Энергия алмасуы. Негізгі қоректік заттардың катаболизмінің арнайы жолдары. Үшкарбон қышқылдарының циклі – мәні, реакцияларының реті, ҮҚЦ-нің атқаратын қызметтері. Биологиялық тотығу және биологиялық тотығу ферменттерін тежейтін заттар
Энергия алмасуы.Негізгі қоректік заттардың катаболизмінің арнайы жолдары. Үшкарбон қышқылдарының циклі – мәні, реакцияларының реті, ҮҚЦ-нің атқаратын қызметтері. Биологиялық тотығу және биологиялық тотығу ферменттерін тежейтін заттар. Тыныс алу комплекстері. Тотығудан фосфорлану. Тыныс алу коэффициенті. Тыныс алуды бақылау.
Энергия алмасуы. Энергия алмасуы – энергетикалық материалдардың жануарлар организмінде ыдырап, энергия бөлу немесе белгілі бір қосылыс түрінде синтезделіп, энергияны сақтау процесі.
Энергия алмасуы 4 сатыдан тұрады:
І. Негізгі қоректік заттардың арнайы жолдармен ыдырап, ортақ өнім активті сірке қышқылын түзуі. ІІ. Үшкарбон қышқылдарының циклі. ІІІ.Биологиялық тотығу.ІV.Тотығудан фосфорлану.
Негізгі қоректік заттардың катаболизмінің арнайы жолдары.
Үшкарбон қышқылдарының циклі – мәні, реакцияларының реті, ҮҚЦ-нің атқаратын қызметтері. Бұл циклді лимон қышқылының циклі немесе Кребс циклі деп те атайды, оны алғаш рет 1937 жылы Ганс Кребс ашқан. ҮКЦ-ның жалпы теңдеуі: АцетилКоА = 2СО2+3НАДН2 +ФПН2+АТФ ҮКЦ-ң қызметі: 1.АСҚ СО2 -ге дейін тотығады; 2.Пластикалық қызмет атқарады. 3.Заттар алмасуын өзара байланыстырады. 4. Энергия активті сутектер түрінде сақтайды. 5. Тотықсызданған дегидрогеназалар биологиялық тотығуға субстрат болады.
Реакцияларының реті: 1- ацетил КоА мен оксалоацетат конденсациялануынан цитраттың түзілуі.
2- цитрат аконитаза ферментінің қатысуымен цис-аконитатқа айналады да, су бөлініп шығады.
3- цис-аконит қышқылы гидротаза әсерінен суды қосып алып изоцитратқа айналады.
4- изоцитратдегидрогеназа ферментінің әсерінен изоцитрат оксалосукцинатқа дейін тотығады. Бірінші тотығу-тотықсыздану жүргендіктен, бірінші тотықсызданған дегидрогеназа НАДН2 түзіледі.
5- оксалосукцинат оксало-сукцинатдегирогеназа ферментінің әсерінен декарбоксилденіп альфа-кетоглутарат түзеді.
6- Екінші тотығу-тотықсыздану. Альфа-кетоглутарат комплексі альфа-кетоглутаратдегидрогеназады комплекспен катализденіп, сукцинил КоА, СО2, екінші НАДН2 түзеді.
7-сукцинил КоА сукцинил КоА-синтетаза ферментінің әсерінен сукцинатқа айналады.
8- сукцинат сукцинатдегидрогеназа ферментінің әсерінен фурматты түзеді.
9- фумаратгидратаза ферменті фумаратты қайтымды гидратациялау арқылы малатқа айналдырады.
10-малатгидрогеназа ферменті әсерінен тотығу-тотықсыздану жүріп малат оксалоацетат түзеді.
Биологиялық тотығу және биологиялық тотығу ферменттерін тежейтін заттар. Биологиялық тотығу немесе тіндік тыныс алу деп атайды – тотықсызданған дегидрогеназалардың оттегінің қатысуымен тотығуы. БТ – тотығу-тотықсыздану реакцияларының тізбегі, бұл реакциялардың нәтижесінде активті сутектер протондар мен электрондарға дейін ыдырайды. БТ-ның жалпы теңдеуі: 2Н+ + О2- → Н2О + энергия .
Тыныс алу комплекстері. Тотығудан фосфорлану. Тыныс алу коэффициенті. Тыныс алуды бақылау. Тотығудың фосфорлануы дегеніміз – АДФ пен бейорганикалық фосфаттан биологиялық тотығу энергиясы есебінен АТФ-ң түзілуі.
Тотығудан фосфорлану коэффициенті немесе Р/О коэффициенті деп сіңірілген оттектің әрбір атомына сәйкес келетін бейорганикалық фосфаттың АТФ–тің түзілуіне кеткен моль санын атаймыз. Қалыпты жағдайда: Егер субстрат ПФ арқылы тотықса,Р/О=3ке тең. субстрат ФАД тәуелді ФП-мен тотықса, Р/О=2 тен болады.
БТ мен ТФ өзара тығыз байланысты. БТ-ң жылдамдығын ТФ бақылайды, мұны тыныс алуды бақылау деп атайды. Егер АДФ аз, ал АТФ көп болса, БТ жылдамдығы төмендейді. АДФ мөлшері көп, АТФ мөлшері аз болса, БТ жылдамдығы артады.