Фигуралардың теңдігі



Pdf көрінісі
Дата29.09.2023
өлшемі0,85 Mb.
#111404
түріБағдарламасы
Байланысты:
Фигуралардың теңдігі



Автор: Мамыров Рүстем Темірұлы
Пән: Геометрия
Сынып: 7-сынып
Бөлім: Геометрияның алғашқы мәліметтері
Тақырып: Фигуралардың теңдігі
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
7.3.1.7 тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
7.3.1.11 берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;
Сабақтың мақсаты:
- тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
- берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;
- дәлелді пайымдаулардың алғашқы дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар: Фигураның элементтерін ауызша анықтай алады, айырмашылық түрлерін және әр
қайсысының қасиеттерін ауызша да, жазбаша да сипаттай алады. Лексика мен терминология
Үшбұрыштың түрлері: Бұрыштың түрлері: сүйір, тік, доғал. Төбелері, қабырғалары, катеттері,
гипотенуза. Ұзындығы, өлшемі Тең, қарама-қарсы, тең емес Диолог/хатқа пайдалы көмекші сөздер
Бұл қандай үшбұрыш? Бұл тік бұрышты/теңбүйірлі/доғал/ сүйір/ тең қабырғалы үшбұрыш. Сен қайдан
білесін? ..........үшбұрыштың қандай қасиеттері бар?
Күтілетін нәтиже:
Осы тақырыпты толығымен меңгеруі оқушының
Бағалау критерийлері:
Оқушы мақсатқа жетеді, егер: Фигуралар теңдігінің анықтамасын білсе, үшбұрыштардың түрлері
мен оның элементтерін ажырата алса. Өмірден мысал келтіре білсе.
Құндылықтарды
дарыту:
Тапсырмаларды орындау арқылы еңбекқорлықты қалыптастыру; дәлелді сөйлеуді, түсіндіру,
орындаған амалдарды негіздеу, нәтижеге қол жеткізе білу, ынтымақтастық, өзіне және қоршаған
ортаға деген құрмет. Құндылықтар жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында дарытылады.
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
жеке жұмыс жасай білу
Пәнаралық байланыс:
Оқушыларда кеңістікте ойлау қабілеті және геометриялық фигураларды құрастыруы дамиды, бізді
қоршаған өмірмен байланысын зерттейді.
Бастапқы білім:
Вертикаль және сыбайлас бұрыштардың қасиеті, бұрыш, перпендикуляр түзулер. 
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар


Сабақтың басы
(20мин)
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың
дайындығын тексеру.
Оқушылармен бірігіп сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді
анықтау. 
https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/7-synyp/ushburysh-berilgen-
ushburyshqa-teng-ushburyshtyng-boluy?mid=226:simple
1. Стартер: сыныптың ішінен тең фигураларды анықтау және не себепті
олар тең екенін? 2 мин
2. Тарихтан. 1-2 мин. 3. Фигуралар теңдігінің анықтамасын енгізу.
Оқушыларды терминдермен таныстыру. 1 мин
Image not found or type unknown
Сабақтың ортасы
(22мин)
4. Жаңа тақырыпты меңгеру. Талқылай отырып, дәптерге қысқаша
мағлұмат жазу
 1. Тапсырманы ауызша орындау
 2. Өмірден мысал келтіру.
 3. Үшбұрыш элементтерін ажыратып алу.
 4. Үшбұрыштар теңдігінің анықтамасын жазып алу.
 5. №8 аксиоманы жазу.
 6. Тең геометриялық фигураларға өмірден мысал келтіру.
5. Активити. (жұптық жұмыс) Оқушылар жаңа тақырып бойынша ағылшын
тіліндегі мысалды талдап, логикалық тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар тапсырмаларды бітірген соң, өзін-өзі бағалауын жүргізеді.
6. Жұптық жұмыс. Ағылшын тіліндегі мәтінмен жұмыс жасау,
тапсрымаларды орындау. Мұғалімнің көмегі және қолдау көрсете алатын
жолдасының көмегі. Бағалау – мұғалімнің қадағалауы арқылы және
берілген жауаптары арқылы.
7. Жеке тапсырма. Өзіндік жұмыс. Ағылшын тіліндегі тапсырмаларды
орындау. Өзін-өзі бағалауын жүргізу.
Сабақтың соңы
(1мин)
Үй жұмысы Теорияны жаттау.
Рефлексия
(1мин)
Рефлексия.
• Мен өз жұмысыммен сабақ үстінде…
• Қиын болды….
• Өз сыныптастарымды мақтай аламын…
• Сабақтың материалы мен үшін…. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет