Сұлтанқожаұлы Майлықожа дастандарын сыныптан тыс оқыту жолдары
Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Патша мен үш ұры», «Аңқау мен қу», «Жақсы найып», «Зәйіт ұры», «Зарқұм», «Әбділлә бала», «Әмір Әмзе», «Ысламнама» сияқты дастандары бар.
Осы шығармаларды сыныптан тыс оқытуда әдеби конференциялар, әдеби викториналар, бәйге жарыстар, әдеби ойындар, сыныптан тыс оқулар, оқырмандар конференциясын өткізуге болады.
Әдеби конференциялар
Майлықожа Сұлтанқожаұлының дастандарын сыныптан тыс оқытуда «Майлықожаның діни сарындағы дастандары» деген тақырыпта әдеби конференция өткізуге болады.Бұл конференция бойынша мынадай тақырыптар қамтуға болады:
«Зарқұм» дастанын жырлаған Майлықожа.
Ақынның дастандарындағы Омар, Оспан, Әлі,Үбайда, Күлзейнат, Әмір Әмзе, Әбділлә сияқты дін қайраткерлерінің іс-әрекеттері.
«Жақсы найып» дастаны «Тотынама» жинағының сюжеті негізінде жырланған дастан.
Сыныптан тыс оқулар
Жалпы сыныптан тыс оқулардың басты мақсаттарының бірі-кітаппен жұмыс істеуге үйрету болып табылады.Сыныптан тыс оқу сабақтарын өткізу кезінде кабинетте, кітапханада «Сыныптан тыс оқу» бұрышын ұйымдастыруға болады.Оқушыларға оқуға ұсынылатын кітаптар тізімін сынып бойынша көркем етіп іліп қою керек.Онда кітаптың авторы, кітаптың, шығармалардың аты,баспасы, шыққан жылы, кітапты қайдан алуға болатыны көрсетіледі.Мысалы:
Авторы
|
Кітаптың, шығармалардың аты
|
Баспасы, шыққан жылы
|
Кітапты қайдан алуға болады
|
Әсілхан Оспанұлы
|
Кітаптың аты: Майлықожа
Шығармалардың аты:
«Патша мен ұры», «Зәйіт ұры».
|
2005
|
Мектеп кітапханасынан
|
Оқушыларға оқыған шығармалары есіңде қалуы үшін шығармалардағы басты кейіпкерлерді, негізгі оқиғаларды арнайы күнделік-дәптер ашып жазуын тапсырамыз.
Авторы
|
Кітаптың аты
|
Қашан оқыдым
|
Басты оқиғалар
|
Негізгі кейіпкер
|
Өзіме ұнағандары
|
Бәйге-жарыстар (конкурстар)
1.Майлықожа Сұлтанқожаұлының дастандарын мәнерлеп жатқа оқу;
2. Майлықожа дастандарындағы оқиғаларды суреттеп салу.
Осындай бәйге-жарыстар өткізуге болады.
Әдеби викториналар
Викториналық сұрақтарды «Мектеп тынысы» бұрышына іліп қоямыз. Оқушылар сұрақтардың жауабын арнайы жәшікке хат тұрінде жазып салады. Майлықожа Сұлтанқожаұлының дастандарына байланысты мынадай викториналық сұрақтар қоюға болады:
Майлықожа Сұлтанқожаұлы қай дастанында өтіріктің өрге жүзбейтіндігін, шындық ашылмай қалмайтындығын, әрдайым аққа Құдай жақ екендігін айтып, түбінде адалдықтың үлкен абыройға жеткізетінін насихаттайды?
«Жақсы найып» дастаны қандай сюжетке құрылған?
Майлықожа Сұлтанқожаұлының бүгінгі таңда жинақталып баспа бетін көрген діни дастандарының саны?
Әдеби ойындар
Әдеби ойындар әсіресе, 5-8 сыныптарда қызықты болады. Майлықожа Сұлтанқожаұлының дастандары туралы « Дастан кейіпкерлерін көрсет», «Кейіпкерді тап», «Дастан туралы бәрін білемін» деген ойындарды өткізуге болады.
Оқырмандар конференциясы
Оқырмандар конференциясын «Дастандар әлемінде», «Майлықожа Сұлтанқожаұлының дастандарындағы діни мазмұн», «Майлықожа дастандарының басқа дастандармен ұқсастығы» деген тақырыпта өтуге болады.
Майлықожа Сұлтанқожаұлының дастандарын сонымен қатар сахналық көріністегі сабақ, композициялық сабақ қылып оқытуға болады. Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Аңқау мен қу» дастанын сахналық көрініс ретінде қоюға болады.Бұл дастандағы кейіпкерлер: аңқау, қу, қазы, ата.
Достарыңызбен бөлісу: |