Зерттеу мақсатым:
Қазіргі заман талабы шет тілін үйрену, көп тілді меңгеру өзекті болып отыр, ғаламтор желісі дамығаннан кейін кішкентай балалардың көбісі шетелдік мультфильмдерді көруді,соларға еліктеп, шетел тілінде сөйлеуді қызықтыру осы зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі:
Ағылшын тіліндегі мультфильмдер кішкентай балалардың сөйлеу мәнерінің өзгеруіне зор үлесін қосып жатыр.
Зерттеу құралдары:
Ғылыми әдебиет, ғаламтор, баспасөз материалдары.
Зерттеу әдістері:
Бақылау, сарамандық жұмыс, салыстыру, сараптау, қорытындылау.
Зерттеудің маңызы:
Ағылшын тілінің баламен байланысын, шет тіліндегі мультфильмдердің баланың қоршаған ортасына қосу. Осы тақырып бойынша балаларға ағылшын тілінде мультфильмдердің көмегін көрсету.
Зерттеу объектісі:
Ағылшын тіліндегі мультфильмдер.
Ғылыми жұмыс бойынша ұсынысым:
Телебағдарламаларды көруге арналған уақытты қатаң шектеңіз. Теледидар алдында күніне 1-2 сағаттан артық уақыт өткізу керек;
Апта ішінде көргіңіз келетін бағдарламаларды алдын-ала таңдаңыз, тек ақпараттық мультфильмдер мен фильмдерді таңдаңыз;
Мультфильмдерді ересектермен бірге көріңіз;
Теледидар көретін бөлмеде кітаптар мен үстел ойындарын сақтауды ұмытпаңыз;
Түскі немесе кешкі ас кезінде теледидар көрмеңіз, өйткені кешкі шай ішу-бүкіл отбасы үшін жалғыз мүмкіндік;
Егер теледидар отбасындағы жанжалдың қайнар көзіне айналса, оны өшіріңіз,
Көбінесе отандық мультфильмдерді көруге тырысыңыз.
I. Кіріспе бөлім
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»
Мұхтар Әуезов
Экран алдындағы жасөспірімдерді қызықтырып, өздеріне баурап алатын, әрине, мультфильмдер. Жасөспірімдер экранда берілетін қызылды-жасылды суреттерден, олардың әртүрлі іс-қимылдарынан, сюжеттерінен сонымен бірге сөйлеген сөздеріне қарап тәлім алатындығы белгілі. Олар сүйікті кейіпкерлерінің жағымсыз немесе жағымды бейнелерін қайталауға тырысады. Сондықтан да, қазіргі таңдағы мульфильмдердің бала тәрбиесіндегі маңызы зор.
Шет елдерде көптеген ата-аналар бала тәрбиесінде отандық мульфильмдерге ерекше мән береді. Отандық мультфильмдер арқылы балалар, өз елдерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық белгілерін бала күнінен бойларына сіңіреді. Сонымен қоса, білім саласында да ,мәселен, математиканы, географияны, әр түрлі тілдерді үйретеді. Олар отандық мультфильмдерді ғана көрсету арқылы, өскелең ұрпақтың бойына отанға деген сүйіспеншілік сезімін жандырып, ұлттық идеологиясын ұқтырады.
Ал бүгінде Қазақстандық балалардың көпшілігі шетелдік мультфильмдерді тамашалайды. Себебі, теледидардағы отандық каналдарда, радио толқынында да, ғаламтор желісінде де барлығы шетелдік мульттоптамалар. Тіптен еліміздегі сауда дүкендерінде шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлерінің кескіндерінен ойыншықтар да жасап шығарған. Олардың мультфильмдерінің кейіпкерлері жақсы жарнама арқасында өз елдерінде ғана емес, бүкіл әлемге танылуда. Яғни, өскелең ұрпақтың бойына өзге елдің идеологиясын сіңірудеміз. Әр елдің идеологиясы, ұлттық ұстанымдары басқа болғандықтан, шет елдің мультфильмдерінің негізгі мазмұны біз үшін жат болуы әбден мүмкін.
Тікелей олардың мазмұнына келсек ақылға қонымсыз, тіптен кейде үлкен кісінің өзін шатастырып жібереді. Алайда олар бүгінде көп сұранысқа ие брендке айналып отыр. Мысалы, «Аватар», «Супермен», «Маша және аю», «Том мен Джерри», «Тасбақа-нидзиялар», «Шрек» тізе берсек өте көп.
Оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың қайнар көзі-отбасы, мектеп, кітаптар, құрдастарымен қарым-қатынас, БАҚ (теледидар, радио, газеттер). Соның ішінде теледидар тілдің құндылық параметрлерін қалыптастыруға белсенді әсер ететін ең жаппай және қол жетімді ақпарат құралы болып табылады. Көптеген шетелдік мультфильмдер мен компьютерлік ойындарда ант сөздер, қатыгездік элементтері, қатты агрессия бар. Мұның бәрі балалардың сөйлеу тіліне теріс әсер етеді. Бұл мәселе дереу шешуді талап етеді. Қазіргі таңда балалардың назарын аудару қиын. Ал мультфильмдерде ұлттық, тәрбиелік мән-мағына аз.
Достарыңызбен бөлісу: |