Эссе тақырыбы: Жұмысшыларды таратып орналастыру және эвакуациялау Дайындаған



бет1/4
Дата23.06.2023
өлшемі77,95 Kb.
#103198
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Политехникалық» институты
«Техника және инженерлік қорғау» жоғарғы мектебі


ЭССЕ
Тақырыбы: Жұмысшыларды таратып орналастыру және эвакуациялау

Дайындаған: БЖП – 31 топ студенті Хазиев Ш. Тексерген: о. Тукашева З.Н.
Орал - 2023 ж
МАЗМҰНЫ


I

КІРІСПЕ

3

II

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

4

2.1
2.2

Халықты эвакуациялауды жүргізу
Эвакуациялау әдістері мен принциптері

4
9

IIІ

ҚОРЫТЫНДЫ

14

IV

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

15





КІРІСПЕ

Халықты шоғырландыру және эвакуациялау — халықты заманауи зақымдау құралдарынан қорғау тәсілдерінің біріШоғырландыру дегеніміз — халықты қалалардан және басқа да елді мекендерден ұйымдасқан түрде тасып шығару және соғыс уақытында да өз жұмыстарын жалғастырып жатқан нысандардың қызметшілері мен жұмысшыларын жұмыс ауысымынан кейін қала сыртындағы аймаққа ор-наластыру.


Сондай-ақ шоғырландырылғандар санатына қаланың тіршілік қарекетін қамтамасыз ететін объектілердің қызметкерлері (коммуналдық шаруашылыңтың қызметкерлері) де жатады. Шоғырландырылғандар санатына жатқызылған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылғаннан кейін өз кәсіпорындарындағы жұмыс үшін ауысыммен қалаға жұмысқа келеді, ал жұмыс аяқталғаннан кейін қала сыртындағы аймаққа демалу үшін қайтып оралады.
Эвакуация (көшіру) дегеніміз — қалалар мен басқа да елді мекендерден зардап шегуші халықты ұйымдасқан түрде алып шығып немесе көлікпен тасымалдап, қала сыртындағы аймаққа орналастыру, сондай-ақ халықты су басу қаупі бар аймақтан алып шығу немесе шығару. ІПоғырлан-дырылғандардан айырмашылығы эвакуацияланғандар қала сыртындағы аймақта ерекше өкім берілгенге дейін тұра береді.
Қала сыртындағы аймақ — қаладағы мүмкін болатын қирау аймақтары шектерінен тыс орналасқан аймақ болып есептеледі. Қаладағы әрбір кәсіпорынға, мекемеге, оқу орнына қала сыртындағы жоспарланған аймақта халықты орналастыратын аудан тағайындалады, ол жұмысшылардың, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің санына қарай бір немесе қатар орналасқан бірнеше елді мекен болып табылады.
Көшірілген жұмысшылар мен қызметшілер орналастырылған қала сыртындағы аудандар қала ішіндегі апаттан олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіндей, қалаға жұмысқа баруы мен қала сыртындағы аймаққа демалуға қайтып оралуына уақыт аз жұмсалатындай қашықтықта орналасуы тиіс.
Шоғырландырылған халықты орналастыру аудандарын теміржол стансылары мен автомобиль жолдары — магистральдарға жақын жерде ұйымдастыру да мақсатқа лайық болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет