Этиология Пиодермияның негізгі қоздырғыштары Пиодермияға әкелетін факторлар


Остиофолликулит (син. Бокхарт стафилококкты импетигосы)



бет2/7
Дата22.09.2022
өлшемі7,93 Mb.
#39895
1   2   3   4   5   6   7

Остиофолликулит (син. Бокхарт стафилококкты импетигосы)

  • Беткей орналасқан кіші (милиарлы) фолликулярлы іріңді бастары бар конустық пустулалармен сипатталады. Пустулалар фолликулалар аймағында локализацияланған, ортасында шаш орналасқан (әрдайым ерекшеленбейді). Пустуланың шетінде қызғылт, ені 1 мм болатын жиегі көрінеді. Бөртпелер бет, дене, аяқ-қолдарда локализацияланған. 3-5 күннен кейін пустулалар қабыршаққа құрғап, із қалдырмай жазылып кетеді.

Беткей фолликулит

  • тек үлкен мөлшерімен (диаметрі 0,5-0,7 см) және зақымдану тереңдігімен (шаш фолликуласының 2/3 дейін алады) ерекшеленеді. Абсцесс айналасындағы эритематозды аймақ 2–3 мм. Пустула қалың, оның сырты тығыз, іріңді, кілегейлі, сарғыш-жасыл. Бөртпелер пайда болған жерлерде пациенттер сәл ауырсынуды сезінеді, пустулалар ашылғаннан кейін және ірің бөлінгеннен кейін жоғалады. Науқастың жалпы жағдайы өзгермейді.

Терең фолликулит

  • үлкен мөлшердегі пустулалармен сипатталады (диаметрі 1-1,5 см), толығымен шаш фолликуласын қамтиды.
  • Бөртпелер күрт ауырсынулы, бірақ олар фурункулдан некротикалық өзек болмауымен ерекшеленеді.
  • Жайылған процесс кезінде науқастың жалпы жағдайы нашарлайды: субфебрильді және фебрильді қызба, бас ауруы, қанда лейкоцитоз және жедел ЭТЖ жоғарылайды.

Сикоз - мұрт пен сақалдың шаш фолликулаларының қабынуымен сипатталатын созылмалы іріңді процесс, басқа аймақтарда (жыныстық аймақтарда және т.б.) аз кездеседі. Көбінесе ер адамдар ауырады

  • Ауру тұрақты түрде қайталанатын бөртпелермен сипатталады, құрамында іріңі бар, аздап ауырсынулы, кейде қышумен бірге, шеткері аймағында шамалы гиперемия пайда болады. Зақымданған ошақтар бірігіп жайылмалы зақымдану ошақтарын құрайды.
  • Науқастың жалпы жағдайы зардап шекпейді, бірақ зақымданған тері науқасқа таза емес көрінеді.
  • Тыртықты өзгерістер байқалмайды, өйткені процесс шаш фолликуласының жоғарғы үштен бірін ғана алады.

Фурункул, фурункулёз - шаш фоликулының және оны қоршаған тіндердің жіті іріңді-некрозды қабынуымен жүретін терең стафилодермия болып келеді.

  • Басында, шаш қапшығының аймағында пальпация кезінде қызару және ісіну байқалады. Бірте-бірте ошақ диаметрі 3-5 см болатын конус тәрізді түйінге айналады, оның орталық бөлігінде 3-4 күннен кейін ұлпаның ұлғаюымен «некротикалық өзек» пайда болады. Фурункулды 3-4 күнен кейін ашқанда ірің шығады, некротикалық ядро және іріңді-қанды бөлініс ағады.
  • Пайда болған жара біртіндеп (4-5 күн ішінде) түйіршіктену арқылы тыртыққа айнала бастайды.
  • Фурункул эволюциясы орта есеппен 2 аптаға созылады.
  • Фурункулдар көбінесе бетте (мұрын аймағына), мойында, иықта, жамбаста немесе бөкседе локализацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет