өзінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысады және қарама-қарсы жақты бағыттауы,,кінәлауы,төмендеткісі келуі мүмкін.
Қақтығыс толығымен шешілу үшін қақтығысушы екі жақта қақтығыстың пайда болу себептерін толық түсінуі керек. Егер қақтығыс біржақтың жеңілуімен шешілсе, онда ол уақытша және қақтығытың қайта туындау қаупі жағымды дағдайда болады.
Тұлғааралық қақтығыстардың қызметі конструктивті және деструктивті болады.
Конструктивті қызметке:
1.Танымдық (қақтығыс жағымсыз қарым-қатынастың белгісі ретінде)
2.даму қызметі(қақтығыс,оның қатысушыларының дамуы мен қарым-қатынастарды жетілдіру негізі ретінд)
3.Құрал-саймандық (қақтығыс қарама-қайшылықты шешу құралы ретінде)
4.Қайта құру қызметі(қақтығыс қарым-қатынасқа кедергі келтіретін факторларды жояды)
Қақтығыстық деструктивті қызметтері байланысты:
1.Ортақ іс-әрекеттің бұзылуымен қарым-қатынастардың нашарлауы немесе тіпті жойылуы
2.Қатысушылардың негативті сезімдері
3.Әрі қарай байланысқа түсу деңгейінің төмендігі
Қақтығыстың пайда болуына және олардың шешілу кезеңінде негізінен әсер ететін фактор адамдар тегінің өзгешелігі.
Мұны қақтығыстың алдын алғанда немесе шешу кезеңінде ескеру керек.
О.Крегер , Дж.М.Тьюсонадамдардың мінездерінің әртүрлігі олардың қарым қатынастарының негізінде жатыр және оны ескермей бірде бір жанжалды шешу мүмкін емес.
«Біздің ойымызша, тұлғааралық айырмашылықтарды ескермейтін әрбір қақтығысты шешуге бағытталған модель нәтижесіз аяқталады»,-деп көрсетті.