Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы Орындаған: “7М05311-Химия” мамандығының 1 курс магистранты



бет1/6
Дата21.10.2023
өлшемі233,79 Kb.
#120036
  1   2   3   4   5   6

Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы

Орындаған: “7М05311-Химия” мамандығының 1 курс магистранты

Төлеутаева Сабина

Тексерген: Бузаубакова К.Д.


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Әдіснама - дүниені білу тәсілдері туралы ілім.


Әдіснама:
  • ғылыми әдістер туралы теориялық ілім;
  • әдіс жөніндегі ғылым негізін педагогикалық зерттеулер құрайтын неғұрлым жалпы қағидалар мен әдістер жүйесі;
  • жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі;
  • белгілі бір немесе одан басқа теория мен зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады.
  • Әдіснама - дүниені білу тәсілдері туралы ілім.
  •  Ғылымның әдіснамасы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. 
  • Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы – кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады.
  • «Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.

Педагогика әдіснамасы кең мағынасында– оның пәнін зерттеудің жалпы ғылыми және арнаулы әдістері мен теориясын, ал тар мағынасында – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпараттарды алу, оны талдау мен түсіндіру әдістері жүйесін қамтитын жаңа педагогикалық білімдерді алудың тәсілдері туралы жүйе, яғни:
педагогикалық ғылымдағы зерттеу қызметінің бағыттарын, оның мақсаттары мен құрылымын, сондай-ақ, жаңа білім алу қағидалары мен әдістерін анықтайтын жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесі.
М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық қызметті көрсететін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемелері туралы, білімді алу тәсілдері мен әдістері, қағидалары туралы білім жүйесі болып табылады».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет