Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Ақпарат ұғымы мен түрлерін анықтау. Көптеген оқушылар



бет1/12
Дата14.01.2023
өлшемі6,1 Mb.
#61279
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сабақтың тақырыбы
Ақпараттың сипаттары
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Ақпарат ұғымы мен түрлерін анықтау.
Көптеген оқушылар:
Ақпарат қасиеттерін салыстыру.
Кейбір оқушылар:
Ақпарат қасиеттерін анықтаудың қажеттілігін түсіндіру.
Ұйымдастыру кезеңі:
Ой сергіту жаттығуы: «Телефон» ойыны.
Жаңа топ құру: «Мозаика».
-берілген мақал-мәтелдердің қиындыларын құрастыру арқылы топтарға бірігеді:
1. «Мың рет естігенше, бір рет көр».
2. «Еңбегі аздың, өнбегі аз».
3. «Ағаш айғайға кұламайды».
Кестемен жұмыс: Оқушылар кестеге білетіндерін жазады. Ақпарат түрлері Ақпарат қасиеттері
Оқу мақсатын таныстыру, оқушылардың қажеттілігін анықтау.
«Миға шабуыл»
  • Ақпарат дегеніміз не?
  • Ақпаратты қабылдаудың қандай түрлері бар?
  • Ақпараттың адам өміріндегі маңызы жайлы не айтуға болады?

Оқулықпен жұмыс:
Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды. (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Практикалық тапсырмалар:
1. Өзің ақпарат алатын дереккөздердің тізімін көрсет.
2. Қызметтің негізгі түрі ақпаратпен жұмыс істеуге болатын мамандықтар тізімін жаса.
3. Өзің ақпарат көзі, ақпарат алушы болатын жағдайлар туралы мысалдар келтір.
4. Кешке қарай, сабақтан қайтқан кезде, сыныптасың күтпеген жерден қоңырау шалып, ертеңгі сабақ кестесі өзгертілгенін ескертті. Сыныптасың саған жаңа сабақ кестесін берді. Бұл ақпаратта сен үшін қандай қасиеттер бар?
Дескриптор
Ақпарат көзін анықтайды.
Ақпарат қасиеттерін салыстырады.
Топтық жұмыс:
Дескриптор
Ақпарат қасиеттерін анықтайды.
Ақпарат қасиеттерін салыстырады.
Ақпараттың барлық қасиеттері маңызды десекте, әртүрлі мамандық иелері үшін осы қасиеттердің бірі басқаларына қарағанда айрықша маңыздылыққа ие болады. Мысалы, журналист үшін бірінші кезекте ақпараттың өзектілігі маңызды. Әрбір мамандық иесі үшін ақпараттың қай қасиеті ерекше маңызды екеніне талдау жасаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет