Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері ғылыми жоба тақырыбын таңдау



бет1/7
Дата21.08.2023
өлшемі27,3 Kb.
#105429
  1   2   3   4   5   6   7

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ



  1. ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ



ТАҚЫРЫП- мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.
Тақырыпты таңдау ережесі:
Ғылыми жарысқа келесі жұмыстар ұсынылады:

  1. Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;

  2. Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді , өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;

  3. Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;

  4. Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;

  5. Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.



Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі

  1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.

  2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

  3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.

  4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.

  5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.

  6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.

  7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.

Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:

  • алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;

  • бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;

  • тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек.

  • таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;

  • зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет