Эстетикалық мәдениет және оның түрлері



Дата19.12.2022
өлшемі44,53 Kb.
#58076

Эстетикалық мәдениет және оның түрлері
Эстетикалық мәдениет өзінің көпқабаттылығымен сипатталатын күрделі құрылым болып табылады. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі
Эстетикалық мәдениет және оның түрлері
Эстетикалық мәдениет өзінің көпқабаттылығымен сипатталатын күрделі құрылым болып табылады. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өзінің консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқыраудың белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үйдің интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп қоюмен шектеледі. Мәдениеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызудың өлшемі неде деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениет саласы өзінің құрамына материалдық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.
Эстетикалық мәдениеттің қабаттары көп жағдайларда субъекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеберлігін қолдану нәтижесінде құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б.қолдануды талап етуі мүмкін. Тіпті музыкант немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді. Адамзат өнері мен талантының шығармасын қалыптастыруда не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылықтың, эстетикалықтың қажет екендігі айдан анық. Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда, ең алдымен бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, оның қаншалықты мөлшердегі нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.
Өзінің кең мағынасында өнер адамының барлық шығармашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнердің формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілін де көбірек қолданылады: орыстың “искусство” деген терминімен аударылатын “роіевів” сөзі ежелгі гректерде “білім”, “туынды”, “сана” ұғымдарын де білдіреді. Адамның әрекетімен байланысты және осы әрекеттің өнімі болып табылатын барлық нәрселер “poicsisia” – адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – “Physis’y” қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әртүрлі формалардағы көркем шығармашылықтың нәтижелері мен процестері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б.) болып табылады. Дэл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде қарастырамыз.
Жекелеген ғылымдар және рухани, практикалық әрекеттің салалары әлемнің әртүрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырларының қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемді өзінің тұтастығында қабылдаудың кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениетінің тұтастығын сақтаушы. Өнердің бұл бүкіләлемдік-тарихи мақсаты адамзат дамуының барлық этаптары үшін қажеттілігі мен құндылығын қамтамасыз ететін оның полифукнционалдылығын (көп қызметтілігін) тудырады. Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың барлық функцияларының дерлік өз “дублерлары” (қосалқылары) бар: өнер – бұл таным, алайда әлемді танытатын ғылым да бар; өнер-тәрбие, бірақ бұл мәселемен айналысатын педагогика бар: өнер – тіл және ақпарат құралы, бірақ онымен қатар табиғи тіл мен ақпарат құралдары да өмір сүреді; өнер – әрекет, бірақ еңбек – әлемді өзгертуші адамның әрекеттік мәні көрінісінің ең басты формасы. Алайда өнер адам әрекетінің бірде-бір формасын алмастыра алмайды, өйткені ол әрбір әрекетті ерекше үлгілейді. Бұл ерекшелікті түсінудің кілті ешнәрсені де көшірумен айналыспайтын, көркемдік әрекеттің ерекше пререгативасы болып табыладын өнердің эстетикалық және гедонистік функцияларында.
Ерте кездің өзінде-ақ өнердің көңілді көтере отырып, үйрететіндігі белгілі еді. Өнерді

Таяздыққа, трагедиялыққа, комедиялыққа және өзге де өнер мен өмірдің сипаттамаларына тән жалпылықты бйнелейтін эстетиканың ең кең және фундаменталды категориясы.


Эстетикалықтың ең жоғарғы көрінісі өнердің кейпіне енетін әсемдік болып табылады. Демек, әсемдік – бұл “адам” туралы ұғымдардың бірі, өмірдің барлық күрделілігі мен тереңдігін қамтитын оның анықтамаларының бірі. Тек нақты өмірді ғана емес, әсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде өзі тудырған өмірлік әлемнің шеңберінен тысқа шығып, адамзатты прагматикалық немесе утилитарлық өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмірді де қамтиды. Әсемдік эстетикалық құндылық ретінде адамзат мәдениетінің тарихында, ең алдымен антикалық философияда терең теориялық тұрғыда талданған еді.
Софистердің бізге дейін жеткен шығармаларының көпшілігі эстетикалық мәселелерге арналған. Мысалы, “ йіаіехеів” деп аталатын трактатты алуға болады. Бұл шығарманың алты тарауының екіншісі “сұлулық пен тұрпайылық” мәселесіне арналған: “Әсемдік пен тұрпайылық туралы екі жақты пікірлер айтылады. Біреулер оны өз атаулары көрсетіп тұрғандай әсемдік басқа, тұрпайылық басқа деп тұжырымдайды; келесілері әсемдік те, тұрпайылық та бір деп есептейді. Мен болсам былайша пайымдаймын. Әшекейлермен безену, иіссуларды жағу, алтын заттарды тағу еркек үшін – тұрпайы, ал әйел үшін – әсем. Достарыңа жақсылық жасау – әсем, ал жауларына – тұрпайы. Дұшпаныңнан қашу тұрпайы да, ал алаңда жүгіру – әсем. Достарың мен азаматтарды өлтіру – тұрпайы, ал дұшпандарды өлтіру – әдемі. Және барлығы да осылай… Менің ойымша, егер біреу адамдарға барлық тұрпайы нәрселерді бір жерге жинауға бұйрық беріп (әркімнің өз қалауы бойынша) жэне осы үйіндіден әркім өзінше әсем деп есептейтін нәрселеріңді алыңдар деп бұйырса, онда адамдар бұл дүниеден түк қалдырмай талап әкетер еді, өйткені адамдар әртүрлі ойлайды (Лосев А.Ф. История античной эстетики. Софисты. Сократ. Платон. М., 1974, 16-17 беттер). Бұл мәтін софистердің әсемдіктің салыстырмалы сипатын мойындағанын білдіреді. Әсемдік орынның, уақыттың және мақсаттың шарттарымен байланысты ғана өмір сүреді. Нәрсе бір қатынасында әсем болса, екіншісінде тұрпайы.
Әсемдіктің мәні туралы осыған ұқсас ойлар кейінгі ғасырларда да айтылды. V ғасырда (Византия), XV ғасырда (Испания), ХХ ғасырда (АҚШ) айтылған бірнеше аксиологиялық пікірлерді келтірейік. Дионисий Ареопагит: “Әсемдік дегеніміз барлық әсемдік сияқты үнемі мәнді, бірдей әсем, сонымен бірге ерекше әсем, пайда болмайтын және жойылмайтын… Өз-өзінде және өз өзімен келісімінде ол бүкіл әсемдіктің терең сұлулығын сәулелендіріп тұратын әрқашанда тұтас бейнелі әсемдік”. Леоне Эрео: “Тән үйлесімділігі, адам тәнінің үйлесімділігі немесе өнердегі үйлесімділік әлемдік рухта да үстемдік ететін үйлесімділік пен тұтастықтың бейнесі болып табылады. Бұл үйлесімділік әлемдік рухтың бейнесі, өйткені әлемдік рухтағы реттелген тұтастық пен формалардың тәртібі сияқты бұл да үйлесімді үндестік және тәртіптен құралады, үйлесімді әндегі, насихатты ой-толғау немесе өлеңдердегі дыбыстардың тәртібін естудің нәтижесінде біздің рухымыз онда бейнеленген әлемдік рухтың үйлесімділігі мен үндестігіне қуанады”. Дж. Сантаяна: “…Сұлулық … идеалдың көрінісі, құдіретті парасаттың символы болып табылады”.
Жаңа заманда әсемдіктің құндылықтық мәні Гегельдің эстетикалық еңбектерінде қарастырылған. Эстетикалық құбылысты Гегель танымның диалектикалық методы позициясынан қарастырады. Эстетиканың маңызды категориясы – әсемдіктің мәніне берген оның анықтамасы терең диалектикалылығымен ерекшеленеді. Әсемдік идеяның сыртқы болмыспен нақты бірлігінің сезімдік құбылысы ретінде, ұғым мен нақтылықтың, сыртқы форма мен ішкі мазмұнның тұтастығы ретінде көрінеді. Әсемдіктің осы түсіндірмесіне сүйене отырып, Гегель идеал мен оның даму сатылары туралы ілімін дамытады, идея мен оның сыртқы бейнесі арасындағы арақатынасқа байланысты өнер формаларының қалай өзгеретінін көрсетеді. Гегель әсемдіктің мынадай анықтамасын береді: “Әсемдіктің мәніне сәйкес, әсем объектіде

Оның ұғымы, мақсаты және жанымен қатар, өзгеден емес, оның өзінен туындайтын сыртқы айқындылығы, алуан түрлілігі мен нақтылығы да көрінуі тиіс. Біз жоғарыда айтқандай, әдемі зат нағыз мән мен ұғымның және белгілі сыртқы болмыстың имманентті тұтастығы және келісімі ретінде ғана шынайы. Ұғым мен құбылыс арасындағы келісім олардың толық өзара бір-біріне енуін білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет