Ғылыми жоба Тақырыбы: «Ағылшын тіліндегі мультфильмдердің кішкентай баланың сөйлеу дағдысына әсері»


Мультфильмнің-бала өміріндегі рөлі



бет3/4
Дата25.09.2023
өлшемі29,81 Kb.
#110155
1   2   3   4
2.1.Мультфильмнің-бала өміріндегі рөлі


«Мультипликация» термині (тура аудармасы – көбею) біздің кинода «анимация» терминінің синонимі ретінде қолданылады. Латын тілінен аударғанда – «anima» түсінігі «душа» дегенді білдіреді. Олай болса, «анимация» дегеніміз «жан бітіру» немесе «тірілу» дегенді білдіреді. Мультфильмдер – кино өнерінің ерекше турі. Оны мультипликаторлар жасайды, кейіпкерлерді жасау үшін олар түрлі материалдар мен техникаларды қолданады, ал «тірілту» кадрларды жылдам алмастыру арқылы іске асырылады.

Қозғалыс иллюзиясын жасау үшін кейіпкер қозғалысының түрліне фазадарын пленкаға түсіреді. Мұндай пленканы қолымызға алып қарасақ, әрбір кадрда кейіпкер біртіндеп қимылын өзгерте бастайды, бұл пленканы экрандағыдай секундына 24 кадр жылдамдықта көрсетілгенде көрермен кейіпкердің қозғалғанын байқайды. Бұл иллюзия көз қабығы көз алдындағы бейнені келесі бейне келгенше сақтау қабілетіне негізделген.


Мультфильмдердің орындалу тәсіліне қатысты түрлері:


Суретті мультфильмдер – осы күнге дейін ең танымал тәсіл. Бұрын мультиктердің суреті қолмен салынса, қазір компьютермен салынады.
Қайта жасау – анимацияның қарапайым түрі, мұнда кейіпкерлер бөліктерге бөлініп, әр бөлігінің қимылы жасалады. Бұл мультфильмдер де суретті мульмфильмге жатады.
Қуыршақ анимациясы — ауқымды мультипликация әдісі. Мұны жасауда сахна макеті және әртіс қуыршақтар қолданылады.
Ермексаз мультфильмдері – бұл да қуыршақ анимациясына жатады. Барлық фигуралар әрбір қимылда ерекше ермексаздан жапсырылады. Ерекше ермексаз лампа астында ерімейді.
Шарнирлі анимация – мұндағы кейіпкерлер жалпақ фигуралар, олардың қозғалмалы бөліктері шарнирге бекітілген.
Сұлбалы анимация – көлеңкелер мультфильмі, мұнда жарық астынан түсіріледі.
Құмды анимация – құм, кофе немесе дәндермен сурет салу.
Компьютерлік анимация – бұл бүгінгі күнгі ең танымал бағыт, әсіресе 3D мультфильмдері. Олар бейнелерді көлемді етеді.

Сонымен қатар мультфильдерді көрерменіне қатысты бөледі:





  • ересектерге және балаларға арналған

  • кеңестік және заманауи

  • отандық және шетелдік

  • дамытушы және білім беруші

Шетелдік мультфильмдердің немесе бағдарламалардың жасалу технологиясы өзгеше, балаларды қызықтыру өте жақсы ойластырылған. Шетелдік дүниелер балалардың орнынан тапжылмай көруіне арналып жасалған деуге болады. Ата-аналардың айтуына қарағанда, балалар түгілі әлгі мультфильмдердің ересектерді де еріксіз өзіне тартып алатын әсері күшті. Балаларға арналған мультфильм деген дүниенің ішінде кәмелетке толғандар ғана білуге тиісті бірталай ақпарат айтылады. Оны бала бірден түсіне алмағандықтан, оны ата-анасынан, болмаса өзінен ересектерден сұрайды. Алған жауабына байланысты балаларда әртүрлі түсінік қалыптасуы мүмкін және сол түсінік балалардың өмірінде кей жағдайда шешуші рөл атқарып жатады. Мысалы, жоғарыда айтылған телеарналардағы мультфильмдерді көретін сана-сезімі толық қалыптасып үлгермеген балаларда бірнеше жағымсыз мінез-құлықтың белгілерін байқауға болады. Біріншіден, олар сол мультфильмдердегі кейіпкерлердің (мысалы, ұсқынсыз Арнольд, Хельгалар) терминдерімен сөйлеуге ұмтылады. Және өздеріне қызық көрінгендіктен сол әрекеттерін дұрыс деп ойлайды. Екіншіден, бала ағзасына пайдалы болып табылатын таза ауада серуендеу, спортпен айналысу сияқты қажетті шараларды кері ысырып қойып, бос уақытының барлығын теледидардың алдында өткізеді. Демек, қазіргі балалар таза ауадағы ойын мен спортты теледидардағы түрі ұсқынсыз мультфильм кейіпкерлеріне ауыстырды деп есептеуге болады. Үшіншіден, теледидарды тапжылмай көру баланың денсаулығына міндетті түрде кері әсер етеді. Төртіншіден, отандық телеарналар әзірлеген бағдарламалардағы ерекшеліктерді байқамайды, себебі ол арналарды мүлде қарамайды, тіпті елімізде қандай арналар бар екенін білмейтін балалар да аз кездеспейді.

Қазіргі таңда балалардың назарын аудару қиын. Ал мультфильмдерде ұлттық, тәрбиелік мән-мағына аз. Бұны ретке келтіру үшін балалардың ішін пыстырмайтыдай, аз ғана уақыттық, қысқа да нұсқа мультфильмдер түсірілу керек. Өйткені, кішкентай баланың ұзақ уақыт көріп отыруға шыдамы жетпеуі де мүмкін. Және ең бастысы отандық туынды шығарғанда, өткен тарихымыздағы есімдері аңызға айналған тұлғалар туралы болып, оның еш боямасыз, шынайы келбетін бейнелеу- балаларды қызықтыруы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет