Ғылым және ғылыми зерттеу әдістері



бет1/2
Дата21.09.2023
өлшемі0,95 Mb.
#109582
  1   2

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Ғылым табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білім алуға бағытталған зерттеу саласы болып табылады. Ғылым – рухани мәдениеттің маңызды бөлігі.
Ол келесідей өзара байланысты ерекшеліктерімен сипатталады:
- табиғат, адам, қоғам туралы объективті және дәйекті білім беру жиынтығы;
- жаңа тұрақты білім алуға бағытталған іс-шаралар;
- білімнің қалыптасуын, оның дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік
институттардың жиынтығы.
Сонымен қатар, «Ғылым» термині ғылыми білімнің нақты салаларында да
(математика, физика, информатика және т.б.) сілтеме ретінде қолданылады.
Ғылымның мақсаты - субъективті және объективті әлем туралы білімді алу, меңгеру болып табылады.
Ғылымның міндеттері:
- фактілерді жинау, сипаттау, талдау, сараптау және түсіндіру;
- табиғат, қоғам, ойлау және танымдық қозғалыс заңдарын ашу;
- алынған білімді жүйелеу;
- құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіру;
- оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді болжау;
- алған білімдердің тәжірибелік пайдалануының бағыттары мен формаларын белгілеу.
Ғылымның функциялары. Ғылымның ең маңызды функциясы қоғамның өнімді күші болып табылады. Зерттеудің практикалық қызметі ғылыми әдістерді қолданып, көптеген мәселелерді шеше алу деңгейіне жеткізумен сипатталады. Қайта жандану дәуірінде ғылымның маңызы айтарлықтай өсті.
ХХ ғасырда ғылым озық басқарушы өндірістік күшке айналды. Радиоэлектроника, ақпараттық технологиялар және т.б. салалардағы соңғы жаңалықтармен тығыз байланысты өндірістің жаңа салалары қалыптасты. Ғылым – теориялық зерттеулер немесе инженерлік-құрастырушы үлгілер түрінде көрсетілген сенімді негізделген бағдарламалар мен жоспарларды әзірлейтін және ұсынатын рухани өндіріс саласына айналды.
Қайта жандану дәуірінде ғылымның дүниетанымдық функциясы іргелі дами
бастады. Ғылымның білім беру функциясы дүниетанымның функциясына жақын, өйткені білім берудің басты міндеті – адамдарды мәдениет құндылықтарына үйрету болып табылады.
Ғылымның жіктелуі – белгілі бір қағидалардың өзара байланысын ашуға және логикалық келісімдер түріндегі қатынастарға негізделген. Ғылымның жіктелуі жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік ғылымдар мен философияның өзара байланысын ашып көрсетеді.
Қазіргі уақытта ғылым тақырыпқа және таным әдісіне қарай бөлінеді (1.1-сурет):
1) табиғат туралы – жаратылыстану;
2) қоғам туралы – гуманитарлық және әлеуметтік;
3) ойлау және таным – логика, гнеосология, эпистемология және т.б. туралы.

Жоғары кәсіптік білім беру салалары мен мамандықтарды жіктеудегі білім беру бағдарламалары тізімі төменде көрсетілген:
1) жаратылыстану ғылымдары және математика (физика, химия, география, механика, биология, геология, экология және басқалар);
2) гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар (филология,философия, тарих, саясаттану, мәдениеттану, журналистика, психология, әлеуметтану, экономика, өнер, дене шынықтыру және басқалар);
3) техникалық ғылымдар (құрылыс, сәулет, электроника, геодезия, телекоммуникация, металлургия, тау-кен ісі, радиотехника және басқалар);
4) ауыл шаруашылығы ғылымдары (агроинженерия, орман ісі, агрономия, зоотехника, ветеринария, балық шаруашылығы және т.б.).
Таным әдісі бойынша ғылым келесідейтүрлерге жіктеледі:
- материалдық тәжірибе нәтижесінде немесе шындықпен тікелей байланыс арқылы алынған білімді терең зерттейтін эмпирикалық ғылымдар. Эмпирикалық ғылымның басты әдістері – бақылау, өлшеу және тәжірибелер болып табылады. Эмпирикалық деңгейдегі ғылым фактілерді жинаумен, оларды бастапқы жинақтаумен және жіктеумен айналысады. Эмпирикалық таным ғылымға фактілерді береді, сонымен қатар бізді қоршаған әлемнің тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын анықтайды;
- эмпирикалық деректерді қорытудың нәтижесі болып табылатын теориялық білім. Теориялық деңгейде ғылым заңдары қалыптасады, олар эмпирикалық жағдайларды түсіндіруге және болжауға, яғни құбылыстардың мәнін тануға мүмкіндік береді. Әрқашан теориялық кезең эмпирикалық шындыққа сүйенеді. Ғылым тәжірибеге қатысты іргелі және қолданбалы болып бөлінеді. Іргелі ғылымның мақсаты-табиғаттың, қоғамның және ойлаудың негізгі заңдарын тану, ал қолданбалы – ғылымның іргелі салалары қызметінің нәтижелерін тәжірибелік іске асыру.
Ғылым адам қоғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Ол адам қызметінің барлық салаларын материалдық және рухани түрде қамтиды. Ғылым ұғымы жаңа білім алу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы қызметтің нәтижесін, яғни әлемнің жалпы ғылыми бейнесін құрай отырып, алынған ғылыми білімнің мөлшерін қамтиды.
Ғылымның тікелей мақсаты –өзі ашатын заңдар негізінде оны зерттеу пәнін құрайтын шынайы үдерістері мен құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау болып табылады.

Ғылым классификациясы


«Ғылым» ұғымының бірнеше негізгі мағынасы бар.
1. Ғылым – табиғат, қоғам, қоршаған ортаны ойлау және тану туралы жаңа білімді жүйелендіруге және әзірлеуге бағытталған адам қызметінің саласы.
2. Ғылым – бұл қызметтің нәтижесі, яғни алынған ғылыми білім жүйесі.
3. Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі, әлеуметтік институт. Бұл мағынада ол ғылыми ұйымдар мен ғылыми қоғамдастық мүшелерінің арасындағы өзара байланыс жүйесін білдіреді, сондай – ақ ғылыми ақпарат жүйесін, ғылым нормалары мен құндылықтарын және т.б. қамтиды.
Ғылымның тікелей мақсаттары:
- объективті және субъективті әлем туралы білім алу;
- объективті ақиқатқа жету. Ғылым міндеттері:
-фактілерді жинау, сипаттау, талдау, қорыту және түсіндіру;
- табиғат, қоғам, ойлау және таным қозғалысының заңдарын анықтау;
- алынған білімді жүйелеу;
- құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіру;
- оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді болжау;
- алынған білімді практикалық пайдаланудың бағыттары мен нысандарын белгілеу. Ғылым ғылыми зерттеу институттар жүйесінде, жоғарғы оқу орындарының және т.б. бағыттарға байланысты әр түрлі түрлерге жіктеледі 1.2-сурет.



1.2 сурет. Ғылымның бағыттары

Ғылым классификациясы. Ғылымда ең үлкен танымалдылыққа Ф. Энгельстің «Табиғат диалектикасында» атты классификациясы ие болды. Ол материяның төменнен жоғарыға қарай дамуын негізге ала отырып, ғылымды механика, физика, химия, биология және әлеуметтік ғылымдар деп бөлді. Материя қозғалысының формаларын субординациялауда осы қағидатқа негізделіп Б.М. Кедровтың ғылыми классификациясы қалыптасты. Ол материя қозғалысының алты негізгі түрін ажыратты: субатомдық-физикалық, химиялық, молекулалық-физикалық, геологиялық, биологиялық және әлеуметтік. Қазіргі уақытта ғылымды саласына, пәніне және таным әдісіне байланысты төмендегі топтарға бөледі:


1. табиғат туралы-табиғи;
2. қоғам туралы – гуманитарлық және әлеуметтік;
3. ойлау және таным туралы – логика, гносеология, эпистемология, герменевтика және т.б. Ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау, келесідей ғылым салаларына бөлінген:
- физика-математикалық,
- химиялық,
- биологиялық,
- геологиялық,
- техникалық,
- ауыл шаруашылығы,
- тарих,
- экономикалық,
- философиялық,
- филологиялық,
- географиялық,
- заң,
- педагогикалық,
- медициналық,
- фармацевтикалық,
- ветеринариялық,
- өнертану,
- сәулет,
- психологиялық және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет