Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



жүктеу 2.87 Mb.
Pdf просмотр
бет2/31
Дата15.03.2017
өлшемі2.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Назарбаев  Н.А.  «Казахстан  –  2030.  Процветание,  безопасность  и  улучшение 
благосостояния всех Казахстанцев». Послание Президента страны народу Казахстана. 
// «Казахстанская правда». – 1997. – 11 октября. – C. 9-32. 
2
 
Ассоциация  государств  Юго-Восточной  Азии  (АСЕАН):  история  и  задачи.  [сайт: 
«РиаНовости»].  URL:  http://ria.ru/spravka/20120808/718516714.html  (Дата  обращения: 
27.11. 2014). 
3
 
Рогожин А. АСЕАН на пути к экономическому сообществу. [сайт: Центр АСЕАН при 
МГИМО  (у)  МИД  России].  URL:  chrome-extension://oemmndcbldboiebfnladdacbdf 
madadm/http://asean.mgimo.ru/images/files/Rogozhin_ASEAN-Ec-Community_ru.pdf 
(Дата обращения: 30.11. 2014) 
4
 
Лин  К.  Дейтрейдинг  на  рынке  Forex.  Стратегии  извлечения  прибыли.  [сайт:  forex-
1984.com]. URL: http://forex-1984.com/lien11.html (Дата обращения: 05.11. 2014). 
5
 
Чернявский А.Д. Антикризисное управление. [сайт:  online-библиотека – электронная 
библиотека  научно-образовательной,  финансовой  и  художественной  литературы]. 
URL: http://bo0k.net/index.php?p=chapter&bid=571&chapter=16 (Дата обращения: 05.11. 
2014). 
6
 
Первый  Президент  Республики  Казахстан  Нурсултан  Назарбаев.  Хроника 
деятельности. 1996 – 1997 годы. – Астана: Деловой Мир Астана, 2010. – 548 с.  
7
 
Айткен Джонатан. Нурсултан Назарбаев и созидание Казахстана. / пер. с англ.  – М., 
Худож. Лит., 2010. – 384 с.  
8
 
Казахстан: от суверенитета к мировой конкурентноспособности/ Сергей Харченко.  – 
М.: Зебра Е, 2010. – 592 с.  
9
 
Кузембайулы  А.,  Абиль  Е.А.  История  Казахстана:  Учебник  для  вузов.  7-е  изд. 
перераб. и доп. – СПб.: Соларт, 2004. – 420 с.  
10
 
Национальный Архив Республики Казахстан. Ф.3. Оп. 2, д. 13. Л.15.  
11
 
Назарбаев Н. Казахстанский путь. – Караганда, 2006 – 372 с.  
12
 
Независимый  Казахстан  и  Лидер  Нации:  (Новейшая  история  Казахстана  и 
историческая  роль  Первого  Президента  Н.А.  Назарбаева)  /  Аяган  Б.  Г.,  Ауанасова 
А.М., Габдуллина А.Ж., Кыдыралина Ж.У., Селиверстов С.В., Сулейменов А.М.; Под 
ред. Аягана Б.Г. – Алматы: Раритет, 2010. – 392 с. 
13
 
Первый  Президент  Республики  Казахстан  Нурсултан  Назарбаев.  Хроника 
деятельности. 1996 – 1997 годы. – Астана: Деловой Мир Астана, 2010. – 548 с.  
14
 
Аяган  Б.Г.,  Абжанов  Х.М.,  Селиверстов  С.В.,  Бекенова  М.С.  Современная  история 
Казахстана:  Учебник  для  студентов  неисторических  специальностей  (бакалавриата) 
высших  учебных  заведений/  Под  общей  редакцией  Б.Г.  Аягана.  –  Алматы:  Раритет, 
2010.  –  432  с.,  16  с.  ил.  Первый  Президент  Республики  Казахстан  Нурсултан 
Назарбаев. Хроника деятельности. 1996 – 1997 годы. – Астана: Деловой Мир Астана, 
2010. – 548 с.  

 
11 
15
 
Закон  Республики  Казахстан  от  28  февраля  1997  г.  N  75-I  ЗРК.  «О  государственной 
поддержке  прямых  инвестиций».  [сайт:  Информационно-правовая  система 
нормативных 
правовых 
актов 
Республики 
Казахстан: 
«Әділет»]. 
URL: 
http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000075_#z0 (Дата обращения 20.10.2014). 
16
 
Первый  Президент  Республики  Казахстан  Нурсултан  Назарбаев.  Хроника 
деятельности. 1998 – 1999 годы. – Астана: Деловой Мир Астана, 2010. – 514 с.  
17
 
Первый  Президент  Республики  Казахстан  Нурсултан  Назарбаев.  Хроника 
деятельности. 2000 год. – Астана: Деловой Мир Астана, 2010. – 234 с. 
18
 
Современная история Казахстана: Хрестоматия / Сост. А. Ауанасова, А. Сулейменов. 
Под ред. Б. Аягана. – Алматы: Раритет, 2010. – 560 с. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақалада 
1997-1998 
жылдарыдағы 
әлемдік 
дағдарыс 
кезеңіндегі 
Қазақстан 
экономикасының  реформа  тарихы  талқыланады.  Сол  кезеңдегі  Қазақстандағы  экономикалық-
әлеуметтік жағдайлары туралы да зерттеулер жүргізілген.  
 
RESUME 
 
The  article  concerns  the  history  of  the  formation  of  Kazakhstan's  economy  during  the  global 
financial crisis of 1997 - 1998 years. The author explores the history of its origin and the impact on the 
economic  and  social  situation  in  Kazakhstan.  In  addition,  the  author  also  analyzes  the  management 
decisions that are aimed at succeeding in overcoming the crisis and the results of their actions. 
 
 

 
12 
ӘОЖ 930.26 (574.54) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Б.Б. Енсепов 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ 
агротехникалық университеті, 
т.ғ.к., аға оқытушы 
 
Ж.Р. Абишева 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ 
агротехникалық университеті, 
т.ғ.к., аға оқытушы 
 
Ә.М. Қоскеева 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ 
агротехникалық университеті, 
магистр 
 
Иса Тоқтыбаевтың 
ағартушылық 
қызметі  
 
Аннотация  
Мақалада  авторлар  Иса  Тоқтыбаевтың 
қоғамдық-саяси  және  ағартушылық  қызметі 
туралы  жаңа  қорытындыға  келіп,  өзіндік  пікір 
ұсынады.  Мұрағат  деректерін  талдай  отырып, 
авторлар  Иса  Тоқтыбаевтың  Қазақстанның 
рухани-мәдени  өмірінде  ерекше  із  қалдырған 
тұлға  ретіндегі  рөлін  көрсетеді.  Сонымен  бірге, 
Иса  Тоқтыбаевтың  ағартушылық  қызметін 
көптеген 
деректер 
негізінде 
нақтылап, 
тарихнамалық талдаулар жасайды.  
Түйін  сөздер:  Иса  Тоқтыбаев,  Талап 
қоғамы,  Түркістан  АКСР-і,  Қазақ  Ағарту 
институты,  Орта  Азия  мемлекеттік  университеті 
(САГУ). 
 
 
Иса  Тоқтыбаев  -  Түркістан  автономиялы 
кеңестік  социалистік  республикасы  Орталық 
Атқару  Комитетінің  барлық  шақырылымдары 
бойынша  мүше  болып  сайланған  белгілі  қоғам 
қайраткері, 
республикалық 
Қырғыз 
Қазақ 
Ғылыми  Комиссиясы  мен  көшпенді  халыққа 
білім  тарату  жөніндегі  комиссияның  төрағасы, 
қазақ халқының тұңғыш ғалым-философтарының 
бірі.  Қазақ  баспасөзінің  қарашаңырағы  болған 
«Ақ  жол»  газетінің  редакторы,  «Коммунист», 
«Шолпан», 
«Сәуле», 
«Сана», 
«Шаншар» 
журналдары  мен  жастардың  «Жас  қайрат» 
газетінің 
редакторлығы 
қызметтерін 
қоса 
атқарған белгілі журналист. 
Иса  Тоқтыбаев  1894  жылы  13  желтоқсанда 
бұрынғы  Түркістан  генерал  губернаторлығы 
Сырдария 
облысының 
Перовск 
қаласы 
іргесіндегі Қараөзек бойында (қазіргі Қызылорда 
облысы 
Сырдария 
ауданының 
Қараөзек 
ауылында)  дүниеге  келген.  Әкесі  Тоқтыбай 
Исаны  сегіз  жасында  Перовскідегі  саудагер 
Рафайл  байдың  жалшылығына  береді.  Рафайл 
байдың үйіне жиі келетін Николай Щипков атты 
орыс  мұғалімі  Исаның  зеректігін  ескеріп 
Перовскідегі  орыс-қазақ  бастауыш  мектебіне 
оқуға қабылдайды [1]. Иса Тоқтыбаев орыс-қазақ 
бастауыш  мектебін  1908  жылы  бітіріп  шығады. 
1912  жылы  жоғары  бастауыш  орыс  училищесін 
тәмамдап,  сол  жылы  Ташкенттегі  мұғалімдер 
семинариясына  оқуға  түседі  [2].  Ол  кезде 
Түркістан  өлкесі  бойынша  Ташкентте  ерлер 
гимназиясы,  реалды  училище,  мұғалімдер 
институты, мұғалімдер  семинариясы,  2  әйелдер 

 
13 
гимназиясы  және  басқа  қалаларда  ұсақ  кәсіптік  мектептер  жұмыс  істеді  [3,  24].  ХХ 
ғасырдың  басында  патша  үкіметінің  Қазақстанды  отарлауының  тереңдей  енуі  және 
самодержавиялық 
жүйенің 
дағдарысы 
Исаның 
қоғамдық-саяси 
көзқарасының 
қалыптасуына  тікелей  әсер  етті.  Әсіресе,  патша  үкіметінің  бірінші  дүниежүзілік  соғыста 
қара  жұмысқа  Дала  мен  Түркістан  өңірінен  адам  алу  жөніндегі  1916  жылғы  25 
маусымдағы  жарлығы  жергілікті  халық  наразылығын  туғызды.  Қазақстанның  барлық 
жерінде  көтерілістер  мен  қозғалыстар  бой  көтерді.  Патша  үкіметінің  бұл  саясатын 
әшкерелеу  мақсатында  Пішпек  қаласының  шығыс  жақ  іргесіндегі  Тоқмақ  станциясында 
митингі  болып,  Иса  Тоқтыбаев  ашық  платформа  үстінде  сөз  сөйлеп,  жиналған  халық 
алдында патша үкіметінің 25 маусымдағы жарлығын сынап әшкереледі. Тоқмақ жандармы 
бұл  митингіні  тоқтатып,  Исаны  ұстап  Пішпек  жандармериясының  полковнигі 
Римшевичтің  алдына  апарады.  Иса  Пішпек  жандармериясының  тергеуінде  еш  нәрсені 
мойындамай  екі  апта  қамауда  болады.  Ташкенттегі  мұғалімдер  семинариясы 
оқытушыларының  көмегімен  Иса  қамаудан  босатылып,  Ташкентке  оралады.  Ол  1917 
жылы мұғалімдер семинариясын үздік дипломмен бітіріп шығады.  
Иса Тоқтыбаев мұғалімдер семинариясын бітірісімен ағартушылық салаға ден қояды. 
Қазан төңкерісі орнағаннан кейін Иса сол кездегі қазақ зиялылары Санжар Асфендияров, 
Тұрар  Рысқұлов,  Сүлеймен  Есқараев,  Нәзір  Төреқұлов,  Бегайдар  Аралбаев,  түркімен 
Айтақов,  Атабаев,  өзбек  Ходжаев  тағы  басқалармен  бірге  Түркістан  республикасының 
партия,  кеңес  және  ағарту  жұмыстарында  қызмет  істейді.  Ташкент  уездік  жұмысшы, 
солдат  және  мұсылман  депутаттары  Кеңесінің  хатшылығына  сайланады.  Сол  кездегі 
Түркістан  республикасына  кірген  осы  күнгі  Алматы,  Жамбыл,  Шымкент,  Қызылорда 
облыстарында  көптеген  қазақ  мектеп-интернаттарын  ашуға  белсене  қатысады.  Қазалы 
станциясындағы  бір  топ  жетім-жесір  балаларды  алып  келіп,  Перовскідегі  орыс,  қазақ 
мектептеріне орналастырды [2]. 1918 жылы ол Түркістан кеңестік республикасы орталық 
комитетінің  мүшелігіне  және  кейінгі  барлық  шақырылымдарына  сайланады.  Ал  1919 
жылы ақпан айында Исаны Ташкент қалалық комитеті большевиктер партиясы қатарына 
қабылдады. 
Иса кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ қазақ мамандарын даярлауда ерекше 
еңбек  сіңірді.  Әсіресе,  1918  жылы  мамырда  Түркістан  Халық  Университетінің  басқарма 
мүшелігіне  тағайындалған  ол  жергілікті  ұлт  өкілдерін  Түркістан  кейін  Орта  Азия 
мемлекеттік  университетіне  (САГУ)  оқуға  тарту  мақсатында  С.Асфендияров  екеуі 
«Мұсылмандар  секциясын»  құрды  [4,  18].  Секция  басшысы  белгілі  жәдитшіл-ағартушы 
Мунаввар  Қары  Абдурашитханов  болса,  оның  орынбасарлығына  қазақтың  көрнекті 
қайраткері Иса Тоқтыбаев сайланды [5, 6]. 
1918  жылдың  12  қарашада  өткен  Түркістан  Республикасы  Ағарту  халкомы 
алқасының мәжілісінде Ташкент қаласында Қазақ педагогикалық курстарын ашу жөнінде 
қаулы  қабылданып,  Иса  Тоқтыбаев  қазақ  педагогикалық  курсының  меңгерушісі  болып 
тағайындалды [6, 4]. Ол қазақ педагогикалық курсын одан әрі жетілдіріп, оның жұмысын 
ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, курс меңгерушісі 
болған ол 1918 жылы 22 қарашада Перовскіден Қоңырқожа Қожықов, Хиуадан Әбділазиз 
Байсейітов, Шымкенттен Сегізбай Айзуновтерді мұғалімдікке қабылдайды [6, 37]. Қысқа 
мерзімде  оқытушылар  құрамы  мен  тыңдаушылар  санын  жинақтай  алған  оқу  орнында 
нақты  оқу-тәрбие  ісін  жолға  қою  мақсатында  1918  жылы  2  желтоқсан  күні  арнайы 
«Педагогикалық  алқа»  құрылып,  осы  алқаның  төрағасы  және  курстың  уақытша  мүшесі 
болып  И.Тоқтыбаев  сайланды.  Қазақ  педагогикалық  курсында  С.Өтегенов  орыс  тілінен, 
С.Қожанов математикадан, Е.Табынбаев педагогикадан, Х.Болғанбаев қазақ тілінен және 
И.Тоқтыбаев  география  пәнінен  сабақ  берді.  1919  жылы  мамырда  Өлкелік  қазақ 
педагогикалық  курстарын  бітірген  145  адамға  қазақ  мектебінің  мұғалім-басшысы  деген 
біліктілік  беріліп,  қазақ  мектептеріне  мұғалім  болып  баруға  міндеттеп,  қолхат  береді  [7, 
6].  Алғашқы  педагогикалық  курста  жоғарыда  аталған  оқытушылармен  бірге  Түркістан 

 
14 
ұлттық  элитасының  көрнекті  өкілі  Сералы  Лапиннің  қыздары  Райхан,  Хадишамен  бірге 
інісі  Жағыпар  Лапин,  Сара  Есова,  Шамғали  Сарыбаев,  Тәңірберген  Отарбаев  және  тағы 
басқалары  сабақ  берді.  Алғашқы  түлектердің  қатарында  қысқа  мерзімде  қайраткерлік 
қызметімен  Түркістан  жастарының  жетекшісіне  айналған  Ғани  Мұратбаев  пен  ұлттық 
кәсіби театрдың негізін қалаушылардың бірі Құрманбек Жандарбековтерді ерекше атауға 
болады  [6,  222].  1919  жылдың  1  маусым  күні  Түркістан  Республикасы  үкіметінің 
шешіміне  сәйкес,  бір  жылдық  өлкелік  педагогикалық  дайындық  курстары  қосымша 
ашылатын  дербес  педагогикалық  училище  болып  қайта құрылып,  оның  директорлығына 
И.Тоқтыбаев  тағайындалды  [8,  5].  Түркістан  басшылығы  уақыт  талабына  сәйкес,  20-
жылдардың  басында-ақ  республиканың  ұлттық  мектептері  үшін  білікті  мұғалім 
кадрларын  дайындауға  арналған  ірі  педагогикалық  оқу  орындарын  ұйымдастыру 
мәселесіне  баса  назар  аударуға  кірісті.  Осы  бағыттағы  жұмыс  тиімділігін  арттыру 
мақсатында  1920  жылы  27  сәуірде  Түркістан  ОАК  шешімімен  Халық  Ағарту 
комиссариаты алқасының жаңа құрамы құрылып, оған Н.Төреқұлов (Ағарту Комиссары), 
Лепешинский  (комиссардың  орынбасары),  мүшелері  болып  Н.Ходжаев,  Дволайцкий, 
И.Тоқтыбаев  кірді.  1920  жылғы  маусымға  дейін  аталған  алқа  Түркістандағы  білім  беру 
Институттарының Ережелерін әзірлеп, бекітеді [9, 169]. 
Сонымен  1920  жылы  1  қазанда  Ташкент  қаласында  ашылған  Қазақ  халық  ағарту 
институты  1917  жылдан  бастап  жұмыс  істейтін  қазақ  педагогикалық  училищесінің 
негізінде  бой  көтерді.  «Қазақ  Халық  ағарту  институты  туралы  Ережеге»  сәйкес 
институттың  бес  жылдық  негізгі  курсынан  өзге,  бір  жылдық  курстар,  мектепке  дейінгі 
тәрбие  курстары,  мектептен  тыс  білім  беру  курстары  ашылды  [10,  1-2].  1920  жылы  10 
қарашада  өткен  Ағарту  халкомы  алқа  мәжілісінде  И.Тоқтыбаев  Халкомының 
нұсқаушылар  бөліміне  нұсқаушылықпен  қатар  Қазақ  педкурсының  меңгерушілігіне 
тағайындалды. Ол осы қызметті 1920 жылдың тамызына дейін атқарды [11, 59]. Бұдан соң 
И.Тоқтыбаев  1921  жылғы  қаңтарда  Ташкентте  ашылған  Қазақ  ғылыми  комиссиясын 
басқарды [12, 83].  
1921  жылы  қаңтарда  құрылған  Қазақ  ғылыми  комиссиясы  құрамына  жоғары  оқу 
орындарының  қызметкерлері  енгізілді.  «Қазақ  ғылыми  комиссиясы  басқа  ұлттық 
комиссиялардан  интеллектуалдық  тұрғыда  өте  қуатты  жеке  құрамымен  ерекшеленді. 
Оның мүшелері қазақ фольклорын жинаушы Ә.Диваев, жас ғылыми қызметкер М.Әуезов 
және тағы басқалары болды [12, 53-54].  
1921 жылы қазанда Қазақ ғылыми комиссиясының төрағасы болып Х.Досмұхамедов, 
комиссия 
мүшелігіне 
Ә.Диваев, 
У.Танашев 
және 
Е.Омаров 
тағайындалды. 
Х.Досмұхамедовке  зор  жауапкершілік  артылып,  жұмысты  жандандырып,  жолға  қою 
тапсырылды.  Қазақ  ғылыми  комиссиясы  мектеп  кітаптарын  даярлауға  басты  назарын 
аударып, 1921 жылы 30 шілдеде И.Тоқтыбаевтың «Жағрафия» атты оқулығын қарап, оны 
баспадан ешқандай кезексіз 5000 данамен шығару туралы қаулы қабылдады [13, 243-244].  
Қазақ ғылыми комиссиясы Қазақ ағарту институтымен бірлесе отырып, 1923 жылы 
шілдеде  Қазақ  ағарту  институтының  студенттер  тобын  Москва  қаласында  өткізілген 
Бүкілодақтық  ауылшаруашылық  көрмесіне  қазақтардың  тұрмысы  мен  этнографиясының 
жәдігерлерін  таныстыруға  жіберді.  Олардың  арасында  әнші  ретінде  институт 
тыңдаушысы  Құрманбек  Жандарбеков  пен  оқытушы  Мағжан  Жұмабаев  та  болды. 
Көрмеге  Қазақ  ағарту  институты  мен  Қазақ  ғылыми  комиссиясы  әр  түрлі  құжаттар, 
кітаптар,  материалдар  жинағы  секілді  барлығы  100-дей  жәдігер  апарды.  Оның  ішінде 
Әмір  Темірдің  Түркістан  Әзірет  Яссауи  мешітіне  берген  грамотасы,  Иса  Тоқтыбаевтың 
«Түркістанның  географиялық  очеркі»,  Т.Рысқұловтың  «Жетісу  мәселелері»  кітаптары 
және  т.б.  болды  [14,  79-107].  Зерттеуші  Тоқтыбаевтың  бұл  оқулықтары  өз  уақытында 
үлкен  сұранысқа  ие  болды.  Белгілі  түріктанушы  ғалым,  филология  ғылымдарының 
докторы,  профессор  Әуелбек  Қоңыратбаев,  Қазақ  КСР-і халық  ағарту  ісінің  үздігі,  ұстаз 

 
15 
Меңдияр  Киікбаев  Тоқтыбаевтың  «Жағрафия»  оқулығын  барлық  қазақ  мектептері  Ұлы 
Отан соғысына дейін пайдаланылғанын растайды.  
1922  жылы  4  желтоқсанда  Ташкент  қаласында  Х.Досмұхамедов,  И.Тоқтыбаев 
бастаған  қазақ  зиялылары  бас  қосып,  Мемлекеттік  Ғылыми  Кеңестің  алдына  «қырғыз-
қазақ  мәдениетін  өркендетуді  мақсат  еткен»  «Талап»  қоғамын  құру  туралы  мәселені 
қояды.  Көп  кешікпей  Талап  қоғамы  құрылып,  1922  жылы  13  желтоқсанда  оның  бірінші 
жиналысы болып [15, 3], басқармаға төмендегі адамдар сайланды:  
Басқарманың  төрағасы  –  Халел  Досмұхамедов,  басқарманың  мүшелері:  профессор 
Александр  Шмидт,  Иса  Тоқтыбаев,  Мырзағазы  Есболұлы,  Мұқамеджан  Тынышбайұлы, 
Мұхтар  Әуезұлы,  Қасым  Тыныстанұлы  болды  [16,  1].  «Талаптың»  жоғарыда  айтқан 
мүшелері  көпшілік  алдында  дәріс  оқып,  баяндамалар  жасап,  түрлі  көрмелер 
ұйымдастырды.  Өнердің  неше  түрлі  үлгілерін,  кітаптар  мен  қолжазбаларды  шығарып, 
кітапхана,  оқу  залын  ашты.  «Талап»  қоғамы  көздеген  мақсатына  толық  жетпесе  де,  ұлт 
мәдениетін өркендетуге өзінің қомақты үлесін қосты. 
1920  жылдан  бастап  «Ақ  жол»  газеті  шыға  бастады.  Осы  газеттің  жұмысын 
ұйымдастырушылардың қатарында Сұлтанбек Қожановпен бірге Иса Тоқтыбаев та болды. 
Ол  бұл  кезде  өзінің  талантымен  республикадағы  іскер,  партия,  кеңес  қызметкерлерінің 
бірі  болатын.  Оның  кандидатурасын  ең  алдымен  сол  кездегі  Түрккомиссиясы 
басшыларының бірі В.В. Куйбышев ұсынды. Тоқтыбаев 1920 жылдың аяғында  «Ақ жол» 
газетінің  жауапты  редакторы  болып  тағайындалды  [17,  50-52].  Сонымен  қатар,  бір 
жағынан,  жаңа  шыға  бастаған  Шолпан»,  «Сәуле»,  «Ақ  жол»  газетіне  қосымша), 
«Коммунист»  «Шаншар»,  «Спутник  коммуниста»  басылымдарының  сарапшысы,  әрі 
редакторы болды [16, 64]. Сондай-ақ Орталық комитеттің баспа секторының меңгерушісі 
қызметін  атқарды.  Сөйтіп  жүріп  Ташкенттегі  Орта  Азия  мемлекеттік  университетін 
сырттай бітірді. «Ақ жол» газетінің айналасына ұлт қаламгерлері мен ғалымдар топтасты. 
Иса  Тоқтыбаев  баспа  салысында  жүріп,  қазақ  интеллигенциясы  мен  жазушыларының 
шығармашылығына  ерекше  көңіл  бөлді.  Атап  айтқанда,  жиырмасыншы  жылдары  қазақ 
әдебиетіндегі  көрнекті  ғалым-зерттеуші  Әуелбек  Қоңыратбаев  «Ақ  жол»  газетінде  бес 
жыл  тілші  болып  қызмет  істейді.  Онда  «Ботагөз»,  «Анама»  және  тағы  да  басқа  айтулы 
өлеңдерін  жариялады.  Сонымен  бірге,  Орта  Азия  университетінде  оқып  жатқан  жас 
М.Әуезов  И.Тоқтыбаевтың  шақыртуы  бойынша  «Сәуле»  журналының  әдеби  қызметкері 
болды.  Көрнекті  жазушылар  мен  ақындар  Сәбит  Мұханов,  Иса  Байзақов,  Бейімбет 
Майлин, Ілияс Жансүгіровтың алғашқы әңгімелері мен өлеңдерін газеттер мен журналдар 
беттерінде  дәл  осы  И.Тоқтыбаев  жариялады.  Иса  Тоқтыбаевтың  өзі  де  халық  ақын 
жыраулары  Тұрмағанбет  Ізтілеуов  пен  Омар  Шораяқтың  еңбектерін  осы  басылымға 
ұсынған. Асқар Тоқмағамбетов Исаның ықпалымен Ташкент басылымдарында өлеңдерін 
жариялап  алғаш  рет  танымал  ақын  атанды.  Редакция  қызметкерлері  қазақтың  мәдени 
мұраларын қорғауға белсене қатысып, қырық түйеге тиеген ел ішінен халықтық дастандар 
мен  тарихи  жырларды  жинастырған.  Өкінішке  орай  олардың  көпшілігі  басылым  көре 
алмай, қазір шаң басып Өзбекстан мұрағаттарында жатыр [18, 47]. Иса Тоқтыбаевтың өзі 
баспа беттерінде негізінен «Балықшы» немесе жәй «Тоқтыбаев» деп қол қойып әңгімелер, 
очерктер жаза бастады. 
Иса  Тоқтыбаев  1920  жылдан  бастап  Түркістан  республикасының  жоғарғы  партия, 
кеңес  органдарының  және  халық  ағарту  комиссариаты  коллегиясына  мүше  болып 
сайланып  отырды.  Бұл  жұмыстарды  ол  1924  жылдың  аяғына  дейін,  яғни  Түркістан 
республикасы  таратылып,  «Ақ  жол»  газеті  Сырдария  губерниялық  партия  комиеті  мен 
кеңес  атқару  комитетінің  органы  болғанға  дейін  істеді.  Ташкенттік  газеттер  мен 
журналдардың қызметіндегі қиындықтарға қарамастан, ол аз уақытта Түркістан өлкесінде 
кеңес  үкіметінің  қалыптасуына  еңбек  сіңіріп,  халықты  білім  алуға  шақырды.  Кеңес 
өкіметі 1925 жылы оны Қызылорда уезі оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне жіберді [2]. 
Сол  кездегі  үкіметтің  тапсыруымен  Қызылорда  қаласында  алғашқы  қазақ  драмалық 

 
16 
театрын  және  қазақ  халқының  мәдени  өмірінде  елеулі  оқиға  болған  «Еңлік-Кебек» 
қойылымын ұйымдастырды. Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшіп 
келгеннен  кейін,  республикалық  оқу  комиссариаты  оны  Орынбор  қаласындағы  халық 
ағарту  институтына  және  оның  жанындағы  жұмысшы  факультетіне  (рабфак)  директор 
етіп жіберді.  
1926  жылы  бұл  жерлерден  кетуге  мәжбүр  болып,  Семейден  шығатын  «Қазақ  тілі 
газетінің редакторы қызметіне тағайындалды. 1929 жылы Алматыға барып, Қазақстан оқу 
комиссариатында  аз  уақыт  қызмет  істегеннен  кейін,  Исаны  өлкелік  партия  комитеті 
Ленинград  қаласындағы  аспирантураға  оқуға  жіберді.  Иса  бұл  оқуды  да  өте  жоғары 
бағамен  бітіріп,  Ленинград  обкомының  ұйғарымы  бойынша  сондағы  Шығыс  елдері 
институтының  директоры,  әрі  бүкілодақтық  Толмачев  атындағы  саяси-соғыс  академияда 
сабақ  беріп,  Ленинградтағы  мемлекеттік  этнография  мұражайының  меңгерушісі  болды 
[18, 48].  
Иса Тоқтыбаев 1926 жылдан кейін, Орта Азия мен Қазақстанның саяси және мәдени 
өміріне араласпағанымен, миллиондаған адамдарды аштықтан қырған Голощекинге қарсы 
шығып, 1929 жылы оның зұлымдықтары жайлы Сталинге хат жазды. Иса Тоқтыбаевтың 
осы  әрекеті  үшін  Голощекин  оны  құртып  жіберуге  талпынғанымен,  сол  кездегі  көрнекті 
партия қайраткерлері В.В. Куйбышев пен С.М. Кировтің көмегі арқылы аман қалды [18, 
49-50 бб.]. Ол Мұстафа Шоқайдың замандасы болғаны үшін де қасіреттің азабын тартты. 
1933  жылы  23  тамызда  Ленинградта  тұтқынға  алынып,  мәжбүрлегенде  М.  Шоқайды 
көргенін  мойындаған.  Егемен  Қазақстан  газетінде  жарияланған  зерттеуші  Әмірхан 
Бәкірұлының  дерегінде  тергеушілердің  неше  түрлі  құйтырқы  әрекеттері  баяндалып, 
Қазақстанда  1930-1933  жылдары  ұлтшыл-контрреволюциялық  ұйым  жұмыс  істегені 
келтірілді.  Оның  «Түркі  халық  партиясы»  деген  бөлігін  Мұстанбаев,  Мәскеудегі  қазақ 
студент  жастар  тобын  Тоғжанов  пен  Есқараев,  «Егемен  Түркістан  мемлекеті»  деп 
аталатын  антикеңестік  ұйымды  А.Бірімжанов  пен  М.  Шоқай  басқарғаны  туралы 
айтылады.  Сонымен  қатар,  Орынборда  Қаржаубаев,  Ленинградта  Иса  Тоқтыбаев 
жетекшілік  еткен  ұлтшылдық  бағыттағы  орталық  жұмыс  жасағандығы  баяндалды.  Иса 
Тоқтыбаев  тергеушілердің  азаптауы  барысында  1917  жылы  Ташкентте  біреудің  жеке 
үйінде  Мұстафа  Шоқайды  кездестіргенде,  оның  жанында  Сұлтанбек  Қожанов  және 
Гүлсім  Асфендиярова  болғанын  айтқан  [19].  Содан  Мұстафа  Шоқаймен  байланысы  бар 
деген  желеумен  1934  жылдың  29  наурызында  «Революцияға  қарсы  ұлтшылдық 
орталықтың» басшысы ретінде РКФСР ҚК 58-7, 58-10, 58-11 баптары бойынша 10 жылға 
сотталып,  Қарлагтің  Бөзшакөл  учаскесінде  айдауда  болды.  Қызметтес  болған 
С.М.Кировтың  көмегімен  ол  1935  жылы  босанады.  Иса  Тоқтыбаев  1939  жылы  қайтадан 
тұтқынға  алынып,  1947  жылы  босанып  шығады.  1948  жылы  27  қаңтарда  үшінші  рет 
қамауға  алынып,  Красноярск  өлкесі  Енисей  ауданы  Хохлово  лагеріне  жер  аударылды. 
1954  жылы  мерзімінен  бұрын  босатылып,  өмірінің  соңына  дейін  Қызылорда  облыстық 
мұражайының директоры болып қызмет істеді» [20, 362-363]. 
Қорыта  келгенде,  белгілі  қоғам  және  мемлекет  қайраткері,  ағартушы  ғалым  Иса 
Тоқтыбаевтың  қоғамдық-саяси  және  рухани-мәдени  қызметін  жан-жақты  ашып  көрсету 
үшін  зерделі  зерттеу  жүргізіп,  шығармаларын  жарыққа  шығару  қажет.  Ол  үшін  Иса 
Тоқтыбаевқа  қатысты  Өзбекстан  Республикасы  Орталық  Мемлекеттік  Мұрағаты  мен 
Ресей  Федерациясы  мемлекеттік  мұрағаты,  Қазақстан  Республикасы  Орталық 
Мемлекеттік  Мұрағаты  қорларындағы  құжаттармен  танысып,  ғылыми  негізде  саралау 
керек.  
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет