Ф 03-03 Утебаев А. А. «Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет1/46
Дата04.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79362
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
«Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған МУ Word


Ф.7.03-03

Утебаев А.А.




«Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Шымкент, 2022








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ







Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

«Экология» кафедрасы
Утебаев А.А.


«Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған

Шымкент 2022ж.


УДК – 504. 064.


Құрастырғандар: Утебаев А.А.


«Экожүйе және құқық» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. –Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚУ, 2022ж.- 48 б.
Әдістемелік нұсқау «Экожүйе және құқық» пәнінің оқу жоспары және бағдарламасына сәйкес дайындалған және практикалық (семинар) дәрістерін орындау курсы бойынша барлық керекті мәліметтер енгізілген.

Әдістемелік нұсқау Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларына арналған.


Рецензенттер:
Исаева Р.А., т.ғ.к., доцент. М.Әуезов атындағы ОҚУ, “Экология” каф.
Джакипбекова Н.О.,т.ғ.д., профессор. М.Әуезов атындағы ОҚУ, “Экология” каф.
«Экология» кафедра мәжілісінде қарастырылып баспаға ұсынылды.
(хаттама №1 « 27 » 08 2022ж.) және

«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің әдістемелік комитетінде талқыланған,


(№ 1 , « 28 » 08 2022ж.)

М.Әуезов атындағы ОҚУ Оқу-Әдістемелік Кеңесінде талқыланып, баспаға ұсынылған (№ « » 2022ж.)


@ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2022ж.


Шығарылымға жауапты: Утебаев А.А.


Мазмұны

Кіріспе.








№1 сабақ

Жалпы экология негіздері. Экологияның даму тарихы, экологиялық факторлар

6

№2 сабақ

Қазіргі заманның экологиялық мәселелері. Жаһандық, ұлттық, аймақтық.

18

№3 сабақ

Вернадскийдің Биосфера туралы ілімі

28

№4сабақ

Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты

37

№ 5 сабақ

Экологиялық мониторинг

38

№6 сабақ

Экологиялық білім және дүниетаным

43

№7 сабақ

Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және ТД

45

№8 сабақ

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеу әдістері

47

№9сабақ

Қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар

48

№10сабақ

Экологиялық менеджмент

50

№11сабақ

Баламалы энергия көздеріне көшу

53

№12сабақ

Аз қалдықты және қалдықсыз, ресурс үнемдейтін технологиялар

55

№13сабақ

Экологияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру

57

№14сабақ

Инновациялық экожүйені құру

61

№15сабақ
Пайдаланылған әдебиеттер

Қоғамды экологияландыру.

62
66



1 практикалық сабақтың тақырыбы: Жалпы экология негіздері. Экологияның даму тарихы, экологиялық факторлар.


Кіріспе

Жер планетасында бірінші адам пайда болған мезеттен бастап, ол үнемі және үздіксіз қоршаған ортамен және оның құраушыларымен өзара байланыста болады. Адам өркениеті қаншалықты дамыса, соншалықты қоршаған ортаға әсерін тигізуде, соншалықты қарқынды және кең ауқымда Жердегі табиғи ресурстарды пайдалануда.
Табиғатпен өзара байланыс адам тіршілік әрекетінің айрылмас бөлігі болып табылады. Адамдарға азық-түлік, жаңа заттар, киімдер, тұрғылықты мекен, өнеркәсіптік кәсіпорындарға шикізат пен материалдар, құрылғылар мен техникалар қажет. Мұның барлығын бізді қоршаған табиғи ортаға әсерін тигізбей және оның ресурстарын пайдаланбай іске асыру мүмкін емес. Қоршаған табиғи ортаға шамадан тыс әсер ету оның ластануына, табиғи ресурстарды пайдалану олардың сарқылуына әкеліп соғады. Ол өз ретінде экономикада, техникада дағдарысқа ұшыратады, әлеуметтік дүрлігуге, ауқымды экологиялық дағдарысқа әкеліп соғады.
Мұның барлығынан қалайша сақтануға болады? Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану болып табылады.
Табиғатқа деген жаңа пікірдің қалыптасуында, қоғамның инсдустриалдық дамуынан кейінгі мәселелерінің өзекті аспектілерінің бірі болып табылатын қоршаған табиғи ортаның жағдайына нақты баға беру және оны жақсарту, қорғау, табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіруді зерделейтін «Экология және тұрақты даму» пәнінің маңызы зор.
«Экология және тұрақты даму» оқу құралы экологияға, оның негізгі бөлімдеріне қатысты сұрақтарды, тұрақты даму түсінігін және оның концепциясын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға қатысты сұрақтарды ашып түсіндіретін материалдардан құралған.

Оқу құралы «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған дәрістер конспектісі болып табылады.


Оқу құралының жеке бөлімдері экология түсінігін, оның негізгі бөлімдерін (аутоэкология, демэкология, синэкология); тұрақты даму түсінігін және оның концепциясын; қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін, әдістерін және міндеттерін қарастыруға арналған. Сонымен қатар оқу құралында өздік бақылауға арналған сұрақтар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі берілген.


Оқу құралы экология, тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын зерделеумен айналысатын магистранттарға, оқытушыларға, жоғары оқу орнының студенттеріне арналған.


Осы оқу құралын сәтті меңгеру және оның барысында сәйкес білім мен ілімдерді алу мамандардың кәсіби дайындығының деңгейін арттыруға көмектесіп, оларға әрі қарай өздерінің басқармашылық және өндірістік қызметін тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік стратегияларының тұрғысында іске асыруға мүмкіндік береді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет