Ермекбай Алибек Фкис 11С Ұғымдарға түсінік беріңіз



Дата30.03.2022
өлшемі17,83 Kb.
#29202

Ермекбай Алибек Фкис 11С

1. Ұғымдарға түсінік беріңіз:

-Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологиялары жүйесі ретінде қарастыруға болады.

-Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.

Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдістанмалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды. Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету әрекеті. Қазіргі заман басқару істері кейбір басқару мәселелеріне талдау жасаудай тар шеңберден шығып, жаратылыстану және гуманитарлық пәндердегі пайдалы білімдер мен әмбебап әдістерді пайдаланып, операцияны басқару, адам күші байлығын басқару, қауіп-қатерді басқару, айқын емес жағдайда шешім қабылду, шұғыл жағдайда таңдау жасауқұрделі құрылымның өзгерісін тізгіндеу, қалыптасу (emergence), өзін көрсете алу, ортаға үйлескіштік, өздігінен ұйымдасу, ұқсастықтардың біріктіруі секілді ауқымды мәселелерді жаппай қамти бастады. Әрқандай ұйымды жүйе ретінде қарастыруға болады, ал басқару сол жүйе үшін маңызды феномен ретінде жоспарлау, жетелеу, тіпті де жақсысын өндіру секілділерге талпына бастады. Сондай-ақ әлденені басқарудан бұрын оның өз-өзін басқаруы, басқаруға әзірлігі, басқаруының жүйелілігі мен табыстылығы, әсіресе жаңа деңгейге үздіксіз көтеріліп, жетіліп отыру секілділер де менеджментке жаңа мазмұндар қосты.

-Педагогикалық менеджмент



Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет