ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК
ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
БОЛЖАМЫ:
НЕГГІЗГІ ТРЕНДТЕР, СЫН-ҚАТЕРЛЕР, ПРАКТИКАЛЫҚ
ҰСЫНЫСТАР»
тақырыбына
аналитикалық баяндама
Астана, 2014 ж.
2
Мазмұны
1. 1. Қазақстан Республикасының қазіргі демографиялық дамуы 3
1.1
Халық саны және жас құрамы өзгеруінің үрдістері мен болашағы 3
1.2
Бала туу, өлім-жітім, халықтың өмір ұзақтығы деңгейінің бағалары 8
1.3
Халықтың көші-қон ағымдарын талдау
18
1.4
Қазақстан Республикасында халықтың қайта жандану үлгісін
айқындау
26
2. Демографиялық болжам
33
2.1 Қазақстан Республикасындағы демографиялық дамудың болжамы 33
2.2 Халықтың экономикалық белсенділігін болжау
47
3. Ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі
демографиялық фактордың ролі (қорытындылар мен ұсынымдар) 52
1-қосымша. Негізгі жас топтары бойынша 2030 жылға дейінгі ҚР халқының
болжамды саны
56
2-қосымша. Негізгі жас топтары бойынша 2030 жылға дейінгі ҚР
еркектерінің болжамды саны
57
3-қосымша. Негізгі жас топтары бойынша 2030 жылға дейінгі ҚР әйелдерінің
болжамды саны 58
4-қосымша. Қалалық елді мекен бойынша 2030 жылға дейінгі ҚР халқының
болжамды саны
59
5-қосымша. Ауылдық елді мекен бойынша 2030 жылға дейінгі ҚР халқының
болжамды саны
60
6-қосымша. Өңірлер бойынша 2030 жылға дейінгі ЭБХ болжамды саны 61
7-қосымша Демографиялық болжамды құру әдістемесі
62
3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
БОЛЖАМЫ:
НЕГГІЗГІ ТРЕНДТЕР, СЫН-ҚАТЕРЛЕР, ПРАКТИКАЛЫҚ
ҰСЫНЫСТАР
1.
Қазақстан Республикасының қазіргі демографиялық дамуы
1.1
Халық саны және жас құрамы өзгеруінің үрдістері мен болашағы
Қазақстан Республикасы халқының саны 1991 жылдың басында 16,4
млн. адамды құрады, ал 2000 жылдың басында 14,9 млн. адамға дейін кеміді
(1-сурет). 2002 жылдан бастап аталған көрсеткіш тұрақты өсіп, 2012 жылдың
басында 16,9 млн. адамды құрады, ал 2013 жылға қарай 17 млн. адамға жетті.
1990-жылдардағы халық санының елеулі төмендеуі этнос өкілдері бөлігінің
тарихи отанына тұрақты тұруға кетуімен және бала туу деңгейінің
төмендеуімен байланысты. 2003 жылдан бастап мемлекетімізде халық
санының өсуі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болып табылады.
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
1-сурет. Қазақстан Республикасы халқы санының динамикасы
2013 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан халқының саны 16909,6 мың адамды
құрады, оның ішінде қалалықтар - 9277,4 мың адам немесе 54,9%,
ауылдықтар саны – 7632,2 мың адам немесе 45,1%. Өткен кезеңмен
салыстырғанда халықтың саны 1,4% өсті, қалалықтар – 1,61%, ауылдықтар
саны –1,1%; 2009 жылғы 01.01 салыстырғанда елдің халқының саны 5,8%-ға
өскен, қалалықтар және ауылдықтардікі сәйкесінше 7,1% және 4,3%
(нақтыланған деректер бойынша). Халықтың санының көпшілігі келесі
өңірлерде шоғырланған: Оңтүстік Қазақстан – 2678,9 мың адам (15,8%),
Алматы – 1946,7 мың адам (11,5%), Шығыс Қазақстан – 1393,6 мың адам
(8,2%), Қарағанды облыстарында – 1362,7 мың адам (8,1%) және Алматы
4
қаласында – 1475,4 мың адам немесе 8,7%. Барлығы осы өңірлерде
Қазақстан халқының 50%-нан астамы тұрады. Қалалық халық негізінен
Қарағанды (78,4%), Павлодар (69,2%), Ақтөбе (61,6%), Шығыс Қазақстан
облыстарында орналасқан (58,5%) (1-кесте).
1-кесте. 2009 жылғы 1.01 және 2013 жылғы 1.01 Қазақстан Республикасы халқының
өңірлер бойынша саны
адам
Барлық халық
Қала халқы
Ауыл халқы
2009
2013
2009
2013
2009
2013
Казақстан
15982370
16909776
8662919
9277529
7319451
7632247
Ақмола
738827
732719
342188
344237
396639
388482
Ақтөбе
756782
795817
460251
490590
296531
305227
Алматы
1804005
1946718
424687
451914
1379318
1494804
Атырау
509123
555217
239034
268192
270089
287025
Батыс Қазақстан
598342
617640
277055
303017
321287
314623
Жамбыл
1020796
1069874
415047
427879
605749
641995
Қарағанды
1341207
1362743
1039005
1068385
302202
294358
Қостанай
886329
879941
439558
450890
446771
429051
Қызылорда
677734
726711
283971
309327
393763
417384
Маңғыстау
482631
567754
262237
287741
220394
280013
Оңтүстік Қазақстан
2462782
2678889
970164
1048405
1492618
1630484
Павлодар
742276
749019
504004
518191
238272
230828
Солтүстік
Қазақстан
597534
579488
237442
239632
360092
339856
Шығыс Қазақстан
1396871
1393619
801145
815502
595726
578117
Астана қ.
605254
778198
605254
778198
0
0
Алматы қ.
1361877
1475429
1361877
1475429
0
0
Халық саны өсімінің ең жоғары төмендеуі (-2,3%) 1995 жылда (2-сурет)
байқалады. 2003 жылдан бастап халық өсімінің оң қарқыны сақталып келеді.
Соңғы жылдары өсім қарқыны 1,4 - 2,9%-ды құрады.
5
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
2-сурет. Халық санының өсу (азаю) қарқыны
2-кесте. Жекелеген жас топтары бойынша Қазақстан Республикасы
халқының саны
жылдар
Халық саны, адам
Үлес, %
0-15 жас
16-63 (57)
жас
63 (57) және одан
үлкен
0-15
жас
16-63 (57)
жас
63 (57) және одан
үлкен
2002
4202662
9339931
1316355
28.30
62.89
8.86
2003
4106548
9455220
1347250
27.62
63.60
9.06
2004
4038627
9606004
1368354
27.01
64.25
9.15
2005
3997336
9775472
1374221
26.52
64.85
9.12
2006
3983469
9967766
1356849
26.17
65.49
8.92
2007
3998222
10165045
1320925
25.97
66.02
8.58
2008
4046938
10338303
1288759
25.99
66.39
8.28
2009
4167372
10344218
1581111
25.90
64.28
9.83
2010
4245039
10461037
1615505
26.01
64.09
9.90
2011
4343382
10559499
1653719
26.23
63.78
9.99
2012
4462889
10631298
1697238
26.58
63.31
10.11
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
2-кестеде Қазақстан халқының 2002 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі
жас бөлігіндегі саны көрсетілген. Халықтың негізгі үлесін жұмысқа қабілетті
жастағы азаматтар құрайды, олардың 2002 жылдан 2012 жылға дейінгі
кезеңде жиынтық үлесі халықтың жалпы санында 62-66%-ды құрады.
Аталған жас санаты 2002 жылы халықтың жалпы санында 62%-ды құрады,
одан кейін 2008 жылы 68%-ды құрап, өзінің үдемелі кезіне жетті, ал 2012
жылы азаматтардың аталған санаты 63%-ды құрады.
0-ден 15 жасқа дейінгі адамдардың жас санаты 2002 жылмен
салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа төмендеп, 2012 жылы халықтың жалпы
санының 26%-ын құрады. Зейнеткерлік жастағы, яғни 63(57) жастан үлкен
6
халық 2002 жылмен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа артып, 10%-ды
құрады. Осыған қарамастан, егде жастағы халықтың 2012 жылы күрт өсуін
атап өткен жөн, ол 2011 жылмен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа артты.
0-15 жастағы халықтың үлесінің төмендеуі, 16-62 (57) жастағы
халықтың үлесінің ұлғаюы және 63 (58) жас және одан үлкен жастағы
халықтың үлесінің ұлғаюы байқалады. Аталған үрдістің нәтижесі 2020 жылға
қарай жұмысқа қабілетті жастағы (16-62 (57) жастағы) халықтың азаюы болу
мүмкін, себебі қазіргі жастар жұмысқа қабілетті жасқа жетеді және егде
жастағы халықтың көбеюіне әкеледі, ал қазіргі жұмысқа қабілетті халық
тобы зейнеткерлік жасқа жетеді. Осылайша, бала туудың жоғары деңгейіне
қарамастан, Қазақстанда халықтың қартаю тәуекелі бар. Аталған үрдісті
жынысы бойынша әртүрлі жас топтары бойынша халық санының
өзгерістеріне жасалған талдау растайды (3-кесте).
3-кесте – Жекелеген жас топтары бойынша халықтың жалпы санындағы
еркектер мен әйелдердің үлесі
ЕРЛЕР
ӘЙЕЛДЕР
0-15
жастағы
еркектердің
үлесі, %
16-63
жастағы
еркектердің
үлесі, %
63 және одан
үлкен
жастағы
еркектердің
үлесі, %
0-15
жастағы
әйелдердің
үлесі, %
16-57
жастағы
әйелдердің
үлесі, %
57 және одан
үлкен
жастағы
әйелдердің
үлесі, %
2000
31.5
62.3
6.3
28.1
57.0
14.9
2001
30.7
62.7
6.5
27.5
57.9
14.7
2002
30.0
63.3
6.8
26.7
58.9
14.3
2003
29.2
63.9
6.9
26.0
60.0
14.0
2004
28.5
64.6
6.9
25.4
60.9
13.8
2005
28.0
65.1
6.8
24.9
61.4
13.7
2006
27.7
65.7
6.6
24.5
61.7
13.8
2007
27.5
66.2
6.3
24.3
61.8
13.9
2008
27.5
66.5
6.1
24.3
61.6
14.1
2009
27.6
66.6
5.8
24.4
62.1
13.6
2010
27.7
66.5
5.8
24.5
61.8
13.7
2011
27.9
66.2
5.8
24.7
61.5
13.8
2012
28.3
65.8
5.9
25.0
61.0
14.0
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
Төменде 1990 және 2012 жылдарға арналған жыныстық-жас
пирамидасы көрсетілген (3-сурет). Екі жылда да көптеген жас санаттарында
әйелдер үстем. Осыған қарамастан, 2012 жылы пирамиданың теңестірілуі
немесе әр жас санатында әйелдер санының ерлердің санына сәйкес келуі
немесе олардың санына жақындағаны байқалады.
2012 жылы 10-24 жастағы ерлердің де, әйелдердің де күрт азаюы
байқалады, бұл 90-жылдардағы бала туудың төмен деңгейіне байланысты.
2012 жылы 0-4 жастағы халық едәуір көбейді, сондай-ақ аталған жас
санатында ер балалардың көбеюі байқалады.
7
Соңғы 15-20 жыл аралығында халықтың жалпы санындағы ерлердің
үлесі 48%-ды, әйелдердің үлесі 52%-ды құрады.
2012 жыл (адамдар жыл басына)
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
3-сурет. Халық санының жас пирамидасы
Халықтың орта жастағы санатының көбеюі байқалады (4-сурет). 2000
жылы халықтың орта жасы 30,7 жасты, ал 2012 жылы 31,5 жасты құрады.
Әйелдердің орта жасы ерлердің орта жасынан 2-3 жылға жоғары.
8
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
4-сурет. Халықтың орта жасы
1.2. Туу, өлім-жітім және халықтың өмір сүру деңгейін бағалаулар
Табиғи өсім
Халықтың табиғи өсімі – бала туу деңгейінің өлім-жітім деңгейінен
артуы, яғни белгіленген уақыт кезеңінде туылғандар мен өлгендер
арасындағы айырым. Халықтың өсу қарқынының жалпы сипаттамасы болып
қызмет етеді, негізінен халықтың табиғи өсімінің бір жылға 1000 адам
шаққандағы коэффицентпен өлшенеді. Халықтың теріс табиғи өсімі
мемлекетте туылғандарға қарағанда өлгендердің көп болғанын білдіреді
(яғни халықтың табиғи кемуі).
Табиғи өсім промилледегі (%) коэффицентпен өлшенеді, ол санның
мыңнан бір үлесіне немесе пайыздың оннан бір үлесіне сәйкес келеді. Яғни
табиғи өсім (кему) коэффиценті – 8,5 % –0,85 %-ға, ал 36,8 %-дағы табиғи
өсім коэффиценті +3,68 %-ға сәйкес келеді.
1991-1998 жылдардағы кезең Қазақстан үшін табиғи өсімнің төмендеу
үрдісімен сипатталады. 1991 жылы 218850 адамды құраған табиғи өсім 1998
жылы 68066 адамға дейін төмендеді. Кейінгі жылдар аралығында өсім үрдісі
осы деңгейде қала берді. 2002 жылдан бастап табиғи өсімнің абсолютті
шамаларының біртіндеп артуы байқалады. 2013 жылы қаңтар-қыркүйек
айында Қазақстанның табиғи өсімі 189884 адамды құрады (5-сурет).
9
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
5-сурет. Халықтың табиғи өсімі, адам
Табиғи өсімнің жеделдеуі немесе табиғи кемудің бәсеңдеуі
туылғандардың артуы және өлгендердің төмендеуі нәтижесінде болады.
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
6-сурет. Туылған адамдар санының динамикасы және халықтың табиғи өсімі,
адам
Бала туу деңгейі
Бала туу деңгейі – халық өсімінің қарқынын айқындаудың басым
факторы. Табиғи өсімнің жоғары көрсеткіштері 2002 жылдан бастап 2002-
2011 жылдары туылғандардың жоғары санының аясында болды (6-сурет).
Бала туу халықта жаңа мүшелердің пайда болуын сипаттайтын
халықтың ұдайы өндірісінің оң көрсеткіші болып табылады. Бүгінгі күні
өліммен бірге бала туу негізгі демографиялық процес болып табылады. Бала
туу деңгейін өлшеу үшін демографияда көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
10
олардың ішінде анағұрлым қарапайымы - бала туу коэффиценті, яғни
халықтың орта жылдық санының 1000 адамға шаққандағы күнтізбелік жылда
тірі туылғандардың саны.
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
Ескерту: Коэффиценттер жылдық-есептік болып ағымдағы жылдың 1 қазанына немесе
өткен жылғы 1000 туылғандарға келтіріледі.
7-сурет. 1991-2013 жылдардағы туу коэффициенті (1000 адамға)
1991-1999 жылдары туу коэффиценті үштен бірге дейін қысқарды.
Сонымен бірге осы кезең бойына құлдырау ауытқусыз дерлік болды. 2000
жылдан бастап бетбұрысты үрдіс байқалды: туудың жалпы коэффиценттері
арта бастады. 2012 жылы туу коэффиценті 2001 жылмен салыстырғанда
52,3%-ға артып 22,7 құрады.
Туу деңгейі көптеген әлеуметтік-экономикалық факторларға тәуелді,
әрі олар өзара байланыста әрекет етеді, кейде әртүрлі жағдайларда қарама-
қайшы және біркелкісіз әрекет етеді. (1-Сызба).
Туудың тарихи эволюциясы қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуымен тығыз байланысты. Өндіріс күштері және адамның өзінің дамуын
жетілдіру, оның интеллектуалдық әлеуетін арттыру, әйелдің рөлінің өзгеруі,
оның өнеркәсіптік өндіріске тартылуы, отбасы ролі мен функциясының
өгеруі барысында туудың ең жоғары деңгейінен (50‰ және одан жоғары) ең
төменгі деңгейге дейін (көбінесе кәдімгі ұдайы өсіп-өнуіне тән деңгейден
төмен — 16‰) біртіндеп төмендеуі заңды процесс болды.
Туу деңгейі төмендеуінің ұзақ мерзімді үрдісін өсіп-өнудің заманауи
түріне тарихи ұзақ эволюциялық өтпелі кезеңің меңзеп «туу саласындағы
демографиялық өтпелі үрдіс» деп атайды. Демографтардың көпшілігі
туудың заманауи түріне өту барлық дамушы елдерде қандай да бір формада
міндетті түрде және сөзсіз өтеді деген пікірді қостайды. Алайда,
демографиялық өтпелі кезеңнің себептері бойынша әлі күнге дейін бір мәнді
жауап жоқ. Соынмен бірге, әртүрлі тұжырымдар осы демографиялық
процесті әртүрлі көзқарастан қарастырып, оның детерминанттары
11
(биологиялық,
мінез-құлықтық,
микроэкономикалық,
микро
және
макродемографиялық) туралы азды-көпті толық түсінікті қамтамасыз етеді
Демографиялық
өтпелі кезең тұжырымдамасында әлеуметтік-
экономикалық даму деңгейі мен туудың арасында қайтарымды күшті
тәуелділік бары айтылады. Алайда, туумен экономикалық даму арасындағы
байланыс өте күрделі, желілік емес болып табылады, онда уақыт факторы
маңызды роль атқарады. Бұдан бөлек жеке елдер мен өңірлердің өздерінің
арнайы ерекшеліктері бар.
Туудың, оның кез келген аспектінде ұғынылатын қоғамның дамуы мен
ахуалымен үздіксіз байланыста екендігі күмәнсіз. Сондықтан қоғамдық-саяси
құрылым, экономикалық даму деңгейі мен ерекшеліктері, кластық және
мүліктік бөліну, үстемдік етуші әлеуметтік-мәдени орта және өмір сүрудің
ерекшелігі, этникалық, нәсілдік және халықтың өзіндік биологиялық
сипаттамалары туу динамикасын белгілі бір дәрежеде айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |