Ерте жастағы баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі19,92 Kb.
#20286
  1   2
Байланысты:
Ерте жаста ы баланы к н т ртібін д рыс йымдастыру


Ерте жастағы баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру.

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің баланың өсуі мен денсаулығын нығайтуда маңызы зор. Сонымен қатар, ол бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруға, ерік-жігерін нығайтуға, ұстамдылық, ұқыптылық сияқты басқа да маңызды қасиеттерді жетілдіруге көмектеседі. Күн тәртібі – балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс ойластыра жасалған еңбекке дағдыландыру, демалыс, тамақтандыру ережесі.

Бала таза ауада мүмкіндігінше ұзағырақ: жазда күні бойы, көктемде, күз бен қыста бірнеше сағат бойы болуы керек. Ауа райы қолайсыз күндерде серуенге ұзақ болмаса да жиірек шыққан жөн. Таңертеңгі, түскі, бесіндік және кешкі тамақтану мерзімдерін бұзбай сақтау қажет. Бейберекет ішкен тамақ та денсаулыққа зиян.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салумен, қағаз қиюмен, санақ есеппен, илеп мүсіндер жасаумен және басқа да істермен айналысуына арнайы уақыт бөлінеді. Мұндай істермен 3-4 жастағы балалар 15-20 минут, ал 5-6 жастағы балалар 30-40 минут қана айналысуы тиіс. Іс-әрекеттерді алмастыра отырып, әрбір 20-25 минут сайын үзіліс жасаған жөн. Балалардың жоғарыда аталған жаттығуларын таңертеңгі тамақтан кейін ұйымдастырған дұрыс. Ал қалған уақыт ойынға арналады.

Төменде 1 жас және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған күн тәртібінің үлгісі беріліп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет