Психологиялық- педагогикалық негіздері



Дата28.06.2022
өлшемі19,11 Kb.
#37384
Байланысты:
крит срс


Кәсіптік колледж оқушыларының критериалды бағалауын ұйымдастырудың
психологиялық- педагогикалық негіздері
Жоспары:
- кәсіптік колледж оқушыларының жетістіктерінің сапасын бағалау және өлшеу жүйесі
- көрсеткіштер(индикаторлар) жүйесін құру мақсаты
- индикаторлар қызметтері мен құрылымы
- индикатор жүйесін жүзеге асыру шарттары
- білім беру салалары мен индикаторлар мазмұны
- білім беру саласы бойынша кәсіптік колледж оқушыларының жетістіктерінің өлшемдері,
көрсеткіштері, деңгейлері.
Тақырыпқа қысқаша шолу: Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа
талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы
жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін
қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және
бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық
мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі
қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат
жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы
өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын
іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі -
критериалды бағалау жолдары.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес
келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды
тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған
өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде
баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысананың артында тек қана объективті
немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ
баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік
және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатыр. (Александер, 2001)
Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы
қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі
аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың
оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды
бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір
адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес
ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер,
емтихандардан бастап, мұғалімдер күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл
бағалау түрлерін қамтиды. Бір тестілер қолдағы қарындаш пен қаламның көмегімен жүргізілсе,
басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық
түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
қадағалау;
алынған мәліметтер интерпритациясы;
бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.
Мұғалімнің бағалаудағы ролі:
Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық
ақпарат жинастырушы;
Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;
Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және
мектеп әкімшілігіне баяндау.
Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:
1. Оқыту мақсатымен бөлісу.
2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.
3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.
4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.
6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен
қатар олардың қандай қиындықпен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі
іс-әрекетті, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды
қадағалау. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы
керек. Бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет.
Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе
оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу
мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Мұғалім жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті,
нәтижелерді бағалайды және өткенге шолу өлшемдерін қолданады. Интерпритацияның көмегімен
мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпындыруға болады, логикалық қорытынды
шығарылады. Мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі
болып табылады. Мәліметтерді интерпретациялау негізінді қорытынды жасалады, ол бағалауды
көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі туралы мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын
міндеттерге байланысты әр түрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқу үшін бағалауға қарағанды, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не
оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің
белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе
деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады.
Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау
кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен
шешім басқа сипатта болады.
Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай
бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен
олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. [Мұғалімдерге
арналған нұсқаулық]
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар
жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын
айқындауы;
Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың
болмауы;
Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа
тәрбиелеуі;
Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер
кезінде анықтауы;
Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері
байланыс ақпаратын алуы;
Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды
бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
Баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса,
бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Тәжірибелік маңыздылығы:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқыпзерделенген материал бойынша ғана қойылады.
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу
үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.
- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Оқыту нәтижелерін бағалау әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы/ К.Т. Медеубаева,
Д.Қ.Садирбекова.- Алматы: Альманах, 2019.
2.Бағалаудың өлшемдік технологиялары [Мәтін]: Оқу құралы/ Р.А. Набуова,
А.М.Жубандыкова.- Алматы: Юрист, 2019.
3.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар [Мәтін]: Оқулық/ Ф.Б. Бөрібекова, Н.Ж.
Жанатбекова.- Алматы: ЖШС РПБК Дәуір, 2014.
4.Білім берудегі жаңа технологиялар: теориясы мен әдістемесі. Мұқанова Қ.Қ. 2019
5.Современные технологии в педагогическом образовании [Текст]: Учебное пособие / Е.В.
6. Шевчук, Н.С. Кольева.- Алматы: ИП "Отан", 2014

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет