Оќытушы этикасы



бет1/19
Дата06.01.2022
өлшемі477,5 Kb.
#12533
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Оқытушы этикасы
Оқытушы этикасына кіріспе
Бүгінгі таңда елдегі динамикалық, тіпті кейде болжамға көнбейтін әлеуметтік-экономикалық жағдай оқу-тәрбие процесін елеулі қиындатып отыр. Осыған орай маман тұлғасы жаңаша қалыптастырылуы тиіс: оны әртүрлі экономикалық, құқықтық, саяси және адамгершілік-этикалық әсерлер түрінде адам баласының басына түскен нарықтық қатынастар жағдайында өз бетімен ізденуге және адамгершілік кредосын таңдауға жан-жақты дайындау қажет. Студенттерге бұл әсерлердің жүйесіздігіне бейімделу өте қиын. Мектептің, жоғары мектептің екі бағыттың- педагогикалық гуманизм және авторитаризмнің күрес алаңына айналғаны ұстаз үшін де қиындық туғызуда, оның алдында таңдау тұр: не рухани мәдениеттің созылмалы дағдарыс күйінде қалу, не қоғамдағы педагогтың жағдайы мен мүмкіндіктерін түбегейлі қайта ойластыру.

Бұл өмірлік маңызы бар ойлар біліктілік деңгейімен қатар оқытушының моральдық бейнесі мен адамгершілік ұстанымын елеулі дәрежеде қамтасыз етуі мүмкін, себебі мораль адамдардың жеке және қоғамдық өмірін реттейтін және құратын маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Бұрыннан бері еңбек моралында нақты еңбек қызметі шегінде адамдардың этикалық ұстанымдарын, өзін-өзі ұстау нормаларын анықтайтын кәсіби этика ажыратылып келген. Кәсіби этика кәсіби қызмет ерекшелігімен негізделген адамдардың адамгершілік санасының, өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлқының ерекшеліктерін көрсетеді. Профессор А. Архангельский атап өткендей, кәсіби этиканың болу фактысы ғана емес, оның кәсіби еңбектің әртүрлі түрлерін реттеудегі өсіп отырған мәні де ешкімде күдік тудырмайды. Оның кәсіби қызметтің әртүрлі саласына енуі де даусыз. Кәсіби этиканың дәрігерлік, әскери, заң және т.б. түрлері тарихи қалыптасқан болса, бүгінгі таңда қызметтік, басқару, инженерлік этика мәселелері белсенді қалыптасу үстінде. Мысалы, журналист шығармашылығы этикасы бойныша, милиция қызметі этикасы бойынша жұмыстар белгілі, ал ғалым, әртіс және т.б. этикасына жататын мәселелер көкейкесті болып отыр.

Ал педагогикалық қызметке келетін болса, онда бұл орайда кәсіби дайындықтың табыстылығы ерекше оқытушыда кәсіби моральдың қалыптасу деңгейімен анықталады: оның адамгершілік санасы мен сеніміне, себебі педагог ісінде адамгершіліктің алатын орны ерекше, өйткені мұнда моральдың өзі педагогикалық қызмет атқарады: оқытушы рухани әлемді қалыптастырады, осыған орай, жастардың адамгершілік тұлғасын да.

Оқытушының адамгершілік ұстанымы, біліктілік және шеберлік деңгейі елеулі дәрежеде осы міндетті шешуді қамтамасыз етуге себін тигізеді. Сондықтан да, оқытушының адамгершілік қалыптасуы, оны кәсіби-этикалық дайындау мәселелері қоғам дамуының қазіргі заманғы сатысында жоғары мектептің қызметінің тиімділігін арттыруда анықтаушы болған және болып қалуда.

Жоғары білім беру мәселелері қарқынды түрде жасалу үстінде екендігін атап өту орынды (К.Жаңабаев, К.Жоламанов, А.И. Иманалиев, В.П. Елютин, С.И. Зиновьев, Н.В.Кузьмина, Н.Г. Куликов, Н.Д.Никандоров және т.б.).

Мұғалімнің жеке басының адамгершілік-этикалық қалыптасу мәселелері бойынша да арнайы зерттеулер пайда болды (М. Ачилов, Э.А.Гришин, В.И. және И.Я.Писаренко, Л.Э. Рустамов, В.А. Сластенин, И.И. Чернокозов, В.Н. Чернокозова, Э.А. Шнибекова, Т.Ж. Шилимбаева, Н.Д.Хмель және т.б.).

Бірақ та, адамгершілік тәрбиесінің теориясын дамытуда ТМД ғалымдарының - философтарының, әлеуметтанушыларының, этиктерінің, психологтары мен педагогтарының елеулі үлестерін ескере отырып, студент жастарды адамгершілік-этикалық тәрбиелеу жүйесінің мәсеелелері ауқымды зерттеудің пәні бола қоймағандығын атап өткен орынды, әйткенмен де оны шешу алдыңғы зерттеулермен жеткілікті деңгейде дайындалған және педагогикалық ілімнің логикасымен ұсынылады.

Жоғары мектеп тәжірибесін талдау жоғары оқу орындарының оқытушыларының студенттердің жеке тұлғасын адамгершілік-этикалық қалыптастыруды жүзеге асыруда, оны кәсіби дайындаудың басқа міндеттерімен қатар, кездесетін қиындықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталғандардан шыға отырып келесідей қорытындыға келеміз, бұл жұмыстың оқытушы этикасы мәселелерін проблемалық талдаудағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының педагогикалық ой тарихында этика-педагогикалық идеясының негізін қалаушылардың көзқарастарына ретроспектикалық талдаудағы алғашқы талпыныстардың бірі болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет