ӘӨЖ 73. ТӨменгі сынып оқушыларының мінез-қҰЛЫҒындағы ауытқушылықты анықтау және өзара тиімді әсер ету жолдары



Дата06.06.2023
өлшемі23,43 Kb.
#99133

ӘӨЖ 373.3


ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҒЫНДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ӨЗАРА ТИІМДІ ӘСЕР ЕТУ ЖОЛДАРЫ
Акылова Ж.Б. – 2- курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: Сыдыкова З.Е. – п.ғ.к., аға оқытушы
Орталық Азия Инновациялық университеті

АННОТАЦИЯ


В этой статье рассматриваются причины и пути решения аномального поведения среди младших школьников.
ABSTRACT
Тhis article discusses the causes and solutions of abnormal behavior among younger schoolchildren.

Ата-бабамыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген сондықтан да «жаны баладай таза, бала сияқты ақкөңіл»деген сөз тіркестері белгілі бір пәк сезім суреттерін бейнелейді. Бірақ қазір жасөспірімдер арасында бұзақылық өршіген. Жақынына пышақ ала жүгіретіндері де аз емес. Жастар арасында қылмыс өршіп барады. Әсіресе, ауыр қылмыстың белең алуы алаңдатады. Ер балалардан қыздар да қалысып жатқан жоқ. Жылына төрт мыңға жуық жасөспірім түрмеге тоғытылады.


Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі салғырттыққа, себеп -сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата- аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер ,жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп- ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қауіпті топтағы» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ, мектеп ұжымы мен ұстаздарды ойландырады. Осының себебіне үңілсек, әр түрлі пікірлер айтуға болады.
Қауіпті топ дегеніміз- мінез-құлқында ауытқушылығы бар және де қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамайтын топ. Ғылымда қауіпті дегеніміз- девиация латынның« deviatio » тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді . Осыған байланысты әдебиеттерде кездесетін «қиын бала»,девиантты мінез-құлық»,ауытқыған мінез-құлық”ұғымдары синонимдес болып табылады.
Ауытқушы мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез-құлықты айтамыз (И.А.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық,құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады.
Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді.Біріншіден,бұл анық немесе жасырын психопатологияның (патологиялық) барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық.. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса,әрі жазаланса –қылмыс деп аталады [1].
Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністерін, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Оларды мынадай топтарға топтауға болады: итермелеуші жағдайлармен туындаған жағдаяттық, уақыттық көріністерге немесе реакцияларға және жағымсыз өмір ахуалдарымен, іс-әрекеттермен негізделіп, қандай да бір тип түрінде дамитын мінез-құлықтағы ауытқушылықтың тұрақты нысандары.
Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететеін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен шақырылады. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп жиналып көрінеді немесе бірден шарт кетеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп қалуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көріну нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым қандай да бір психологиялық ахуалға жауап ретінде туындайды да, оның жойылумен қоса бұл да жоғалады. Бірақ егер жағдайлар жиі қайталанып,бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе,онда реакциялар беки түседі де, осындай немесе басқа типтегі мінез- құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық комплекстер туындайды [2].
Оқушылардың ауытқушылық мінез-құлқының себептері мен факторлары:
а) тәрбиеленгендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік- педагогикалық олқылықтар;
ә) жайсыз жанұялық қарым –қатынастардан, баланы тәрбиелеуде ұлттық салт-санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден,жанұядағы жағымсыз психологиялық ахуалдан,оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымынгдағы құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамағандығынан, ата-аналарының, мұғалімдерпдің, сыныптас жолдастарының және т.б дұрыс емес (әділетсіз,дөрекі,қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтардан;
б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтармен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен және басқа да физиологиялық және психоневорлогиялық ерекшеліктер себептерімен;
в) ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне,өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығымен; іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспағандығымен,жағымды және маңызды әлеуметтік және жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауымен;
г) қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге асуымен.
Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық,қараусыз қалғандық, қажетсіздік,қорғансыздық сезімдері пайда болады.
Өзінің ішкі әлеміне жақсы көретін,құрметтейтін адамдарының құндылықтары мен ұстанымдарын, нормаларын енгізген жасөспірім еліктеу арқылы өзінің қандай болғыс келетіндігі жөніндегі идеалын қалыптастырады. Жоғары адамгершілік ұстанымы бар адамдармен қарым-қатынас жасау –жасөспірімге мінез- құлқына қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді.
Сондықтан да, тәуекел тобындағы балалармен жұмыс жемісті болуы үшін, әртүрлі формадағы ауытқушыларды тудыратыны факторларды анықтап алу қажет.
Балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсерін тигізетін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады.
— заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;
— экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктердің және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;
— ұлттық құндылықтарға мән берілмеуі;
— бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;
— сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі (үйірмелердің,секциялардың және т.б)
— отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатыгездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы);
— оқушылардың білімін бағалауда объективтіліктің болмауы;
Аталып өткен тәуекел факторлары сыртқы, объективтік сипат алады.Сондай-ақ балаларға бұдан басқа да, педагогтар білімге тиісті ішкі тәуекел факторлары да әсер етеді. Оларға: өзінің қажетсіздігін сезіну, өзіндік бағасының төмендігі, өзіне-өзі сенімсіздік, өзін-өзі бақылау мен өзіндік тәртіптің жеткіліксіздігі,әртүрлі жағдайларда сындарлы ойлау мен адекваттық шешім қабылдай алмау, өз-өзіне және басқаларға өзінің сезімдері мен реакцияларын жеткізе алмауы жатады [3].
Балалар мен жасөспірімдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу,оларды психологиялық имунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік –құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез- құлықтың психогигиеналық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету.
Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:
1. оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;
2. оқушыларды қанағаттандыратын, эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері ( құрбылармен, мұғалімдермен, ата-аналарымен);
3. психологиялық қорғалуы болғанда.
Психопрофилактикалық бағыт бойынша, мінезінде психологиялық ауытқушылығы бар оқушылардың ата-аналарына , отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты, мінезінде ауытқушылығы бар балалармен, ата-аналармен, ұстаздармен үштік одақты нығайту, қарым-қатынасты реттеу, бір-бірін түсіне білу мақсатында «Тәрбие отбасынын басталады» , «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Баланы мадақтау мен жазалау»тақырыптарында баяндама оқылды [4].
Оқушыларға «Ұялы телефонның зияны», «Жеткіншектерге компьютерді әсері» , «Зорлық-зомбылық күш көрсетудің алдын алу » тақырыптарында баяндама оқылды. «Темекінің зияны», «Суицидтің алдын алу», «Ішімдіктің зияны», «Нашақорлық » тақырыптарында видиороликтер көрсетілді.
Мінезінде психологиялық ауытқушылығы бар балалар мен ата-аналар мен, ұстаздармен психологиялық түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.Баламен және әр түрілі жаттығулар жасалып, музыка терепия, және аутотренингтер жүргізіледі. Оқушылармен «Өзіңді-өзің тани біл» атты коррекциялық сабақ өткізілді. Және де мінезінде ауытқушылығы бар оқушылармен әр ай сайын психологиялық-коррекциялық жаттығулар жүргізілді.Баланың өз-өзін қадағалап, өз мінезіне талдау жасай білу мақсатында «Менің мінезім» , сыныптың, ата-анамен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Бақылаушы-басқарушы » ойыны ойнатылды.Өзара жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Жылы жүрек », баланың ішкі эмоциялық ашу-ызасын шығару мақсатында «Ашуды шардан шығару», Баланың мінез-құлқын түзету мақсатында «Қолғап», «Мазайка», «Мен қандаймын», «Жарнамалау », «Жетістік» тренингтері өткізілді.
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бірден- бір жолы бұл оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру болса, осы бағыттағы жұмыстардың бәрі мектепте оң жолға қойылғанын атап кетуге болады. Егер де бала өз уақытын тиімді іске арнайтын болса, оған ұстаздары үлкен сенімділік артып, белсенділіігін қолдайтын болса, бала тәртіпсіздік жасау түгілі, тіпті жаман әдетке де бойын алдырмауға да дағдыланып кетеді [5].
Қазір білекке сенетін заман емес, білімге сенетін заман. Сондықтан да ұстаздардың алдында жас ұрпақты үздіксіз тәрбиелеумен қатар терең біліммен қаруландырып, алған білімдерін өмірдегі қажеттігіне жарата алатындай етіп қалыптастыру сияқты міндеттер тұр. Себебі, қазіргі жаһандану заманында қоғамға білімді, сапалы , жоғары интеллектуалды, жан -жақты жеке тұлға қажет. Сондықтан мектеп – мұғалім- ата ана арасындағы «үштік одақ» жақсы болғанда ғана ,алға қойған мақсаттарға жетуге болады.
Қорыта келгенде, тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасын ата –аналар, психолог-педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет.Өйткені тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайыра қалпына келтіру қиын. Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына келгенінің жақсы болатыны секілді, қиюы келіспеседе қиын баланы тәрбиелеу қажырлы,қайратты еңбекті талап етеді.Ұрпағымыз жұмсақ мінезді, мейірімді ,байланыс жасауда қиындық тудырмауы үшін өмірдің сынына төзбей ,«қиын бала» атанған бауыр етіміз балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол , бір жағадан бас шығарып іске кірісе отырып, болашақта бұндай балалардың қатарының артуына жол бермеу біздің педагогтардың басты міндеттерінің бірі деп санаймын.
«Балаға қайырымдылық пен жаман қылық әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен байланысты күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, сонда оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі күйден туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады. Сондықтан, оны қандай да болсын сырттан келген басқа бір ниет қарама-қарсы жаққа бағыттап жібермесе, ол әуел бастан-ақ жаратылысынан өзіне оңайырақ келетін әрекетке бет қояды”деген Әл Фараби . Барлық жағымды, жағымсыз оқиғалар санасына жаңа ғана сәуле саңылауы түсе бастаған балаларға әсер етері анық –дей келе қандай жағдай болмасын көк шыбықтай көктеген балаларымыздың күні ертең ел азаматы болып шығу өлшеусіз үлес қосу басты міндеті “Бәрі анадан ізгі болып туғандар, сүтпен сіңіп жан-жүйесін құғандар, жақсыға ерсе жақсы бола бастайды, жаманға ерсе, жауыздықтан қашпайды”. Сонда жасөспірімдер арасындағы бұзақылыққа кім кінәлі деген сұрақ туындағанда ол отбасындағы тәрбиенің төмендегені, ата-ана балаға деген көзқарасын дұрыс түсінбеуі, қоғамдағы теріс ықпалынан балаларын қорғау білмегені деп қорытындылауға болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Балаларға өзара тиімді әсер ету жолдары» . К.Елшібаева /Алматы 2010 ж

  2. «Мектептегі психология журналы» № 6 /2016ж.

  3. «Психологиялық тест жинағы» Ф.Бизақова /2012ж/

  4. « Психологиялық түзету дамыту жұмыстары» Ф.Бизакова /2012ж/

  5. «Жүйке жұқармасын десеңіз». Г.Я Долгопиятов /2014ж/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет