Ф. Бэконның философиясындағы ғылым бейнесі


Р. Декарттың творчествосындағы философия және



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі32,17 Kb.
#16425
1   2
Р. Декарттың творчествосындағы философия және ғылым

Р.Декарт қазіргі еуропалық ғылым- ның бастамасында тұрған ұлы ойшылдардың бірі. Оның шығармашылығында онтологиялық мәселелерге деген қызығушылық

пен математика, физика, космогония, физиология аймағындағы терең зерттеулер, негізгі әдістер үйлесім тапқан болатын. Оның зерттеулері философиялық ұсыныстармен үздіксіз байланысты және олар дүниенің механикалық суретінің негізіне салынды.

1637 жылы «Әдіс туралы ойлар...» деген өзінің бірінші жұмысын және оған қосымша «Геометрия», «Диоптрика», «Метеоры» атты трактаттарын жария етті.

Декарт дайындаған философия мәселелерінде маңызды орынға таным әдісі алынған болатын. Декарт, бүкіл білім үшін шынайы және толық сипатты әдіс іздеуде болды, ол осы негізде бүкіл ғылымның шынайы ғимаратын құрғысы келген. Схоластикада мұндай әдісте негіз де жоқ. Сондықтан, Декарттың философиялық ойларының негізі – ол жалпыға танымал шындықтың күмәнділігі. Бірақ, Декарт үшін күмән агностикамен скептиканың дәлелсіздігі емес, ол тек алдын-ала қолданылатын әдістемелік әдіс, құрал, яғни оның көмегімен бір шындықтың бетін ашуға болатындығын айтады. Декарттың қысқаша ойы келесідей: «Мен нақты адам екеніме сенімім жоқ, мүмкін менің рухым жануарға не болмаса басқа тәнге тән, бірақ менің ойым шынайы және нақты. Ойлар мен сенімдермұны қате болуы мүмкін, бірақ ойлау фактісінің өз-өзі шынайы болып келеді». Осындай ойдың қорытындысы мынадай: «Ойлаймын, сондықтан өмір сүремін».

Осы тезиске сүйене отырып Декарт былай деп қорытады: «Біз бұл шындықты сезім не дедукция көмегімен алмағандықтан, оны алуға мүмкіндік беретін әдіс болуы тиіс». Бұл Декарт пікірі бойынша шынайы және ашық ой әдісі: «Біздің ойлағанымыздың барлығы шынайы болуы тиіс». Сондықтан, Декарт Құдайдың бар екендігін дәстүрлі аргументтермен дәлелдейді.

Құдайдың болуы біздің әрекетіміздің қабілеті мен күштілігі дұрыс қолдану кезінде шынайы болуы тиіс. Бұл кезде Декарт, табиғаттың мұндай заңдылығын жоққа шығарған жоқ. Бірақ, Декарт мұны еш жерде түсіндіріп кетпесе де, оның ұсынысы бойынша Құдай жерді жарата отырып белгілі бір жоспарға сүйенген, мұнда барлық әлем жеке және тұтастай көрсетілген. Мұндай жоспар адам миына да салынған, сондықтан ой табиғатты таниды, білімді меңгереді, оны іске асыра алады.

Өз қабілетіне сенудің негізінде, Декарт келесідей қорытынды жасады: материя бар, өйткені біздің ойымыз анық және нақты. Материя



созылмалы, ол кеңістікте қозғала алады, қозғалады және орын алмастырады. Декарт бос кеңістікті жоққа шығарады. Материя негізі созылмалы, ой негізі – ойлау, олар бір-біріне байланысты емес, яғни Әлем бір-біріне ұқсас келмейтін екі субстанциядан тұрады – ол рухани және дене.

Декарт өзінің әдісінің негізін келесідегі 4 тәртіп негізінде сипаттайды:



  • абсолютті айқын дегеніміз, ойға анық, нақты келетіні, ешқандай күмән келтірмейтін білім болуы керек;

  • әрбір мәселені шешу үшін оны көптеген бөлшектерге бөлуге болады;

  • ойды тәртіпке келтіру, қарапайым заттан күрделі заттарға көшу;

  • еш нәрсені жіберіп алу қаупі болмауы үшін, зерттеудің логикалық жүйесінде бірде-бір буынды түсіріп алмай, дәлелді, логикалық қатаң бірізділікті сақтау қажет.

Мұндай әдіс, Декарттың пікірі бойынша, табиғатты бірдей меңгеруге мүмкіндік береді. Декарт материяны үздіксіз ретінде қабылдайды, ол атомистикалық ұсыныстарын жоққа шығарып береді, өйткені ол физика заты емес, керісінше стереоматерия кеңістігі болып табылады. Сондықтан Декарт шығармашылығында математикалық зерттеулер ерекше орын алады.

«Геометрияда» Декарт алғашқы рет айнымалы көлем мен функция түсінігін енгізген. Айнымалы көлем түсінігін Декарт екі жақты түсіндіреді, айнымалы ұзындық кесіндісі, тұрақты бағыт-нүктенің ағымындағы координатасы, ол өзінің қозғалысымен қисықты сызып, оны үздік сан айнымалысы ретінде сипаттайды. Ол осы кесіндіде барлық сандар жиынтығын көрсетеді. Айнымалының екі жақтылығы геометрия және алгебра түсінігінің болуына негіз болады. Шынайы санды Декарт әрбір кесіндінің жекеше қатынасы ретінде көрсетеді. Декарт теріс сандарға бағытталған ордината ретінде түсінік берген. Бізге дейін, негізінен өзгермеген түрінде Декарт енгізген айнымалы көлемдегі шартты белгілер жүйесі, коэффициенттер мен дәрежелер жетті.

Декарт теңдеу қасиеттеріндегі бірталай зерттеулердің басын қалады: ол оң және теріс түбір астындағы сандарды анықтаудың ережесін жасап шығарды, нақты түбір шеңберін, өткізіңкілік мәселесін көтерді, 3 дәрежелі теңдеудің шешімі квадратты радикалда екендігін анықтады және оны циркуль және сызғыш көмегімен шешуге болатындығын дәлелдеді.

Декарттың дербес материалдық созылмалы субстанцияның бар болуының онтологиялық идеясынан оның кеңістікті зерттеуге деген қызығушылығы анықталды, математикалық сипаттар, алгебралық әдістемелер арқылы. Осыдан бұрын жеке қалыптасқан алгебра мен

геометрия сияқты пәндердің өзара байланысы пайда болды, оның салдарынан математиканың жаңа саласы – аналитикалық геометрия пайда болды.

Аналитикалық геометрияда Декартпен қатар П.Фермада өз үлесін қосқан. Декарттың ең негізгі жетістігі ол координаталар әдісі. Геометрияны зерттеу аймағына Декарт «геометриялық» сызық әдісін енгізген болатын, оның көмегімен шарнирді механизм қозғалысын сипаттауға болады. Ол оғалы деп аталатын әдісті құруға үлесін қосқан. Сонымен қатар Декарттың басқа да жаңашылдықтарын да атап кетуге болады: циклоид көлемін анықтау, циклоидқа қатыстыны жүргізу, логарифмикалық спиральдің қасиетін анықтау.

Жалпы, Декарттың «Геометриясы» математиканың дамуына үлкен ықпал етті. Оның идеяларынан жаңа уақыт математикасының жетістіктерінің негізі қаланған – дифференциалды және интегралды есептеулер, олар Г.Лейбниц пен И.Ньютонмен жасалынған және олар классикалық физиканың математикалық негізі болып есептелінді.

Ғылым үшін идеалдылық қағидасын жасау өте маңызды болады. Алғашқы болып мұндай идеализация негізін Г. Галилео салған болатын. Негізгі элементарлы процесті айта отырып – қозғалыс, шеңбер бойымен қалыпты қозғалысты қамтамасыз етті.

Декарт Галилейдің ұсынысын толықтырып түрін өзгертті, ол қозғалыс заңының екі негізін қалады: «қозғала бастаған зат, алдында кедергі кездескенше қозғалыста бола береді» және «материяның әрбір бөлшегі жеке дара түрінде өз қозғалысын қисық бойынша емес, керісінше тігінен жалғастырады».

Осы екі ұсыныс біріге отырып, Ньютонның алғашқы механика заңының сипатын қабылдады, яғни Ньютон, Галилео, Декарт кеңістікпен инерцияның әртүрлі концепциясын қарастырған екен. Сонымен қатар олар дүние туралы әртүрлі философиялық ұсыныстарға негізделген.

Декарт өз заңдарын өзі қабылдаған әлем заңдарына сәйкес келтірген. Ньютон Декарттың натурфилософиялық көзқарасын өзгеше қарастырды. Шындығында олар екі заңдылықты ұқсас негізінде қарастырды, бірақ олар өз әлемдерінің өзгешелігіне сәйкес қарастырған болатын.

Декарттың космологиялық және космогоникалық зерттеулерінде маңызды роль қозғалыс концепциясына қатысты қозғалыс түсінігімен алмастырған. «Философия бастамалары» атты еңбегінде ол бір заттың қозғалысы мүмкін емес деп қарастырған, өйткені әрбір қозғалыс өзара қозғалыста болады, материяның айналымы.

Қозғалыс жөніндегі түсініктен тыныштық жөніндегі түсінік пайда болды, сондықтан Декарттың пікірі бойынша әлемде қозғалыссыз нүкте жоқ. Материалдық бөлшектердің шырайналым қозғалысы, құйынды ортаға тартқыш күш қозғалысын құрайды. Осы құйынды ағын негізіне таза механикалық процесс бойынша барлық ғарыштық денелер құрылады.

Декарттың құйындылық теориясы үш жақты бөлшектерден тұратын оқыту негізі болып келеді, олар келесідей жіктелінеді:



      1. Бөлшек, шексіз ұсақ бөлшектер;

      2. Қайралған қозғалыстағы, шар тәрізді бөлшектер;

      3. Үлкен, аз қозғалатын, қырлы бөлшектер.

Құйын қозғалысы барысында ең бірінші болып Күн және Жұлдыздар пайда болды, екінші – аспан, үшінші – жер, планеталар, кометалар.

Декарттың философиялық идеясы бойынша космогоникалық концепция құрылады, мұнда механикалық қозғалыс орын алады, өйткені ол әлем тұтастығының негізі ретінде алынады, бірақ математикада сияқты айнымалы шаманы енгізумен байланысты әлемді дамытудың негізгі идеялары салынады.

Декарт «Диоптрикасында» жарықты сындыру заңын, сау көз қызметі мен ақауы бар көздің қызметін, линзалар мен көру трубаларының қызметін қарастырып, оптиканың негіз теориясын дамытты. Декарт сәуленің толқынды теориясының негізін қалаушы және ол қозғалыстың «векторлы» талдау амалын қолданып көрді, себебі жарық, оның пікірі бойынша «қозғалысқа деген талпыныс» болып табылады.

Декарт сфералық аберрация теориясын дамытуда–бейнелеудің бұрмалануы, линзаның сфералық түрде келтірілуі, және де оны қалай түзетуге болатындығын көрсетеді. Ол, телескоптың толқынды күшін қалай орнатуға болатындығын анықтап, оны кейіннен иристі диафрагма деп атайды. Сонымен қатар, ол телескоп іздеушісін, суреттің жарықтығын арттыру үшін белгіленген параметрі бар гиперболикалық бетті дайындады, конденсор мен конструкцияны зерттеді, оның көмегімен микроскоптың нәзік қозғалыстарын да жүзеге асыруға болатын.

Осы зерттеу бөлімінде Декарт өзінің философиялық және методологиялық идеяларын тізбекті түрде дамыта түсті. Мысалы, ол анықтаған сәулені бұзу заңы, яғни сәуленің түсу бұрышының синусы тұрақты түрде оның бұзылу бұрышының синусына қатысты болып келетіндігін айтты. Осының нәтижесінде, ол жаңа астрономиялық жаңашылықтарда қолданған оптикалық линзалардың эмпирикалық

ізденісінен линзаның негізделу механизмінің теориясына, яғни оптикалық заңдылықтың рационалды сипатына көшті.

«Метеорда» Декарт жылудың сұйықтық тәрізділік түсінігін жоққа шығарды және оны кинетикалық жылу теориясы ретінде қалыптастырды. Ол, сонымен қатар ерекше жылу идеясын да ұсынған болатын, мұнда әрбір заттың жылуды алу және сақтау мөлшері бар делінген, осыған байланысты ол газдың көлемі мен температурасының өзара қатынасы туралы заңнама ұсынысын жасаған болатын (кейіннен ол Шарль заңы деп аталады). Декарт, желдің, бұлттың, жауын-шашындардың бірінші ғылыми теориясын ұсынып, кемпірқосақ құбылысына нақты және дәлелді сипат берген болатын. Декарттың физиологиялық жұмыстары У.Гарвеннің қан айналымы туралы оқытуларында негізделген. Декарт әртүрлі жануарлардың ішкі құбылыстарын және эмбриондардың даму кезеңдерін зерттеген болатын. Жануарларда сана-сезімнің болуын мойындамаған, ол оларды автомат тәріздес көрген, яғни оларда не жан жоқ, не ойлау қабілеті де жоқ. Жануарлар денесі сияқты адам денесі де Декарт үшін күрделі механизмге ұқсас болады, өйткені олар көптеген материалды элементтерді қамтитын және қоршаған ортаның әсерінен әртүрлі күрделі қозғалыстар жасауға қабілетті болатын.

Мұндай түсіндіру оның философиялық көзқарасына сәйкес келетін, бірақ осы түсінікті одан әрі дамытып, Декарт қызықты жаңалық ашады, ол рефлекторлық доға туралы ілім болды.

Бастапқыда Декарт әсерді таза механикалық көзқарасты біреу жіпті тартып отырғандай қабылдаған. Жүйкені жіпке ұқсатты. Декарт ми мағынасын басқарушы орталық ретінде түсінетін, яғни мидан берілген белгі етке дейін жетіп, оның салдарынан әртүрлі тысқару процестері іске асады деп ойлайтын, ол оны «жүйке импульсі» деп атады. Кейінен Декарттың «жүйке импульсі» күрделеніп «жануарлар рухы» атты оқытуға айналды.

Ең қызығы бұл іс осымен шектелген жоқ болатын, Декарт рефлекстің теориялық түсінігіне ғана жеткен жоқ, сонымен қатар шартты рефлекстің болу мүмкіндігін анықтаған. Мәскеудегі кәдімгі физиология ниститутында Декарт мүсіні ұлы ғалымдардың қатарында тұрғандығы кездейсоқтық емес.

Декарт, философиялық, методологиялық және ғылыми идеялар арасындаығы қатынасты қарастыра отырып, келесідей қорытындыға келеді: тұтас дене материалды субстанция және оның тұтас механикалық қозғалысы – ол оның физикалық және математикалық қосымшаларының көзі және нүктесі.

Сонымен Р. Декарттың шығармашылығында біз философиялық идеялардың органикалық тұтастығын, методологиялық амалдар мен



ғылыми ізденістерін көріп отырмыз. Әмбебап-математикалық амал сияқты Декарттың да қарапайым ғылыми көзқарасы оның философиялық-методологиялық оқытуларын жалғастыруда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет