«Металдар» тарауы бойынша эксперименттік есептер шығару. Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының міндетті талаптары



бет1/7
Дата07.01.2022
өлшемі328,08 Kb.
#20013
  1   2   3   4   5   6   7

1-2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:



1.Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының міндетті талаптары

2. «Металдар» тарауы бойынша эксперименттік есептер шығару.



1.Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының міндетті талаптары

Химиялық лаборатория – қауіптілігі жоғары орын. Химиялық эксперименттерді жасаған кезде, жараланбас үшін бұрыннан келе жатқан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.



  1. Реактивтерді пайдаланғанда, олардың негізгі қасиеттерін міндетті түрде білу керек: улылығы, басқа реактивтермен жарылғыш қоспалар түзу қабілеттілігі, жанғыштық қабілеті.

  2. Улы заттармен, өткір иісті заттармен, қышқылдар мен сілтілердің концентрациялы ерітінділерімен, сілтілік металдармен жұмысты тартпа шкафта істеу керек.

  3. Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/5-1/4 биіктікке көтеріп қою керек. Жұмысты аяқтаған соң, терезені мықтап жабу керек.

  4. Бөлінген газды ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды. Газдардың иісін сынауды абайлап жүргізу керек: сынауықтың аузын мұрын деңгейінен төмен, мқрынға ауаның әлсіз ағыны баратындай етіп бағыттау керек.

  5. Сынаптың буы өте улы. Сондықтан төгілгенсынапты шаңсорғышпен немесе амальгамаланған таяқшамен мұқият жинап алу керек және оқытушыға сынап төгілгенін міндетті түрде айту керек.

  6. Сутек, жарықтанғыш газ, бензин, эфир сияқты және т.б. оталу қауіптілігіжоғары заттарды оттан алшақта сақтау керек.

  7. Реактивтерді құйған кезде ыдысқа еңкеюге болмайды, себебі тамшылар немесе бөлшектер бетке немесе киімге шашырауы мүмкін.

  8. Қыздырылып жатқан сұйықтығы бар ыдысқа қарай еңкеймеу керек, өйткені ол ыдыстан шашырауы мүмкін.

  9. Сынауықты қыздырғанда аузын өзіңе немесе басқа адамдарға қаратуға болмайды.

  10. Ыстық сұйықтығы бар химиялық стақанды тасымалдағанда түбіне орамал салып, екі қолмен ұстау керек.

  11. Күкірт қышқылының концентрациялы ерітінділерін сұйылтқанда оны абайлап, баяу ағынмен суға құяды. Резеңке қолғаппен жұмыс істеген абзал.

  12. Қатты негіздерді судың алдын ала өлшеніп қойылған көлемін біртіндеп құю арқылы ерітеді. Күйдіргіш натрийдің немесе калийдің қатты кесектерін таза шүберекке орап үгітеді.

  13. Концентрациялы азот қышқылы кейбір органикалық заттарға (скипидар, эфир майлары, майланған қағаз, шүберек, ағаш жаңұасы және т.б.) әсер еткенде ұшқынданатынын есте ұстаған жөн.

  14. Газ жанарғыларымен жұмыс істегенде өте абай болу керек. Лабораториядан кетерде газ шамдарының крандарын тексерген жөн.

  15. Лас қышқыл және сілті ерітінділерін су құбырларына құюға болмайды. Лабораторияда бұларды құюға арналған арнайы ыдыстар болуы қажет.

  16. Жанғыш сұйықтықтар немесе басқа заттар тұтанып кеткен жағдайда жанарғыны тез сөндіріп, электрқыздырғыш аспаптарды өшіріп, отқа қауіпті (жанғыш) заттарды орнында қалдырып, отты сөндіруге мынадай шараларды қолдану керек: а) жанып жатқан сұйықтықты асбест немесе кәдімгі одеялмен жауып қояды немесе құммен көмеді; ә) жанған фосфорды дымқыл құммен немесе сумен сөндіру керек.

  17. Киім жанған жағдайда адамды сыртынан одеялмен немесе пальтомен және т.б. орау керек. Ешқандай жағдайда қашуға болмайды.

  18. Егер электрөткізгіштері жанса, ажыратқышты өшіріп, қолдағы бар затпен (құм, су, асбест көрпесі, өртсөндіргіш) өртті сөндіру керек.

  19. Белгілі заттардың (соның ішінде ас тұзының, қанттың) да дәмін татып көруге болмайды. Техникалық мақсатөа арналғандықтан олардың құрамында адамға қауіпті қоспалар болуы мүмкін

  20. Егер сендер шыны ыдыста бір затты қыздырсаңдар, аспапты дайындау үшін түтікті майыстырсаңдар, жалаң қолмен шыныны ұстамаңдар: ыстық шышыны сыртқы түріне қарап суық шыныдан ажыратуға болмайды.

  21. Лабораториядан кетерде газды, жарықты және суды өшіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет