Презентация жасау кезінде әдетте жіберілетін олқылықтар мен қателер



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата19.03.2023
өлшемі192,97 Kb.
#75437
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8


 
Мультимедиялық оқу презентацияларын жасау ережелері 
 
 
1. Презентация жасау кезінде әдетте жіберілетін олқылықтар мен 
қателер 
 
Электронды презентацияларды жасау кезінде олардың тиімділігін 
төмендедетін әдетте жіберілетін олқылықтар мен қателер ретінде 
төмендегілерді атауға болады:
- Жобаның атауы немесе сабақтың тақырыбы, автор туралы мәлімет, 
жасалған күні, ақпарат алынған көздер және т.б. жазылатын 
слайдтың алғашқы бетінің (титул) болмауы. 
- Тақырыптың 
мақсаты мен 
міндеті, 
мазмұнының 
қысқаша 
сипаттамасы жазылған кіріспе бөлімінің болмауы.
- Презентацияның 
бөлімдеріне 
сілтемесі 
бар 
тақырыптың 
мазмұнының болмауы. 
- Презентацияның логикалық тұрғыдан аяқталмай қалуы: қорытынды
шешім болмауы. 
- Оқу презентациясының соңғы бөлімінде құрылымдық элементтерінің 
болмауы: 
аудиторияда 
орындауға 
арналған 
сұрақтар 
мен 
тапсырмалар, үйге берілген тапсырмалар.
- Слайдта нақты мәтіндік ақпараттың болмауы (үш шағын деректер, бір 
маңызды дерек). 
- Слайдтағы кеңістікті орынды қолдана алмауы. 
- Презентацияның фоны мен мазмұнының сәйкес келмеуі. 
Стиль мен безендіру кезінде жиі кездесетін қателер: 
 
- Оқу үдерісінде болмауы тиіс орфографиялық және стильдік қателер; 
- Стильдік бірліктердің болмауы: 
- барлық тақырыптарға бірдей шрифт көлемі мен гарнитурасы (24 
тараушадан аз болмауы керек); 
- мәтіндегі шрифт көлемі мен гарнитурасы бірдей болуы керек 
(18 тараушадан аз болмауы керек); 
- тақырыптар, беттің нөмірленуі эранның бір орнында тұруы тиіс; 
- барлық беттің түсі бірдей болуы керек және т.б. 
- Түстердің дұрыс таңдалмауы: тым ашық түстердің қолданылуы
дизайнда үш түрлі түсті қолдануы (мәтіннің түсі, фонның түсі, 
тақырыптың түсі); ашық түсті мәтінде қою фонның қолданылуы; 
- Бір презентация ішіндегі әр слайдқа түрлі фон қолданылуы; 
- Слайдтағы жиектердің болмауы
- Нашар түсірілген фотолар мен суреттердің қолданылуы; 
- Times секілді шрифттердің қолданылуы; 


- Мәтіндегі әр түрлі көлемдегі әріптердің қолданылып, бірізділіктің 
болмауы; 
- Фон мен мәтіннің кереғарлығы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет