1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу. Компьютер алғаш пайда болған кезден бастап онда әртүрлі графикалық объектілерді кескіндеу мүмкіндігі туды.Бастапқыда компьютерде суреттер векторлық графика әдісімен салынды. Экранда екі нүктенің орны анықталып, олар түзу сызықтармен біріктірілді. Компьютер техникасының дамуына байланысты графикалық объектілерді құрастырудың көптеген әдістері пайда болды.
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
Сабақтың ортасы
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Графикалық редактор-компьютерде графикалық кескіндерді, суреттер мен фотосуреттерді өңдеуге арналған программа. Векторлық графикада суретті түзу және қисық сызықтардың көмегімен координаталар арқылы салады. Растрлық графикада кескін торкөздерге пиксельдер арқылы салынады. Қазіргі таңда растрлық және векторлық суреттерді салып өңдеуге арналған графикалық редактор көп. Растрлық және векторлық графикалық редакторлардың жұмысын түсіну үшін Paint.NET растрлық және Photo Brush векторлық графикалық редакторымен танысайық. Көрсетілім. Paint.NET графикалық редакторының терезесі. Paint.NET графикалық редакторының жұмыс істеу ерекшеліктері. Көрсетілім. Photo Brush векторлық графикалық редакторының терезесі. . Photo Brush векторлық графикалық редакторының жұмыс
істеу ерекшеліктері. Растрлық суреттерді құру және редакциялау. Растрлық суреттерді құру және өңдеуді үйрену үшін Paint.NET графикалық редакторында жұмыс істеу жолдарымен танысайық.