"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ БИОАЛУАНДЫЛЫҒЫНА ҚЫСҚАША



Pdf көрінісі
бет93/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   372
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ БИОАЛУАНДЫЛЫҒЫНА ҚЫСҚАША 
СИПАТТАМА 
 
Раханова А. Ж. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті,  
Serim2017@mail.ru
  
 
Арал  теңізінің  ихтиофаунасы  кезінде  Каспии  теңізінің  ихтиофаунасына  жақын  болған.  Арал 
теңізінің  ихтиофаунасында  кезінде  балықтың  20  түрі  болған,  жерсіндіру  жұмыстары  нəтижесінде 
1927  жылдан  1972  жылға  дейін  Аралға  17  түрлі  жаңа  балық  жіберілгенімен,  оның  14  ғана  толық 
жерсіндірілді.Нəтижесінде,Арал  теңіз  ихтиофаунасындағы  балықтың  саны  20-дан  34-ке 
көбейгенімен,  өндірістік  маңызы  бар  балықтардың  құрамы  аз  өзгерді,балық  аулау  шаруашылығы 
негізгі балықтың 3 түріне негізделген: тыран, сазан,арал тортасы. 
Арал  теңізінің  ихтиофаунасына  тоқталатын  болсақ,балықтардың  келесі  отрядтары  мен 
тұқымдастары кездеседі: 
1.Бекіретəрізділер отряды, бекірелер тұқымдасы – арал шипі немесе бекіре, тасбекіре, 
2.Албырттəрізділер  отряды,  албырттар  тұқымдасы  –  арал  албырты  ,  албырттəрізділер 
отряды,ақсахалар  тұқымдасы  –  арал  ақбалығы,  албырттəрізділер  отряды,шортандар  тұқымдасы–
шортан. 
3.Тұқытəрізділер отряды,тұқылар тұқымдасы – торта, аққайран, қызылқанат,ақмарқа,оңғақ,арал 
қаязы, қарабалық ,шемей, арал тыраны , арал ақкөзі,қылыш балық, мөңке, табан,сазан. 


64 
 
4.Жайынтəрізділер отряды,жайындар тұқымдасы– жайын 
5.Алабұғатəрізділер отряды,алабұғалар тұқымдасы –алабұға, көксерке, 
6.Камбалатəрізділер отряды,камбалалар тұқымдасы  – камбала-глосса 
Қазіргі  кезде  Солтүстік  Арал  теңізінде  торта,  сазан,  табан,  көксерке  жəне  ақмарқа 
балықтарының өндірістік қоры артып келеді. 
Арал шипі немесе бекіренің еті өте бағалы балық. Судың тұздалуына байланысты құрып кетуге 
жақын. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Арал албыртының өмір тіршілігі аз зерттелген балық. 
Арал  албырты  Каспий  теңізіндегі  албыртқа  ұқсас  болғанымен,  оған  қарағанда  басы  мен  жақ 
сүйектері  ұзындау,  омыртқалары  аздау  болып  келеді.  Қызыл  кітапқа  кіргеніне  қарамастан,  Арал 
экологиясының бұзылуына байланысты бұл балық құрып кетті деуге болады.  
Арал  тортасы  .Теңіздің  барлық  жерінде  кездеседі.  Кезінде  бірден-бір  кəсіптік  маңызы  бар 
балық  болған.  Арал  шөмейкесі  л  көбінесе  ащы  суларда  өсетін  балық,  бірақ  жағдайға  байланысты 
тұщы  суда  да  өмір  сүре  береді.  Қазіргі  кезде  бұл  балықтың  да  саны  аз.  Арал  қаракөзі  ,көбінесе 
теңіздің оңтүстік жəне оңтүстік батыс жағында көбірек кездеседі. Арал тыраны тұқы тұқымдастарына 
жатады.  Теңізде  ең  көп  тараған  балық.  Арал  қаязы  Арал  теңізінің  аборигені  -  байырғы  тұрғыны. 
Соңғы жылдары  құрып кету қаупінде.  
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы,магистр. Сырымбетов С.Т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет