Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына»



бет1/3
Дата04.09.2022
өлшемі22,08 Kb.
#38441
  1   2   3

Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары
XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады.
Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше .
«Ерекше қабілетті оқушы деген кім?» деген сұраққа жауап беретін болсақ... 
Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын, талдай білетін, дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ерекше қабілетті, талантты балалардың био-химиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Демек, ерекше қабілеттілік бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасатын қасиет. Дегенмен, балалардың да ынталылығы, іскерлігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн .
Біз ойлаймыз дарындылық оқушының тәуелді мүмкіндіктері десек нағыз дарынды оқушыны анықтау оның жан дүниесіне, ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс күшін анықтасақ, дарынды оқушы ол өзінің іс-әрекетіне тиімсіз жеке бойындағы ізденіс қасиетіне бір пәнге деген қызығушылығы немесе кейбір шебер қолөнер, көркемөнерпаз үйірмелер арқылы дамуына өз ықпалы туады. Әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелік болады. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Дарындылықтың негізі ізденіс пен белсенділік. «Ізденіс» оқушылар ғылыми қоғамның жұмысы. Оқушылардың ғылыми қоғамның секция жұмысы және оқушының ғылыми қоғамның бұқаралық жұмысы байқалады. Жалпы жиналыс, конференциялар, байқаулар, олимпиадалар, көрсетулер, ғалымдармен кездесулер, тақырыптық кездесулер ұйымдастыру, көрмелер, ғылыми және жоғары оқу орындарының лабораториясына бару, ғылым, техника апталықтарына, басқа да бұқаралық шығармашылық істерге қатысу; түрлі байқауларды қою мен өткізу, референттік жұмыстарды талдау, ғылыми-зерттеу іздеу. Өнертапқыштық жұмыстарды қорғау, сараптамалық лабораториялардың әдіс-тәсілін тереңдетіп көрсету. 
Жоба - бұл жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады [7].
· Техникалық жоба - конструкциялық құжаттаманың бұйымды жасау кезіндегі 3-ші стадиясы (эсқиздік жобадан кейін) оған мына этаптар жатады:
· жалпы құрастыру сызбасын аяқтау, шасси пакетін жасап шыгару, агрегаттар конструкциясын жасап шығару;
· Нобай жоба - бұйымды жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманы жасаудың 2-ші сатысы (техникалық ұсыныстан кейін) - мынадай кезендер жатады: - эскиздік құрастыру сызбасы, ізденіс макеттерін құру, ішкі және сыртқы пішімдеу; - бұл конструкциялық құжаттар мен пішіндердіқ жиынтығында, ол жолаушылар мен жүргізушінің орналасуы, бұйымның сыртқы және ішкі пішіндері туралы толық көрініс беретін қорытынды техникалық шешімдер болуы керек
1. ЖОБАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.1 ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ
Мазмұны (тізім мен беттері көрсетіледі)
1 Кіріспе
1. 1 Жобаның қысқаша негіздемесі
Жобалау саласындағы шынайы жағдайға шолу жасау, кемшіліктерді, қарама-қайшылықтарды, мәселелерді айқындау.
Жалпы түрде мәселелерді шешу немесе жағдайды жақсарту жолдары көрсетілетін жобаның идеясы.
1.2 Жобаның мақсаты мен міндеттері
Жобаның мақсаты – мәселелерді шешуде жаңа педагогикалық немесе басқару жүйесі.
Жобаның міндеттері – жобаның мақсатқа жету жолдары, негізгі әдіс-тәсілдері.
1.3 Күтілетін нәтижелер
Әр міндеттер бойынша қалыптасады.
2 Жобаның негізгі мазмұны
2.1 Теориялық негіздемесі.
2.2  Жоба өнімінің сипаттамасы.
2.3 Жобаны жүзеге асыру іс-әрекетін жоспарлау (өнімді құрудағы міндеттер кешені мен жұмыс түрлері).
3 Жоба тиімділігін бағалау критерийлері
Жобаны жүзеге асыру жобалау саласында жағдайдың түзелуіне әсер етіп, мәселені шешуге септігін тигізетін белгілер.
4 Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер, болуы мүмкін қиындықтарды болжау (материалды, техникалық, кадрлық ресурстар)
5 Глоссарий
6 Қолданылған әдебиеттер тізімі:
а) ҚР нормативті актілері;
б) ғылыми-әдістемелік баспалар.
7 Қосымша
7.1 Жобаны жүзеге асыру жоспары.
7.2 Алгоритмдер , сызбалар, диаграммалар.
7.3 Пікірлер, рецензиялар, дайын материалдар (болған жағдайда).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет