Лекция №1 web дизайн және компьютерлік графика негіздері



бет1/8
Дата28.09.2022
өлшемі35,44 Kb.
#40661
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8

Лекция №1


WEB дизайн және компьютерлік графика негіздері


Мақсаты: Компьютерлік графика принциптері, Растрлық графика, Экрандық бейненің көрсетілімі, Басылған бейненің көрсетілімі және линиатура түсінігі, Векторлық графика түрлері, Фракталдық графика. Компьютерлік графиканың қолдану салалары, Ғылыми графика. Іскерлік графика. Конструкторлық графика. Безендірмелік графика. Көркемдік және жарнамалық графика түрлерімен таныстыру.


Лекция жоспары:
1. Графикалық ақпарат туралы түсінік.
2. Растрлық графика
3. Экрандық бейненің көрсетілімі.
4. Басылған бейненің көрсетілімі және линиатура түсінігі.
5. Векторлық графика
6. Фракталдық графика.
7. Компьютерлік графиканың қолдану салалары
8. Ғылыми графика
9. Іскерлік графика
10. Конструкторлық графика
11. Безендірмелік графика.
12. Көркемдік және жарнамалық графика


1. Графикалық ақпарат туралы түсінік

Компьютерлік графика - бұл компьютерде графикалық бейнелермен (суреттермен, сызумен, бейнекадрлармен және т.б.) жұмыс істеу мүмкіндігін беретін информатиканың бір бөлімі. Сонымен бірге мұнда компьютер көмегімен графикалық бейнелер алу әдістері құрылып, қолданылады.


Графикалық редакторды пайдаланып, төмендегі әрекеттерді орындай алады:

  • суретті мәтінмен рәсімдеу, хабарландыру, жарнамалық плакат, қызметтік карточкаларды және т.с.с. безендіруді;

  • бұрын салынған кескіндерді біртұтас суретке біріктіруді;

  • кескіннің кез келген бөлігін “қиып алу”, “жапсыру” және “өшіру”;

  • ұсақ бөлігін өңдеу үшін кескін фрагментін үлкейтуді;

  • суреттерді сыртқы тасушыларда сақтауға;

  • бояуға, түстерін өзгертуге, сурет салу үшін түрлі “бояу” мен “қылқаламды” қолдануды.

Бұдан басқа, сурет салу немесе оны өңдеу процесінде қолдануға болатын қосымша аспаптары бар. Бұлар қандай да бір сызық жүргізуге арналған қылқалам; өшіруге арналған өшіргіш; бояуға арналған құйма; сурет үзіндісін қиып алуға арналған қайшы, т.б. аспаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет