Емтихан материалдарын жүктеп алуға арналған нұсқаулық
Емтихан материалдары электроныды форматта әзірленеді.
Барлық
файлдар құпия сөз көмегімен бұғатталады.
Облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың әрбір білім
басқармасы үшін емтихан материалдары бар жеке мұрағат (парольді көрсете
отырып) құрылады.
Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – ҰТО) жауапты маманы
файлдарды "Бұлтқа" жүктейді және оған жүктелген
файлдар көрсетілген
сілтеме беріледі. Бұл сілтемелер облыстардың және Республикалық маңызы
бар қалалардың білім басқармасының сенім білдірілген адамдарына беріледі
және ол бұл файлды өзіне ыңғайлы уақытта авторизациясыз жүктей алады.
Бұлттағы файлға сілтеме 2023 жылғы 26 мамырға дейін облыстардың
және Республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына 2023
жылғы 26 мамырға дейін білім бөлімдеріне беру үшін беріледі. Білім бөлімі
сілтемені білім беру ұйымдарына 2023 жылғы 30 мамырға дейін береді.
Келесі мерзімдерде білім беру ұйымдарына
бұғатталған файлдарды ашу
құпия сөзі беріледі.
Құпия сөздерді тарату уақыты: ҰТО-дан білім басқармаларына – 07:00-
ден 08:00-ге дейін, білім басқармаларынан білім бөлімдеріне – 07:00-ден
09:00-ге дейін, білім бөлімдерінен білім беру ұйымдарына – 07:00-ден 09:00-
ге дейін.
Бұғатталған файл ашылғаннан кейін емтихан материалдары емтиханға
бір күн қалғанда түлектерінің санына сәйкес білім беру ұйымдарында
басылып шығарылады.
Бақылау
жұмыстары конверттерге, емтихан материалдары әр сынып
үшін бөлек қорапта жиналады.
Буылған материалдар білім беру ұйымының күнімен
және мөрімен
мөрленеді.
Емтихан материалдары білім беру ұйымдарында құпиялылық
шараларын сақтай отырып (сейфте сақтау) емтихандар
өткізілгенге дейін
сақталады.
Емтихан материалдары емтихан басталғанға дейін 1 сағат бұрын
кемінде 5 мұғалімнің қатысуымен ашылады.
Емтихан материалдары үшін тараптардың жауапты тұлғалары ұсынған
білім беру бөлімдері мен ұйымдары жауапты болады.