең соңғы бөлігі (Сирия) Рим провинциясына айналды.I Селевк -