Ғылым таппай мақтанба
●
Не гордись без знаний
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің газеті
№ 2-3 (129-130)
наурыз
март
2002 жылдың тамыз
айынан бастап шығады
2014
Жаңару мен жасампаздықтың
бас тауы, ырыс пен берекенің ар қауы
бол ған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз
ме ре кесімен шын жүрек тен құттық-
тай мын!
Наурыз -жылдың басы, күн мен
түннің теңелер шағы. Тамырын те-
рең нен тартқан осынау мейрам-бе-
реке мен бірліктің, тазалық пен та-
ту лықтың тұғырын нығай тып, риясыз
шаттық пен қуанышқа кенел тер ұлы
мереке. Қазақстан халқын шуағына
бөлеген Ұлы мереке әр шаңыраққа ба-
қыт пен береке, ырыс пен молшылық,
шат тық пен қуа ныш сыйласын. Еңбек-
теріңізге та быс, ел игілігі үшін жасал-
ған бар лық бастамаларыңызға сәтті-
лік тілеймін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Университет ректоры,
профессор С.Ж. ПІРӘЛИЕВ
Сердечно поздравляю Вас с заме-
чательным весенним праздником -
Наурыз!
Наурыз-это праздник весны, нача-
ло нового года, новой жизни. Испо кон
веков день весеннего равно денствия
является символом обнов ления приро-
ды, олицетворяет собой непрерывную
связь времён и поколений. Излучая
энергию созидания красоты и любви
Наурыз отражает величие культуры
и традиций казахстанского народа.
В этот светлый праздничный
день от всей души желаю Вам креп-
кого здоровья, семейного благополучия,
добра и счастья! Пусть Наурыз да-
рит каждому из нас надежду на луч-
шее, веру в успешную реализацию за-
думанных дел!
Ректор университета,
профессор С.Ж.ПРАЛИЕВ
ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!
Міне, қыстай сіресіп жатқан қалың қардың көбесі сөгіліп, көктемнің алғашқы
мерекесі – Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл бүкіл жер бетіндегі
әйелдер қауымының жүздеріне күлкі мен қуаныш, өмірлеріне жұбаныш сыйлай-
тын айтулы мереке. Бұл ер-азаматтардың өздеріңіздей нәзік жандарға гүл сый-
лайтын, ақындар жыр арнайтын мерекесі, – деп бастаған Серік Жайлауұлы одан
әрі былай жалғастырды.
Арулар – асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар, – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай,
қазақ арулары бойларына сұлулық пен нәзіктікті, кісілік пен инабаттылықты
ұялатқан ерекше жандар екенін мақтан етеміз. Міне, осынау асыл қасиетті
еншілеп, дүние есігін ашқан нәзік жанды періште арулар біздің Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде де баршылық. «Қыздар сұлу
көрінер білімімен» дегендей, тән сұлулығы мен жан сұлулығын жоғары қойған
халқымыз: «Асты дәмді қылған – тұз әулие, ел мен елді тату қылған – қыз әулие»
деп қыздарын ардақ тұтқан.
Әйел заты қашанда сұлулықтың символы. Сұлулықты сөз еткенде біз
ару ларымызды Қыз Жібекке теңейтініміз бар. Сондықтан біз университет
қабырғасынан білім мен тәрбие алып шығатын болашақ педагог қыздарымыздың
бойларына ибалылық пен инабаттылық және мейірімінің шуағын сіңіруге
міндеттіміз.
Қазақ көркем ойының данагөйі Жүсіп Баласағұн бабамыз: «Кісіге екі
дүниеде бірдей пайдалы үш нәрсе бар: біріншісі – іс пен әзиз мінезділік, екіншісі
– ұят, үшіншісі – әділдік. Адам осы үшеуі арқылы бақыт табады», – деген екен.
Осынау данышпан бабамыз айтқан үш қасиет те мына Сіздердің бойларыңыздан
табылатынына сенемін.
«Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – жүректің батыл дығы», – демекші, әр адам нағыз ұстаз бола
алмайды. Шын ұстаз тек өз баласын ғана емес, шәкіртін де шын көңілімен сүйе
Н
аурыз күні таңертең ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен , ал
қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деп қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі
бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал
кессең, он тал егеді. Әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, «Армысың,
қайырымды Күн-ана!» деп иіліп сәлем береді, «Кеудесі түкті Жер-ана, құт да-
рыт, жарылқа!» деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға
ақ бүркеді.
Наурыздың бір мәні – теңдік күні ұлылық пен кішілік жасалатын, бай мен
жарлы жарасатұғын күн. Хан қарашаның халін ұғып, қараша ханның төріне
шығатын күн. Тіпті шығыс елдерінде патша наурыз күні тағынан түсіп,
құлды таққа отырғызған уақиғалар болған.
Наурыз күні адамдар бақай есеп, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-
ұжданы алдында арылуы керек. «Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын
кеш», Жақсылыққа жақсылық-жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық-ер
жігіттің ісі», «Тас атқанға-ас ат» секілді нақылдарды өзек етіп, ту көтерген
билер, араға жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір да-
старханнан дәм таттырып, табыстырған, осылайша ел бірлігін күшейткен.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні бас кеңсесі Швейцарияның Женева қаласында орналасқан ХАҚҰ (Халықаралық азаматтық
қорғаныс ұйымы), бас ассамблеясының шешімімен 1990 жылы белгіленіп, ол жыл сайын 1 наурызда атап өтіліп келеді. Бұл күні 1972
жылы қабылданған ХАҚҰ Жарғысының күшіне енгені тойланады. Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымына үкіметаралық ұйым
мәртебесі берілген. Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен тұрғындарды, шаруашылық ны-
сандарын және ел аумағын заманауи бүлдіргіш құралдарының зақымдау факторларының әсерінен, табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында өткізілетін жалпымемлекеттік
шаралардың жиынтығы.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні мынадай басты екі мақсатты көздейді:
- Азаматтық қорғаныстың маңызына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және зілзала немесе апатты жағдайларға
тұрғындардың өзін-өзі қорғауға дайындығын арттыру;
- Ұлттық азаматтық қорғаныс қызметі қызметкерлерінің зілзаламен күрес кезіндегі күш-жігері мен өздерін құрбан етуге дейін
баратынына құрметпен қарау.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғаныс жөніндегі білімді насихаттау мен зілзаламен күрес жөніндегі қолда
бар құралдар мен жабдықтарды көрсету үшін әңгімелер, конференциялар, радио мен теледидарлық пікір сайыстары, ашық күндер,
оқу-жаттығулар пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының ТЖМ 1997 жылдан бері ХАҚҰ-ның толыққұқылы мүшесі және осы халықаралық ұйымы өткізетін
барлық іс-шараларына белсенді түрде қатысып келеді.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-1 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»
Заңында Қазақстан Республикасының Үкіметі тұрғындар мен төтенше жағдайлар саласының мамандарын ақпараттандыру, білімді
насихаттау, оқыту тәртібін айқындайды, ал Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік пен оның аудандардағы, облыстардағы және
қалалардағы құрылымдық бөлімшелері тұрғындар мен мамандар арасында білім мен оқытуды насихаттауды ұйымдастырады деп атап
көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының талаптарына сәйкес біздің Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде де Азаматтық қорғаныс ұйымы құрылған болатын. Оның бастығы Абай
атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев болып саналады. Бірден айтуға тиіспін, Азаматтық қорғаныс шта-
бы белсенді жұмыс істейді. Бұл ұйым өзі құрылған күннен-ақ студенттер, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлер арасында
төтенше жағдайлар саласында насихаттық және өзін-өзі қорғауға байланысты біліктілікті арттыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп
келеді. Осы бағытта өткен жылы бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бірнеше мәрте оқу-жаттығу дабылы қағылып, студенттеріміздің,
магистранттарымыздың, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлеріміздің төтенше жағдайларға дайындық барысын тексердік.
Оқу-жаттығу әзірлігінің нәтижелері көңілден шықты. Жыл бойы атқарылған жұмыстарымыздың қорытындысы бойынша аудандағы
ұйымдар мен мекемелер арасында алдыңғы шептен көріндік. Медеу аудандық Азаматтық қорғаныс бастығы – Медеу ауданы әкімінің
2013 жылғы 10 желтоқсандағы бұйрығымен университетіміздің Азаматтық қорғаныс ұйымының жақсы жұмысы арнайы атап өтілді.
Ал енді үстіміздегі жылқы жылына да бірқатар маңызды іс-шаралар белгілеп отырмыз. Атап айтқанда сейсмикалық және сел жүру
қаупінің алдын-алу, басқа да төтенше жағдайларға байланысты тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын өрістету, түрлі ескерту
шараларын жүргізу. Бұл бағытта университеттің «Абай университеті» газеті арқылы хабарлама мақалалар жариялау, жергілікті дауыс
күшейткіш құралдары арқылы сөйлеу, ашық дәрістер, әңгімелер мен баяндамалар жасау, үнпарактар мен буклеттер басып шығару
сияқты нақты жоспарлы бағдарлама түздік.
Мұхтар ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,
Азаматтық қорғаныс штабының бастығы
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС – ӘРКІМНІҢ АМАНДЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Уважаемые преподаватели,
сту
ден
ты и магистранты!
Құрметті ұстаздар,
студенттер
мен магистранттар!
• 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні
АНАҒА ҚҰРМЕТ, ҚЫЗҒА ІЛТИПАТ
Наурыздың 6-сы күні Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің
үлкен мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне арналған
салтанатты жиын болып өтті. Дәстүрге айналған бұл мерекелік
жиынды аталған оқу орнының ректоры, профессор Серік Пірәлиев
құттықтау сөз сөйлеп ашты.
(Басы. Соңы 2-бетте)
Есіңде, әрине, есіңде,
Ұсынғам өзіңе шоқ гүлдер.
Балалық дейсің сен несіне,
Қайрылып оралмас жоқ күндер.
Қазбауыр булардай бақтағы,
Көктеммен ілесіп жоғалған.
Құлама бұлақтың аққаны
Нәп-нәзік күлкің ғой таңдағы.
КӨКОРАЙ КӨКТЕМ
«Оралмас» дейсің сен несіне,
Жан елтір жұпары даланың.
Әрине менің де есімде
Ақкөңіл, сол балғын балалық.
Қыста гүл – тек көңіл елесі,
Қыста гүл – күндерің өткерген.
Наз-өкпе айтам деп келесі
Құр қалма көкорай көктемнен.
Нығмет АХМЕТОВ
1 наурыз –Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
бі луі керек. Бұл үлкен ерлік. Бұл
тура сында Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев та әрдайым ай-
тып келеді. Ол, әсіресе, қазақстандық
әйел дердің білім беру, медицина және
мәде ниеттің дамуындағы рөлін өте
жоғары бағалады. «Мысалы, гендерлік
теңдік деңгейі жөнінен жаһандық
рейтінгіде 135 елдің ішінде Қазақстан
31-орын алады. Бұл – мемлекеттің
осы жылдар ішінде жүргізілген табан-
ды саясатының маңызды нәтижесі»,
– деді Мемлекет басшысы Астанада
өткен «Көктем шуағы» атты кездесу-
ге келген қыз-келіншектер алдында
сөйлеген сөзінде. Осы жиында Ел-
басы мемлекеттік басқару саласында
әйелдердің 55 пайыздан асатынын,
Қазақстанның ішкі жалпы өнімдегі
үлесі 40 пайыз екенін, елімізде бала
туу көрсеткіші 11 пайызға өскенін,
табиғи өсім 37 пайызға жеткенін,
тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда
6 миллион бала дүниеге келгенін, бұл
– 6 миллион ананың ерлігі екенін еске
салып өткен-ді.
Тәрбие беру ісінде мұғалімнің,
яғни педагогтің рөлін білімді «тара-
тушы» деңгейіне түсіруге болмайды.
Бізге бүгін мүлде басқа педагогика
керек. Оқытушылар студенттермен
бай ланыс орнатып, солармен бірге
жаңа лықтар ашуға тиіс дегенді де
уақыт алдымызға көлденең қоюда.
Бүгінгі әлемдік кеңістікке ұмтылған
біздің университетіміздің де білім
берудегі
ұстанған
принциптері
осыған саяды.
Оқу орнымыздың табыстарында
бүгінгі таңда педагог кадрларымыздың
үлесі мол. Өйткені 1500-ге тарта про-
фес сор-оқытушыларымыздың 1000-
нан астамы әйелдер екенін айтсақ та
жеткілікті. Бұлардың ішінде уақыт
талабына сай өздерінің білімі мен
бі лігін үнемі жетілдіріп отыратын,
білім берудің халықаралық ин нова-
ция лық технологияларын терең мең-
герген, ғылым мен білім сала ла рын
шеберлікпен ұштас тыр ған пе да гог-
теріміз көптеп саналады. Өт кен жылы
біздің ардагер ұста зы мыз, география
ғылымдарының док торы, профессор,
Қазақстан Рес пу бли касы Ұлттық ғы-
СОВЕТХАН ҒАББАСОВ
75 ЖАСТА
Медицина және педагогика ғы-
лым дарының докторы, профессор,
жа зу шы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Советхан Ғаббасов 75 жасқа толды.
Осы ған байланысты Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық универ-
си тетінде «Ұлт болашағы – ұрпақ
тәрбиесі» тақырыбында ғылыми-тео-
рия лық конференция болып өтті.
Конференцияны ашқан универси-
теттің бірінші проректоры, профес-
сор Мүбәрак Ермағанбетов жазушы,
ғалым-ұстаздың еңбектеріне қыс қа ша
тоқтала келіп, мерейтой иесіне шапан жауып, университет ректорының құттық-
тау хатын тапсырды.
С.Ғаббасовтың ғылым мен әдебиет саласындағы еңбектері жөнінде п.ғ.д.,
профессор Темірхан Тебегенов баяндама жасады.
Бұдан кейін С.Ғаббасовтың педагогика-психология саласындағы еңбектері
бойынша баяндама жасаған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері, психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл Жарықбаев
мерейтой иесінің «Баланың ана құрсағындағы тәрбиесі» туралы ғылыми
еңбегіне жан-жақты тоқталып, бұл еңбектің құндылығын ерекше атап көрсетті.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әдібай Табылдиев Советхан
Ғаббасовтың ұлттық тәрбие, халықтың педагогика саласындағы еңбектерін тал-
дап, саралады. Бұдан кейін белгілі ғалымдар Ғабиден Хайрулла, С.Борбасов,
Мұрат Мыңбаев мерейтой иесінің ғылым саласындағы ересен табыстары ту-
ралы ой толғады. «Руханият» Халықаралық Ислам университетінің професоры
Мұрат Мыңбаев оқу орнының ғылыми кеңесінің шешімімен С.Ғаббасовқа осы
университеттің академиялық профессоры атағы берілгені туралы дипломын тап-
сырып, профессор мантиясын жапты. Белгілі ақын Шөмішбай Сариев Советхан
Ғаббасовқа арнаған өлеңін оқыды.
Мерейтой иесіне Алматы қаласы әкімдігінен, Жазушылар одағынан келген
құттықтаулар тапсырылды.
Г.АРЫСТАНБАЕВА
Халықтың болашаққа деген үкі-
лі үмітінің үзілмеуі, алғы күнге де-
ген сенімінің артуы үшін үлкен бағ-
дарламалар жасалынады. Мемлекет
та рапынан жасалған жоспарлар елді
ұйыстырып, береке-бірлігінің ныға-
юына, қажыр-қайраты мен мақсат-
жіге рінің бір арнада тоғысуына жол
ашады. Ашуға тиіс те. Өйткені, ха-
лық тан биік асқар жоқ. Кәрі тарих
мұн дай жоспарлардың талайына куә
болған.
Азаттықтың ақ туы өз қолымызға
тиген кезде де мұндай аса абыройлы
міндетің жүктелгені рас. Міне, содан
бері мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың Қазақстан халқына 18
Жолдауы жарияланды. Әрқайсы өз
алдына бір төбе, бәрі ұлттың бола-
ша ғы мен бақыты үшін жасалған
Жол даулар болды. «Биылғы Жолдау
бұрынғы Жолдаудан өзгерек». Өйт-
ке ні, мұнда 10 түрлі иновациялық
жаңа лық бар, соның бірі һәм бірегейі
– ғылым-білім туралы айтқаны болды.
Мак роэкономикалық
көрсеткіштер
жа ғы нан әлемнің озық елдерімен қа-
тар тұрған Қазақ Елінде бұл салаға де-
ген қамқорлықтың күшейтілуін қуана
құптаймыз. Өйткені, Біз – жас мем-
ле кетпіз. «Кішкентай халыққа үл кен
қару керек». Ал тарихтың қай тұсында
да ғылымнан асқан қару-қайыр бол-
маған. «Ел мен елді теңес тіретін ба-
сты нәрсе – білім» демеп пе еді заңғар
М. Әуезов. Әсі ресе бүгінгі қым-қуыт
аласапыран заманда жастардың бі-
лім мен қа ру лануы маңызды, жас
буын ның бәсе ке – бәйгеде оқ бойы
оза шауып шығуы үшін білім сала-
сына көбірек көңіл бөлінгені көкейге
қуа ныш ұялатты. Осы мәселенің бұ-
рын ғысы мен бүгінгісін саралап,
МӘҢГІЛІК ЕЛ – ЖАСТАР АМАНАТЫ
бола ша ғына көз жіберген Президент
биыл ғы Жолдауында Қазақстанның
ұялы, мультимедиалық, нано және ға-
рыш технологиялары, робототехника,
ген дік инженерия, болашақ энергия
көз де рін іздеу және енгізуге ұмты ла-
тынын ерекше атап өтті.
Ұлт көшбасшысы аса зор жауап -
кер шілік жүктеуде. Осы ұзақ жыл-
дар ға
белгіленген
стратегиялық
мін дет терді, жүзеге асыратын да,
же мі сін көретін де – қазіргі жастар,
яғни біздерміз. Ғылым-білімге меле-
кетіміздің оң көзбен қарауы – жас-
тар ға деген сенімнің сетінемегенін
көр сетеді. Қазір ғылымда жүрген
жас өреннің саны – 18 мың, алдағы
уақыт та бұл сан осы Бағдарлама
негі зінде еселей артып, 100 мыңға
жету керек деп есептейміз. Өйткені,
демо графиялық деректер Қазақстан
халқының әрбір екінші азаматының
жас буын өкілі екенін айғақтайды
.
Біз
жастар ел ертеңі тастың түскен жеріне
ауырлығын сезінуі тиіспіз. Елбасының
«Өз жұмыс орындарыңызда отырып,
осы жұмысқа әрқайсысыңыз атса лы-
сыңыздар. Немқұрайдылық таныт-
па ңыздар. Елдің болашағын барша
ха лық пен бірге жасаңыздар!» деген
сөзі келер ұрпақ, яғни біздерге аманат
жү гін сезіндіреді. Бұл жастарға деген
үлкен сенім мен жауапкершіліктің
жүк телгенін көрсетпей ме? Аға буын
ама натын да, үмітін де артып отыр
жас тарға. Жолдау жарияланғанда
Абай атындағы ҚазҰПУ жастары да
қа рап қалған жоқ, қайта қарманып
қалу ды құп көрді. Жер-жерде Жолдау-
ға қолдау білдіріп, түрлі іс-шараларды
ұйымдастырып, басты мақсатқа жету
жөніндегі жұмысқа белсене, білек сы-
бана кірісіп кетті.
Биылғы Жолдау – дамылсыз да-
му дың даңғылына бастайтын бағ-
дар шам. Біз болашаққа бағыт берер
бағдарламаны бағалай білуге борыш-
тымыз. Шәкәрім айтқан адамдық бо-
рыш осы болса керек, сірә. Аталмыш
Жолдаудан тағы бір рет алды мыз да
алар асуларымыздың көп екенін ұқ-
тық. Тарихи құжаттың басты мақсаты
– Қазақстанның ең дамыған 30 елдің
қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік
Қазақстан» жобасы. Демек, Елбасы
армандаған Мәңгілік Ел идеясы тәуел-
сіз дік идеясымен ұштасқан Ұлт тық
идеяның өзі.
Қорыта келе, ел үмітін арқалаған
жас тар Қазақстанымыздың биік те
баянды болуына өзіндік үлесімізді
қосып, еліміздің бір кірпіші болып
қа лан сақ, нұр үстіне нұр болар еді.
Бұл – Ұлы көштің жоспары. Ахмет
Байтұрсынұлы атамыз айтпақшы, «Бі-
лім ді болу үшін оқу керек, бай болу
үшін кәсіп керек, күшті болу үшін
бір лік керек және осы керектердің
жолында жұмыс істеу керектің» бұл-
тартпас дәлелі. Енді Махамбет атамыз
айтпақшы, тек «қабағын шытпас қара
нар керек біздің бүйткен бұл іске!».
Биылғы Жолдауда мемлекет басшы-
сы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қазақстан
2050» Стратегиясы – елдігіміз бен
бір лігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сы-
налатын, сынала жүріп шыңдалатын
үлкен емтихан», - деді. Осы емтихан
нәти жесі бәріміз үшін сәтті болсын
деп тілеймін!
Саят НҰРҚАСЫМҰЛЫ,
2- курс магистранты,
Президент шәкіртақысының
иегері
лым ака де мия сының академигі Әлия
Сәрсенқызы Бейсенова апайымыз
ғылым мен техника саласындағы
мем лекетік сыйлықтың лауреаты ата-
нып, университетіміздің абыройын
ас қақ татқаны өздеріңізге мәлім. 2013
жыл дың қорытындысы бойынша
оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу
және тәрбие саласындағы жемісті ең-
бек тері үшін Қазақстан Республика-
сы Білім және ғылыми министрлігі
тағайындаған «Жоғары оқу орнының
үздік оқытушысы» грантын біздің
университетіміздің 8 ұстазы жеңіп
алса, оның алтауы әйел-педагогтер.
Оқу орнымыздың құрылуына
85 жыл толуына орай ондаған әйел-
педа гогтеріміз Білім және ғылым
министрлігі мен университет басшы-
лығының марапттарына ие болды.
Біз ізденімпаз, еңбекқор, жаңашыл
ұстаздарымызды әрқашан қолдаймыз
және олардың шығармашылығына
жол ашуға әркез дайынбыз.
Ұстаздардан бөлек университеттің
әр алуан құрылымдық бөлімшелерінде
қызмет істейтіндердің басым көп-
шілігі әйел азаматшалар. Олардың
ара сында да өздерінің кәсіптік шебер-
ліктерімен, еселі еңбектерімен, жақсы
адамгершілік қырларымен көзге түсіп
жүрген қызметкерлеріміз баршылық.
Сондықтан оларды бөле жармай,
барлықтарыңызға алғыс айтамын.
Осынау көктем күнінде мен сөзім-
ді барша әйел азаматшаларға арнай-
мын. Сіздер отбасындағы, қызмет ор-
нындағы татулық пен баянды бақыт-
тың тірегісіздер. Сіздер – ұлттық үде-
ріс теріміздің ұйытқысысыздар. Сіздер
ұлағатты ұстаздарсыздар. Ешқашан
шаңырақтарыңыздың жанған оты
өшпесін. Біз отбасы құндылығын ны-
ғайтуымыз керек, өйткені мемлекет со-
дан басталады. Бұл отбасыларымыз ды
ұйыстыра түсетін тағы бір маңызды
қадам.
Ендеше, көктемнің алғашқы мере-
кесі – 8 наурыз мейрамы құтты болсын.
Сіздерге осынау көктем шуағындай
жылылық, жас ұрпаққа өнеге көрсетер
ұлылық тілеймін. Бәріңізге мықты
денсаулық, шын мәніндегі педагогтік
қайраткерлік тілеймін. Бақыты мен
шаттығы шалқар сәтті күндер молы-
нан жалғасып, қуанта берсін.
Жиын соңынан зал ішін құлпыр-
тып жіберген ақ жаулықты аналар
мен қыз-келіншектерге қазақ эстрада-
сының танымал орындаушылары та-
мыл жытып ән, мың бұралып би ар на-
ды. Оның ішінде Жұбаныш Жексен-
ұлы, Бақтияр Тайлақбаев, Асқар
Жұбанов, Қанат Үмбетов тамылжы-
тып ән шырқаса, Гүлзираның мың
бұралған биі жиналған жұртты бір
серпілтіп тастады.
Шолпан ШЫНЫБЕКОВА,
жаратылыстану және
география институтының
аға оқытушысы, биология
ғылымдарының кандидаты
Абай атындағы Қазақ ұлттық педа-
гогикалық университетінде «Жамбыл-
тану және халық ақындары» ғылыми-
зерттеу институтының ашылғанына
не бәрі екі жарым жыл ғана уақыт бол-
ды. Институттың мақсаты қазақ хал қы-
ның тарихында қайраткерлігімен аты
қалған, өлең-жырымен теңдессіз мол
мұра қалдырған суырыпсалма ақын дар-
дың шығармашылығы, олардың ұлт-
тық әдебиетімізге қосқан орасан зор
үлесі, жазба әдебиетімізге жасаған ере-
сен ықпалы туралы ғылыми зерттеулер жүргізу, еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі
кезеңдерде толық жариялауға болмаған немесе бұрмаланған, өңделген шығармаларды
мұрағатта сақталған қолжазбалар бойынша қалпына келтіріп, жариялау болатын.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі әдебиет сыншысы Бекен
Ыбырайымов басқаратын бұл институттың ғалымдары осы аз ғана уақыттың ішінде
ұшан-теңіз жұмыс атқарғанын жуырда ғана университеттің «Ұлағат» баспасынан
жарық көрген халық ақындарының 12 томдық жинағынан-ақ байқауға болады.
Б.Ыбырайымовтың айтуынша, көне дәуірден бүгінге дейін көркемдік дәстүрі
жалғасып келе жатқан суырыпсалма өнердің қисапсыз шығармалары бүгінге толық
жетпеген. Ал мұрағаттарда шаң басып жатқан қыруар қолжазбаларды зерттеп,
зерделеу аса ауқымды шара. Соған қарамай «Жамбылтану және халық ақындары»
ғылыми –зерттеу институтының шағын топтан құралған ұжымы екі жылдың ішінде 15
қолжазбаны жариялауға ұсынды. Оның 12-сі жарық көрді. Мұның ішінде жыр алыбы
Жамбыл Жабаевтың 4 томдық, ақын, сазгер, әнші Әсет Найманбайұлының 2 томдық
толық шығармалар жинағы, айтыс өнерінің ақтаңгері Түбек Байқошқарұлының 1
томдық шығармалары оқырмандарға жол тартты. Сондай-ақ XIX ғасырда өмір сүрген
авторлық ауызша әдебиеттің айтулы өкілдерінің ең таңдаулы туындыларының басын
қосқан «Ақындар аманаты» атты хрестоматия-компендиум жарық көрді.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінде ақынның төрт томдық толық шығармалар
жинағының тұсаукесері болып өтті. Оған белгілі ғалымдар, студенттер және БАҚ
өкілдері қатысты. Басқосуды ашқан университет ректоры аппаратының жетекшісі,
педагогика ғылымдарының докторы, ҰҒА мүше-корреспонденті, профессор Бақтияр
Сманов «Жамбылтану» орталығы шығарған кітаптарға шолу жасай келіп, Жамбыл
ақынның төрт томдығының ерекшеліктеріне тоқталды. Бұл жинаққа жыр алыбының
бұрынғы кітаптарына енбеген жырлары мен ән-күйлері енгізіліп, тұңғыш рет
библиографиялық түсініктемелері беріліп отыр.
ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік
Қирабаев өз сөзінде Б.Ыбырайымов басқаратын шағын топтың Жамбыл шығар-
маларының толық жинағын шығарудағы ерен еңбегіне жоғары баға берді.
«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы Жұмабай Шаштайұлы,
«Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары, жазушы Дидахмет Әшімхан,
Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры, профессор Ғабит Кенжебаев Қазақ әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан
Тебегенов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орын-
басары Ақжігіт Әлібекұлы жыр алыбы Жамбыл шығармаларының толық жинағының
шығуы қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі оқиға болғанын атап көрсетті. Тұсаукесер
рәсіміне қатысушылар Жамбылтану орталығын ашып, халық ақындарының мұра-
ларын жинап, суырыпсалмалық өнерін зерттеуге жол ашқан университет ректоры
Серік Жайлауұлы Пірәлиевке алғыс айтты.
Жамбыл шығармалар жинағы топтамаларының лентасын академик Серік
Қирабаев, проректор Ғабит Кенжебаев, жазушы Жұмабай Шаштайұлы қиды.
«Президент және халық» газетінің қызметкері, ақын Серікжан Қажи жыр алыбы
Жамбылға арнаған өлеңін оқыды.
Мырзахан АХМЕТ,
Ақпарат орталығының жетекшісі.