Сүлеймен бақЫРҒани – ортағасырлық ойшыл, ҒҰлама мәтбек Н.Қ



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата17.11.2022
өлшемі0,52 Mb.
#50750
  1   2   3



 
СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ – ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОЙШЫЛ, ҒҰЛАМА 
 
Мәтбек Н.Қ. – филол.ғ.к., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға 
оқытушысы, nursulu.m@mail.ru
 
Мақала ортағасырлық ойшыл, ғұлама Сүлеймен Бақырғанидың ғұмырнамалық деректеріне 
арналған. ХІІ ғасырда өмір сүрген, Хакім Ата деген атпен танымал болған Сүлеймен Бақырғанидың 
өз заманы туғызған тарихи тұлға екеніне тоқталады. Тарихи және әдеби ғылыми зерттеулердегі 
С.Бақырғани туралы мәліметтерді саралайды. ХІХ ғасырда Қазан қаласынан баспа бетін көрген 
еңбектердегі ойшыл, ғұлама туралы деректердің құндылығына тоқталады. Хакім Атаның Орталық 
Азияда ислам дінінің таралуына үлес қосқан ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің таңдаулы 
мүридтерінің бірі болғандығы, ұстазының үлгісімен діни хикметтер жазғандығы айтылады. Хакім 
Ата – Ясауи мектебінен рухани білімін кемелдендіріп, өзі де шәкірттер тәрбиелеген ұстаз, ел-жұртын 
ислам арқылы имандылық, адамгершілік жолға үндеген ғұлама екендігін зерделейді. 
Түйін сөздер: ислам әлемі, мәдениет, ойшыл, ғұлама, хикметтер, ұстаз, хакім.
 
Сыр бойы, әсіресе Түркістан өңірі еліміздің сонау Қарлұқ (754-840), Қарахан (942-1211) дәуірінен 
бастап-ақ ислам әлемінің ең басты мәдениет және білім ұяларының бірі болған. Отырардан 
оңтүстікке қарай қазіргі Түркістан аймағын алып жатқан округ Шауғар аталған. XІ ғасырда Шауғар 
құлдырап, округ астанасы Ясыға көшірілген. Шағын ғана қыстақ Ясы мәдениет орталығына айналып, 
Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы күшейе түскен. 
XІ-XІІ ғасырларда Қазақстанда басқа да қалалар өсіп, сауда мен қолөнер, дін мен мәдениет 
айтарлықтай дамыған. Бұған феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік құрылымның шығуы, 
отырықшы-егінші шаруашылықтың дамуы себеп болды. 
XІ ғасырдың 60-70 жылдары Қарахан мемлекеті селжуктармен қақтығысып, соның салдарынан бір 
орталыққа бағынудан кетіп, селжуктарға тәуелді болды. XІІІ ғасырдың басында Орталық Азия мен 
Қазақстанға қарақытайлардың тұтқиылдан басып кіруінен Қарахан мемлекеті біржолата құлады. 
Соның нәтижесінде бұрынғы Селжук мемлекетінің құрамындағы Хорезм өлкесі дамып, өркендей 
бастады. 
Қазақстан жерін мекендеген түріктектес халықтар да Орталық Азия елдері сияқты ислам 
мәдениетін өркендетуге өз үлесін қосты. Әсіресе Қожа Ахмет Ясауи өзінің шәкірттерімен қалың 
бұқараға исламның мәнін ұғынықты етіп, жергілікті халықтың туған тілінде жеткізуге күш салды. 
Солардың бірі, Сүлеймен Бақырғани – XІІ ғасырда өмір сүрген атақты ақын, ойшыл, ғұлама. Ол өз 
заманында Хакім Ата деген есіммен белгілі болған. Сүлеймен Бақырғани туралы нақты деректер 
жоқтың қасы. Қазақтан тарихы және ежелгі дәуір әдебиеті оқулықтарында Хакім Атаның Орта 
Азияда ислам дінінің таралуына үлес қосқан ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің таңдаулы 
мүридтерінің бірі болғандығы, ұстазының үлгісімен діни хикметтер жазғандығы ғана сөз болады. 
Зерттеу еңбектерде С. Бақырғанидың 1186 жылы 82 жасында қайтыс болғандығы жазылған. Бұл 
дерекке сүйенсек, С.Бақырғани 1104 жылы дүниеге келген болып шығады. Ғалым Ш.Қ.Сәтбаева 
«Шоқан Уәлиханов – филолог» деген кітабында: «Ш.Ш. Уәлиханов қыпшақтардан шыққан хорезмдік 
Хакиматаның 523 (1129) жылы дүниеден өткендігін күнделіктерінің бірінде жазып қалдырған»,– 
[1,90 б.] деген мағлұматты келтіреді. 
С.М. Демидов өз зерттеулерінің бірінде Сүлеймен Бақырғаниды қазіргі Қоңырат қаласына таяу, 
Хорезмнің солтүстігіне орналасқан Бақырған деген мекеннен шыққан деп есептейді. Хакім Атаның 
мазарының сол жерде екендігін, қазіргі уақытта да мінажат етушілерге танымалдығын баяндайды 
[2,38 б.]. 
Ясауитанушы ғалым З.З. Жандарбек «Насаб-нама нұсқалары және түркі тарихы» деген 
зерттеуінде: «Насаб-нама-йи Хаким Ата” яғни Хакім Ата әулетінің шежіресінен деректер келтіреді: 
«Сүлеймен Құл Хакімді суфра тұту – білім тарату үшін Қожа Ахмет Ясауи Үргеніш уәлаятына 
жібереді, оның 93 жыл өмірі болды, бес мың мүриді болды»,– [3,64 б.] дейді. С. Бақырғанидың 
мазарының қазіргі Өзбекстан Республикасы Хорезм облысында екендігін көрсетеді. 
Қазақ совет энциклопедиясында Бақырғани Арал теңізіне таяу, Қарақалпақ жеріндегі Қоңырат 
қаласының Үстірт жақ Темірқазығында ескі керуен жолының үстіндегі мекенде туғандығын, ол 
кісінің қабірі де осы арада болғандықтан, қыстақтың аты осылай аталғандығын көрсеткен. Біз 
С.Бақырғани туралы зерттеулерді зерделей келе, Қазақ совет энциклопедиясында ақынның туған жері 
деп қайтыс болған жерін көрсеткен деген ойдамыз.



Қазан баспасынан 1878 жылы жарық көрген «Хакім Ата кітабы» Сүлеймен Бақырғани жайлы 
тұңғыш баспа бетін көрген еңбек болғандығымен құнды. 
«Хакім Ата кітабынан» Сүлейменнің Түркістан төңірегінде дүниеге келгендігіне көз жеткіземіз. 
Белгілі ғалым Х. Сүйіншәлиев те Сүлейменнің қазақтың қалың қоңырат елінен шыққандығын, 
Қаратау мен Сыр өлкесінде туып-өскендігін жазады [4,147 б.].
С. Бақырғани жайлы зерттеулерден ақынның 1104 жылы дүниеге келіп, Түркістан маңайын 
мекендеген жергілікті тайпалардың арасынан шығып, Қожа Ахмет Ясауи мектебінен білім алып, 
ұстазының батасымен Хорезм өлкесіне ислам дінін, Ясауи тариқатын тарату үшін барып, Бақырған 
қыстағын мекендеп, 1186 жылы сексен екі жасында сол жерде дүниеден өткендігін білеміз.
«Хакім Ата кітабында» Сүлейменнің Боғраханның қызы Әнуарға үйленіп, одан Асқарқожа
Мұхаммедқожа, Хұббиқожа деген үш ұлы болғандығы айтылады. 
Қазақ совет энциклопедиясында Айша бибіні Бақырғанидың қызы деп келтіреді. Айша бибінің 
басына Тараз қаласының оңтүстігінде жиырма шақырымдай жерде мазар тұрғызылған [4,115 б.]. 
Әнуар Ана Хакім Ата дүниеден өткен соң, Зеңгі бабаға (шын аты-Айқожа, түрі қап-қара негр 
тәрізді болғандықтан «Зеңгі» аталған) тұрмысқа шыққан. Кейбір зерттеулерде Айша бибіні Зеңгі 
бабаның қызы деп те санайды. «Хакім Ата кітабында» Айша бибі жөнінде айтылмаған. 
Ш. Уәлиханов 1858 жылы 25 қазанда «Қашқар күнделігінде»: «Ташкентте Зеңгі Ата мазары бар. 
Әнуар Ана – Зеңгінің әйелі, ұстазы Хакім Атаның жесірі, Ер Хұббу – баласы, бірінші некеден; Әли-
Асқар – екіншісінен»,– дейді. Әнуар Ананың сиыр бағып жүрген күйеуіне тамақ таситындығын 
жазып қалдырыпты [5,50-51 бб.]. 
Сүлеймен медреседе білім алып, зеректігімен ұстазының көзіне түскен. Он бес жасынан бастап, 
Құран үйрене бастаған. «Хакім Ата кітабында» Сүлейменнің «Хакім» деген атқа ие болуы жайлы 
жазылады. Қызыр Ілияс бір күні Түркістанға келгенде, оның басқа шәкірттерден ақылдылығын, 
даналығын, тапқырлығын көріп тәнті болады. «Хакім» деген ат беріп, аузына түкіреді. Сүлеймен 
содан ақын болып, хикмет айта бастады дейді. 
Хакім – аса дана, хикмет иелеріне берілетін атау. Абай «Отыз сегізінші сөзінде»: «Ғашық-
мағшұқлыққа халик бірлән махлұқ ортасы мунәсибәтсіз алла тағаланың пендесін махаббат уа 
мархамат бірлән жаратқанын біліп, махаббатына махаббат бірлән ғана елжіремекті – құдаға ғашық 
болды дейміз. Олай болғанда, хикімет құдаға, пенде өз ақылы жетерлік қадәрін ғана білсем деген 
әрбір істің себебін іздеушілерге хаким ат қойдылар. Бұлар хақ бірлән батылды айырмаққа, себептерін 
білмекке тырысқандары һәммасы адам баласының пайдасы үшін, ойын-күлкі түгіл, дүниедегі бүкіл 
ләззат бұларға екінші мәртәбада қалып, бір ғана хақты таппақ, әрбір нәрсенің себебін таппақ бірлән 
ләззаттанады. …Әрбір ғалым – хаким емес, әрбір хаким – ғалым»,– [6,147-148 бб.] дейді.
«Бақырғани кітабындағы» хикметтер ақынның Құл Сүлеймен, Хакім Ата, Қожа Хакім Ата деген 
есімдерімен берілген. Түркілерде «Ата», «баба», «баб» (Хакім ата, Арыстан баб, Зеңгі баба т.б.) деген 
атаулар – дін өкілдеріне, дін басшыларына, шайқыларға берілген атау. Құл атауы (Құл Сүлеймен, Құл 
Қожа Ахмет Ясауи, т.б.) Алланың құлы деген ұғымды білдіреді. Әрбір мұсылман өзін «Алланың 
құлымын, Мұхаммедтің үмбетімін» деп таныстырады.
Шәкәрім «Қысқа сөз» деген өлеңінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет