2) Қазіргі жағдайда саяси дағдарыстардан шығу жолдары.
3) Этносаяси қақтығыстар.
4) Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі.
Этносаяси шиеленістер
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы дау-дамайлар, шиеленістер жатады. Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі — этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет-ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары.
Саяси дағдарыстардан шығу жолдары
Қоғамды дағдарыстан алып шығатын әрекеттер жүйесі мен өркениетті конфронтацияны даярлау демократиялық саяси мәдениеттің принциптеріне, методтарына, ұйымдастыру мен құралдарына негізделуі керек. Сан-салалы ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Этносаяси қақтығыстарды салыстырмалы зерттеу олардың эволюциясында қайталанатын ерекшеліктер мен шекаралардың бар екендігін дәлелдейді, бұл оқиғалардың ұқсас типтері шекарасында кейбір заңдылықтарды белгілеуге мүмкіндік береді.Бұл реттегі қақтығыстар мемлекеттер арасында шыққан жағдайда өте қатерлі, сондай-ақ бір елдің ішкі аумағында болған жағдайда да аса қауіпті. Бұл саяси, әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін, ең соңында мемлекеттілікке, елдің тұтастығына әсерін тигізуі ықтимал. Саяси қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін.
Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі.
Тəуелсіздік алған жылдардан бергі қоғамдағы жаңарулар, реформалар мен өзгерістер қазақстандық қоғамындағы əлеуметтік-саяси мəселелерді тыңғылықты зерттеу қажеттігін көрсетеді. Қазақстандықтар тəуелсіздіктің өткен жылдарының ішінде қоғамдық тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен жалпы қазақстандық патриотизм, ұлттық сəйкестілікті қамтамасыз етудің өзіндік үлгісін жасады.Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр