ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1 (65), 2022
ВЕСТНИК КГПИ №1 (65), 2022
ISSN 2310-3353
ISSN 2310-3353
18
ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
ЭМПИРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
ƏОЖ 82.0 (574)
Оспанұлы, С.,
ф.ғ.к., профессор
Мырзағалиева, К.М.,
ф.ғ.к., тіл жəне əдебиет теориясы
кафедрасының қауымдастырылған профессоры
А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ
Сатбаева, А.Т.,
КММ қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі,
педагог-сарапшы,
Қостанай облысы əкімдігі білім басқармасының
Федоров ауданы білім бөлімінің
Ленин жалпы білім беретін мектебі
Қостанай, Қазақстан
АХАҢНЫҢ АСЫЛ ІНІСІ
Түйін
Кешегі Кеңес дəуірінде Алаш қайраткерлерінің белді өкілдерінің бірі
Ғазымбек Бірімжанов жайында сөз қозғауға, жазуға тыйым салынды.
Ахмет ағай, Ғазымбек
Елден шетке кетіп жүр,
Отанға қызмет етіп жүр.
Қазақтың қамы қайғысы
Жүрген жоқ олар босқа тек...
Бұл Əлмағамбет Оспанұлының «Ерлерді өткен толғасам» деп баста-
латын толғауынан үзінді. Толғаудағы «Ахмет ағай» А. Байтұрсынұлы емес,
Ғазымбектің ағасы Ахмет Бірімжан. Өлең Шеген ұрпақтары жайында.
А. Бірімжанұлы 1927 жылы 5 қаңтарда қайтыс болды, 9 қаңтарда «Еңбек-
ші қазақ» газетінде М. Дулатұлы жазған қазанама жарық көргені белгілі.
Яғни, Ə. Оспанұлының бұл шығармасы 1927 жылға дейін жазылған.
Мақалада Ғ. Бірімжановтың өмірі мен қызметі, А. Байтұрсынұлы-
мен екеуінің арасындағы аға-інілік, достық қарым-қатынас туралы əңгіме
болады.
Кілт сөздер: «Алаш», Алаш Орда, ұстаз, шəкірт, ұлт, «Ақ жол»,
газет, қайраткер, естелік, журналист, публицист.
1 Кіріспе
Шегеннен Бірімжан, одан Қорғанбек, одан Ғазымбек. Бірінші жəне екінші Думаның
депутаты болған Ахмет Бірімжановпен (жоғарыдағы жырда аты аталған) Ғазымбек бірге
туады.
Ғазымбек 1896 жылы Торғайдың Тосын болысында дүниеге келген.
Ахмет Байтұрсынов Ғазымбекті інісіндей көріп, қолынан келгенше көмегін аямаған.
Ғазымбек те Ахаңды ардақтап, жолын қуып, одан үлгі-өнеге алған. «Алаш» партиясына
енген. 1914 жылы Орынбордағы реальді училищені бітіріп, кейін Ташкент университетінің
дəрігерлік факультетінде оқыған. 1916 жылдары майданның қара жұмысына қазақтар алынған
кезде Ғазымбек өзі сұранып Киевке барып, орысша білмейтін қандастарына көмек көрсеткен.
Қаламының жүйріктігін байқаған Міржақып Дулатов оны 1920 жылы «Ақ жол» газетіне