Жоспар: Кіріспе: ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік Негізгі бөлім: а



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата02.12.2023
өлшемі106,75 Kb.
#131595
  1   2   3   4   5


Жоспар:
1. Кіріспе: 

ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік


2. Негізгі бөлім:
а)
Азаматтық құқықтың мазмұны, субъектілері және
объектілері
б) 
Азаматтық құқықтың түрлері

в)
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және
мерзімдері, талап қою мерзімі
3. Қорытынды:

Азаматтық құқықтың маңызы


Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
2


Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған
Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 2 сессиясы қабылдаған жаңа
Азаматтық кодекс
(жалпы бөлім) ерекше орын алады және сонымен
қатар,1 шілдеде 1999 жылы қабылданған Азаматтық кодексті (ерекше
бөлімін) атап көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық
заңдарының жүйесі анықталған. Ең алдымен ол жалпы республикалық
болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған
Қазақстан Республикасының өзгеде заңдарынан, Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан,
Парламенттің сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан(заң актілерінен),
сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1,2-ші тармақтарында аталған
қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларынан
тұрады. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай
келе,бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады.Оларға
жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел
азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және
әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы азаматтық Кодекспен
салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық
Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы
қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап
көрсетілген. 
Азаматтық құқық-
жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және
оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-
әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы
құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне
негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынас
тардың азаматтық құқықтың
пәні
болып табылады. Жеке мүліктік емес
3


қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда
қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар
азаматтық заңнамалармен реттеледі. 
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқық
нормалары бар. Атап айытқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік
пен меншіктің танылатыны және тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген.
Азаматтардың жеке меншігі мәселелері Конституцияның 26-бабында
неғұрлым тәптіштеп баяндалған. Азаматтың ар-ожданы, қадір-қасиеті
және абыройлы есімі, оның бостандығы мен өміріне ешкімнің тиіспеуі,
жеке және отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта,
телеграф және өзгеде хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде
туындайтын жеке мүліктік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің
негізгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-18 баптарында
көрсетілген.
4


Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 62 тарау және 1124
баптан тұрады. Жалпы бөлім мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы
ережелер, меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар, міндеттемелік
құқық. Ерекше бөлім мынадай бөлімдерден құралған: міндеттемелердің
жекелеген түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқығы,
халықаралық жеке құқық. Азаматтық заңдылықтар өздері реттейтін
қатынастарда қатысушылардың теңдігін, мешікке қол сұғылмаушылықты,
шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына
жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге
асыру, нұқсан келтірілген құқықтардыңқалпына келтірілуін, оларды
соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық сот:
құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды
қалпына келтіру; құқық бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын
әрекеттерге тыйым салу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару;
залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жармсыз деп тану;
моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе
өзгерту, мемлекеттік басқару органының нмемес жергілікті өкілді не
атқарушы органның заңдарға сәйукес келмейтін құжатын жарамсыз
немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немсе заңды тұлғаның
құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін
мемлекеттік органнан немесе лауазымды тұлғадан айыппұл өндіртіп алу
арқылы, сондай-ақ заңдылықты актілерде қарастырылған басқа да
әдістермен жүзеге асырады. Заңдылықтарда арнайы қарастырылған
жағдайларда азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның
тікелей іс жүзіндегі немесе заңдық әрекеттерімен жүзеге асырылуы
мүмкін (өзін-өзі қорғау).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет