7.2.3.1 хроника, хабар, очерктердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру;
әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі// уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдасты ру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
Бекіту
Оқушыларды түгендеу;
- сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін айқындау; Ой шақыру 1.Қазақтың батыр қыздары кімдер?
2.Олар соғыста қандай ерлік көрсетті?
3.Олардың ерліктерін еліміз қалай құрметтейді?
Очерк журналистің фактілерді ой елегінен өткізіп, жанымен сезініп, оқырман жүрегіне жеткізуді талап етеді. Фактілер барынша көркемделіп, әдеби бағытта өрбиді және оларды баламалап беруге болады.
Очерк публицистикалық жанр ретінде үлгілі оқиғаны, құбылысты, оның кейіпкерлерін насихаттайды. Басқа жанрлардан ерекшелігі очерктің бойында көркем әдебиеттің элементтері көптеп кездеседі. Ал көркем-әдебиет жанрларының ерекшелігі-нақтылық, фактіні қолдану және публицистикалық элементтердің болуы.
Очеркте көбіне үлгілі адамдардың қол жеткен табыстары, адамгершілік әрекеттері туралы жылы лебіз білдіріп, тебірене баяндайды. Оның басты объектісі — адам және оқиға. Очерктің тақырыбына шек қойылмайды. Тілдік құрылымы жағынан әдеби тілдің жазбаша түріне жатады, бірақ тақырыптық шектеудің жоқтығынан ол өзіне сөйлеу тілінің әртүрлі жағдайын бейімдей алады.
Очерктің жанрлық түрлері де көп образды болып келеді және олардың өзіндік ерекшеліктері де болады.
1
Жолсапар очеркі
Автор көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады.
2
Суреттеме очерк
Кейіпкер мен ұжым бейнесін ашатын өмірбаяндық бірер ғана емес, нақты факті алынады.
3
Портреттік очерк
Озат азаматтардың асқақ бейнесі жасалады.
4
Проблемалық-аналитикалық очерк
Әлеуметтік, экономикалық, саяси өміріміздегі моральдық тұрмысымыздың өмір-салтындағы жаңалықтардың күн тәртібіне қойылады.
1-тапсырма Берілген мәтінді оқып, талда: ...Кенет шабуылдап келе жатқан тізбектің алдынан бір тұлға оқшауланып шыға келген. Гитлершілер ер жүрек жауынгерді байқап қалып, оған пулеметтен оқ жаудырды. Жауынгер оқ нөсердің толастаған сәтін бағып, сәл бұғып отырып қалды. Толастай бастаған сәтте ұшып тұрды да “Отан үшін” – деп айқай салып, бүкіл батальонды соңынан ерте алға ұмтылды.
Қиян – кескі шайқастан кейін біздің жауынгерлер биіктікті тартып алды. Бағанағы батыл жан бір сәтке транешеяда кідіріп қалған. Оның құп – қу өңінен жарасының жанына батып тұрғаны көрініп тұр. Ал, басындағы құлақшынынан қою қара шашы дударланып шығып кеткен. Бұл ерекше ерлігімен көзге түскен Әлия Молдағұлова еді. Ол осы шайқаста он фашисттің көзін жойды. Жарасы жеңіл екен, тез жазылып кетті. Сондықтан да саптан кетпеді.
Жау айрылып қалған жерін қайтып алмаққа қайта – қайта қайратты шабуылдар жасай берді. 1944 жылы,14 қаңтарда жау солдаттарының үлкен бір тобы біздің траншеяларға өтуге мүмкіндік алды. Қолма – қол кескілес шайқастар басталды. Әлия автоматпен дәлдеп атып сұм фашисттерді құлатумен болды. Кенет ол артынан келген қауіпті сезіп қалды. Жалт бұрылып еді, үлгере алмады. Неміс офицері бұрынырақ атып үлгерді.
Міне, қазақ тарихында өзінің орынын ойып тұрып қалдырған қайран қазақ қызы бұл дүниеден өзіне еш нәрсе алмай қоштасып кете барды…
Мәтіннің мазмұны: